Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек ақы қорын жоспарлау

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Lt;variant> D) Жерді жер қойнауын пайдалану мақсатымен алғаны үшін төленетін төлемақы.
  3. Аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының тізімі
  4. аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының тізімі
  5. Аралық бақылауға дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  6. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
  7. Асқынулары. Операция уақыты.
  8. Бақылау объектілерінің тізімі
  9. бақылау» пәнінен сұрақтар
  10. Бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi

Еңбек ақыны жоспарлауға персонал критерий бойынша қор және орташа айлық жалақыны анықтау кіреді.

Еңбек ақының жспарлы қоры – бұл тарифтік ставка, жалақы және жеке бағалау бойынша жұмысшыларға төленетін жоспарлы кезеңге қарастырылған ақша соммасы, сонымен қатар еңбек ақы қорынан сый ақы және негізгі еңбек ақыға кіретін қосымша төлемдердің барлық түрі.

Еңбек ақы қорын жоспарлау еңбек нәтижесін индивидуалды жақсартуға және кәсіпорынның қызметінің соңғы қорытындысының жақсартуға персонал қызығушылығын жоғарлауын қамтамассыз ету керек.

Еңбек ақы қорын жоспарлаудағы бастапқы мәліметтер:

- өндірістік бағдарлама;

- бұйым, бөлшек бағалау,өнім еңбек сыйымдылығы туралы

мәліметтер;

- қызметкерлердің кәсіби және квалификациялы құрамы көрсетілген

категория бойынша қызметкерлер саны;

- бөлшекке, бұйымға баға;

- тарифтік жүйе;

- жұмысшылар, мамандар және қызметкер жетекшілерінің штаттық

тізімі;

- еңбек ақы жүйесі және қолданбалы нысандар;

- қызмет көрсету нормалары;

- еңбек ақы және еңбек бойынша заңдық актілер;

Еңбек ақыны жоспарлау қорын есептеуде келесі әдістер қолданылады:

- бекітілген;

- тікелей есептеу (орташа еңбек ақы бойынша)

- нормалық (теңестірілген және өсімді)

- элемент бойынша

 

Бекітілген есептеу формуласы:

 

ФЗПпл = ФЗП б х К о +/- Э х ЗП ср

 

Мұнда ФЗПпл – жоспарланған жылғы еңбек ақы қоры; ФЗПб – базистік жылғы еңбек ақы қоры; Ко - өндіріс көлемі өсуінің коэфиценті, берілген жыл өндірісінің жоспарлы көлеміне базис жылындағы өндіріс көлемі қатынысына тең; Э – жоспарлы жылдағы технико – экономикалық көрсеткіштерінің факторларына байланысты сандық өзгерістер;адам; ЗПср-базистік жылдағы бір қызметкердің орташа жылдық еңбек ақысы;

Тікелей есептеу әдісі персонал категориясы бойынша жоспарлы санның және оның орташа жылдық еңбек ақысын анықтауға негізделген.

 

Еңбек ақы жоспарлы қорының формасы:

 

N

ФЗПпл =∑ Зп iпл х Чр iпл,

i=1

 

мұнда, ЧРіпл – персонал і категориясының жоспарлы саны, адам; ЗПіпл – жоспарлы кезеңдегі і категориялы персоналдың бір қызметкерінің орташа жылдық еңбек ақысы, р.; і = 1,2,3...,n – персонал категориялары.

Орташа жылдық еңбек ақыны жоспарлау есептік кезеңдегі жеткен, оның базалық деңгейін ескеру қажет.

Нормалық әдіс еңбек ақы қоры нормалық қалыптасуын пайдалануға негізделген.

Еңбек ақыны жоспарлау қоры нормалық әдіске теңестіргенде жоспарлы кезеңдегі өнім көлемі бірлігіне кеткен еңбек төлемінің жоспарлы нормалық шығын бекітілуімен анықталады.

Есептеу мына формуламен есептелінеді:

 

ФЗПпл = ВП пл х Н зп

 

мұнда, ВПпл – жоспарлы өнім көлемі; Н зп – теңге немесе өнім көлемі норма-сағат бойынша еңбек төлемінің жоспарлы норма шығыны.

Еңбек ақы өзгеруі өндірістік еңбегінің өсу факторының әсерінен орташа еңбек ақының жоспарлы өсімі анықталады, формуласы:

 

N

∆ ЗП ср = ∑∆ПТ і х Н і

і =1

 

мұнда, ∆ПТ іі факторы бойынша өндіріс еңбегінің жоспарлы өсімі, %; Н і-і факторы бойынша өндіріс еңбегінің бір пайыз жоғарлауына орташа еңбек ақы өсімінің нормасы, %; і = 1,2,3,...,n – технико – экономикалық факторлар саны.

Еңбек ақы қоры өсімінде нормалық әдіс өнім көлемін (∆Н зп) өсуінің әр пайызы бойынша еңбек төлемі шығын өсімінің нормалық жоспары арқылы анықталады.

Есептеу формуласы:

 

ФЗПлл=ФЗПб+/- ∆Вnх∆зп х ФЗП

 

мұнда, ∆ ВП пл – базистік жылға қатысты өнім көлемі өсімінің жоспарлы пайызы.

Бұл әдіс еңбек ақының базалық қорына негізделген, сондықтан кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсартуға персоналды ынталандырмайды.

Элемент бойынша әдіс еңбек ақы қоры жоспарында еңбек ақы формасын және оның жұмысын сипаттау есебінде, әр түрлі категория жұмысшылары үшін нақты есептеуді талап етеді.

Жұмысшылар еңбек ақы қоры сағаттық, күндік және айлық (квартал, жыл) болып бөлінеді.

Еңбек төлемінің сағаттық қоры жұмыс істеген уақыт төлемімен байланысты. Оған кіретіндер:

- жұмыстың жоспарлы көлеміне жеке бағалау бойынша төлем;

- жоспарлы көрсеткіштердегі жеке сый ақы және жеке – прогресивті жүйесі бойынша сый ақы;

- жоспарлы көрсеткіштердегі уақытша жұмысшы сый ақысы;

- жоспар бойынша кешкі, түнгі сағат,бойынша төлем;

- бригаданы басқарғаны үшін босатылмаған бригадирлер төлемі;

- жоспар бойынша оқушыларды оқытқаны үшін төлем;

Еңбек ақының күндізгі қорына келесілер жатады:

- еңбек ақы қорының барлық сағаты;

- жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс күніне қосымша төлем;

- балалы әйелдер жұмысының үзілісіне төлем;

Еңбек ақының айлық қорына жататындар:

- еңбек ақының барлық күндізгі қоры;

- қосымша демалыстар төлемі;

- мемлекеттік және қоғамдық орындағаны үшін төлем;

- көп жылдық жұмыс үшін төлем;

- демалыс жәрдем ақы;

- басқа кәсіпорындарға немесе оқуға кеткен қызметкер еңбек ақысы;

Жұмысшылар еңбек ақы жоспарлауында көрсетілген тәртіп қордың шығындалмауын бақылауға және есеп жүргізуге көмектеседі.

Сол үшін еңбек ақы қорын тек кәсіпорын бойынша емес, сонымен қатар цех, жеке аудан бойынша анықталады.

Қызметкерлердің еңбек ақысының жоспарлы сағаттық қорын есептеу.

Сағаттық қордың негізін тікелей еңбек ақы құрады, ол бағалау бойынша жеке төлем және тариф бойынша уақыттық деп бөлінеді.

Қызметкерлердің еңбек ақысының тікелей қорының бағалауы бойынша жеке төлемі мына формуламен анықталады:

 

N

ФЗП сд = ∑ В inл х Р і,

і =1

 

мұнда В іпл – і бұйымының жоспарлы саны, і – і бұйымына жеке бағалау; і = 1,2,3...n – бұйым саны.

Бұйым бірлігінің жеке бағалауы барлық операция бойынша жеке бағалау соммасын құрады,ол бір бұйымды дайындайтын техникалық процесспен қарастырылған.

Жеке бағалау былай анықталады:

- шығару нормасы (шт) жұмыс разрядының тарифтік ставкасы қатынасымен массалық және ірі сериялық өндірісте;

- өнім бірлігіне (сағ) немесе операция уақыт нормасы жұмыс разряды бойынша тарифтік ставкашығармасы сияқты жеке және ұсақ сериялық өндірісте;

Ұсақ сериялық өндірістің жеке еңбек ақы қорының тікелей есептеуінің келесі әдісіне пайдаланса болады:

 

ФЗП сд = Т х Т ср,

мұнда, Т - өнім шығарушының жоспарланған еңбек сыйымдылығы. ТС ср -орташа сағаттық трифтік ставка, анықталатыны орташа өлшенген көлемі;

 

N

∑ ТС і х У рі

і=1

ТС ср = ________________________

мұнда, ТС і – і разрядты сағаттық трифтік ставка; У рі - і разряды жұмысшыларының жеке салмағы,%; і = 1,2,3,...n – разрядтар саны.

Қосымша жұмысқа еңбек ақы тарифінде бекітілген тариф ставкасының барлығы кіреді.

 

П сд = ФЗП т х К

мұнда,П сд – жеке қосымша жұмыс соммасы; К – шығару нормасын орындауының жоспарлы пайызы.

Жұмысшыларға еңбек ақы бекітілген жалақы бойынша төленеді, тариф бойынша еңбек ақы қоры жалақыны жұмысшылар санына немесе жоспарлы кезеңдегі жұмыс ай санына көбейту арқылы анықталады.

Жеке және трифтік еңбек ақы қорын анықтаған соң, сағаттық қорқосымшасын есептейді. Еңбек ақы сағаттық қорына қызметтегі сый ақы жағдайының жоспарлы көрсеткішінің орындалуы бойынша сый ақы кіреді. Оның мөлшері жұмысшылар тобы бойынша бекітіледі, жеке еңбек ақы және сый ақы пайызы бойынша формула:

 

З пр = ФЗП сд х П пр З пр = ФЗП т хП пр

100 100

 

мұнда, З пр – сый ақы жүйесі бойыша қосымша төлем соммасы; ФЗП сд - жеке бағалау бойынша еңбек ақы ФЗП т – тарифтік ставка және жалақы бойынша еңбек ақы; П пр – еңбек ақы тарифтік ставкасының сый ақы пайызы.

«Тар аудандар» өндіруде, дайын өнім шығартын, жеке – прогрессив бойынша еңбек ақы қорын жоспарлайды.

Шығарылған база және қабылданған тізбек бойынша жұмысшы еңбек ақы соммасын еңбек ақы қоры жеке – прогрессивті жүйесі бойынша мына формуламен анықталады:

 

З сп = ЗП о х П б х К р

Б

мұнда, З сп - жеке – прогрессивті жүйе бойынша еңбек ақы соммасы; ЗП о – жеке – прогрессивті жүйе бойынша төленетін, негізгі бағалау жұмысының еңбек ақысы, Б – шығарылған база орындалу пайызы; П б - шығарылатын базаның артық орындалу базисы; К р – негізгі бағалаудың көбею пайызы.

Жұмысшы еңбек ақысының бір күндік қорын жоспарлауын есептеу.

Бір күндік еңбек ақы қорын есептеу үшін (ФЗП д) сағаттық еңбек ақы қорынан басқа жас өспірімдер қысқартылған күннің және балалы әйелдер жұмысы үзілісіне жлақыны есептеу қажет.

Әйелдер қосымша жалақысы еңбек ақының орташа сағаттық оның санына көбейту арқылы және жоспарлы кезеңдегі жеңілдік сағаттар санымен анықталады.

Жас өспірімдердің бір істелінбей қалған сағаты жастар тариф ставкасының орташа сағаттың жас өспірімдер санына және жоспарланған кезеңдегі жұмыс күні санына көбейту туралы анықталады.

Жұмысшылар еңбек ақысының жоспарланған айлық қорын есептеу.

Айлық еңбек ақы қорын есептеген кезде күндік еңбек ақы қорымен қатар қосымша жалақы тізбегі қосылып есептеледі. Жұмысшылардың еңбек ақы жоспарын айлық қорын құратын барлық элементтерді қосып, оның көлемін аламыз.

Көп жыл істегені үшін пайыздық зейнеттендіруді жоспарлау жұмыс стажын көбейту:

З в = ЗП т х М в

 

мұнда, З в –көп жыл істегені үшін төлем соммасы; ЗП т – сол топ жұмысшыларының тарифі бойынша еңбек ақы; М в – еңбек ақы тарифі бойынша қосылған зейнеттендірудің пайыздық түріндегі мөлшері.

Қызметкерлер мен мамандардың еңбек ақысын жоспарлау.

Бұл категория персоналдарының еңбек ақы қорын есептеуінің негізі бекітілген штаттық күнтізбе және лауазымдық жалақы мөлшерін әр қызметтегі санына сәйкес жалақысы мен бір жылдағы айға көбейту арқылы анықтаймыз.

Демалыс, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақытына жалақы есептелмейді, өйткені демалысқа кеткен қызметкердің жұмысын басқа серіктестері атқарады.

Демалыс уақытындағы жалақы қарапайым жұмыс ағымы осы жұмысшысыз атқарылмайтын, қызметкерге төленеді.

Өзінің орынбасарлары жоқ, бастық орнына жұмыс істегені үшін жалақы айырмашылығы жоспарланады. Кейбір кезде еңбек ақы мейрам күндері және түнгі уақытта істегені үшін жалақы қосылады. Осы категория персоналдарының сый ақы төлемі еңбек ақы қорына кірмейді.

Кәсіпорын бойынша жалпы еңбек ақы дегеніміз - өндірістік және өндірістік емес персоналдардың еңбек ақы қорының соммасы.

Жылдық еңбек ақы қоры баланстық және өндірістік жұмыс уақытын кварталдық жоспарға сәйкес квартал бойынша орналастырғанда, мына формула арқылы есептеледі:

 

ФЗП j = ФЗП плсд х В j + У повр х ФВ j + У о х ЗП о j)

мұнда, ФЗП jj квартал бойынша жоспарланған ебек ақы қоры; ФЗП пл -

бір жылдық еңбек ақы қоры; У сд – базистік жылдағы жеке бағалау бойынша төлемнің жеке салмағы; У повр – базистік жылдағы тарифтік ставка бойынша уақыттың төлемнің жеке салмағы; ФВ j – жұмыс уақытындағы жоспарлы жылдық қордың j кварталындағыжұмыс уақыт қорының жеке салмағы; У о – базистік жылдағы жалақының жеке салмағы; ЗП о jj кварталындағы жалақының жеке салмағы.

 

Еңбек ақы түрлері

       
   

 


Негізгі Қосымша

 

Кесімді Мерзімді Демалыс күндер

Жәрдем ақылар

тағы басқалар

 

тікелей кесімді жай мерзімді

кесімді-сый ақы мерзімді-сый ақы

кесімді-прогрессивті

аккордты

жеке адамның кесімді

ұжымдық кесімді

 

 

Еңбек ақының жүйелері мен нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып кәрсететін, сандық және сапалық кәрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбек ақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбек ақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамассыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.

Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі– пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің трифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.

Еңбек ақы мына формула бойынша есептелінеді:

 

ЕА = ЕА + ПУ,

 

мұндағы: ЕА - еңбек ақы;

ТС - біліктіліктік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшерлемесі;

ПУ - нақты пайдаланылған уақыт.

Кесімдіақы төлеу кезінде еңбек өлшемі - жұмысшының өндірген өнімі болып табылатын және белгіленген (тиімді) кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы кездегі жүйеде еңбек өнімінің әрбір бірлігіне есептелінеді, сондықтан да өндірілген өнімнің санына және сапасына тәуелді.

Мына формула бойынша есептелінеді:

 

ЕА = КБ Х ӨМ,

мұндағы: ЕА- еңбек ақы;

КБ- өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;

ӨМ- дайындалған өнімнің мөлшері.

Еңбек ақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:

-қолданатын жабдықтың сипатына;

-технологиялық процестің ерекшелігіне;

-еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;

-материялдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;

-өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Еңбек ақының мерзімдік және кесімді нышаналары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.

Қазіргі кезде еңбек ақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелер кең тараған.

-Еңбек ақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасының сағаттағы (күндегі) пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.

-Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады (қосылады). Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.

Соңғы уақытта, нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу

немесе кесімді мерзімдік еңбек ақы төлеу кең қолданыла бастады. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбек ақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады. Мысалы, егер де жұмысшы неесе бригада 7 сағат нормаланған тапсырмаға сәйкес келетін жұмыс көлемі 6 сағат ішінде орындап шықса, онда ақы оған 7 сағатқа төленеді.

Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).

Еңбек ақы төлеудің кесімді нышаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

-тікелей кесімді;

-кесімді-сыйлық ақы;

-үдемелі кесімді;

-жанама кесімді;

-аккордтық.

Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік стафканы өндірім мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысы уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз;

Кесімді сыйлық ақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшы тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмысты алдын ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді;

Үдемелі кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағамалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде жоғары бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл еңбек ақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.

Еңбек ақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірнеше еңбек ақы төлеудің мердігерлік нышаны кең таралған. Еңбек ақы төлеудің нышанының маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екнші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.

Жанама кесімді еңбек ақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және тағы басқа) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы – істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.

Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбек ақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуын жағдай жасайды.

Ғылыми-техникалық прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбек ақының мерзімдік еңбек ақыға ауысуындғы бет алыстардың пайда блуына мүмкіншлік туғызады. Мұндай еңбек ақы төлеудің нышанын пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбек ақы төлеудің мерзімдік нышаны кезіндегі еңбекті нормалаудың жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.

Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамассыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжірибелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады (мысалы, тоқтап қалу уақытының ақысы, қызметкерлердің кесірінен болмаған ақаулар және тағы басқа). Осыған қарай еңбек ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.

Практикада еңбекке мерзімді және келісімді ақы төлеудің түрлері әр түрлі жүйелер түрінде пайдаланады. Еңбекке ақы төлеу жүйесінің кез- келген құрылымынан екі бөлімді бөліп қарауға болады: салыстырмалы тұрақты -

тарифті ставкаға (қызметтік еңбек ақы) сәйкес келісімді бағаланатын еңбекке ақы төлеудің кепілді бөлімі және айнымалы, өндірістің толық (сый ақы және мадақталатын төлемдер) шаруашылық қызметінің ақырғы қорытындыларымен төлем өлшемін байланыстыруға арналған.

Қазіргі жағдайда өндірістің еңбек ақы төлеу қорын құратын әдістер пайда болды, оларға жүгінетін болсақ онда: істелінген жұмыс және көрсетілген қызмет пен материалды ақшалай қаражат пен материалды шығындар ақшалай қаражатпен төленген міндетті төлемдер, есеп шотына түскен осылардың айырымы еңбек төлеу қорын құрайды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу қорынан ақшалай қаражатты үлестірудің келесі реті қарастырылады:

- кепілді төлем, яғни еңбек ақы төлеудің заңмен орнатылған минималды көлемі;

- еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға кепілді төленетін еңбек ақы;

- мамандық баллмен орнатылған ға сәйкес басқа жұмысшылардың еңбек ақы төлемі;

- қосымша төлемдерді, үлестерді, сый ақыларды басқа да материалды себеп көрсеткіштерін төлеу;

Осылайша, негізгі жұмыс атқарушыларға жұмыс үшін заңмен қарастырылған минимум еңбек ақы беріледі, ол қосымша төлемдер, үлестер және сый ақылар (жеке-дара және ұжымдық) еңбек ақы төлеу қорынан алдыңғы қатардағы барлық талаптарды қанағаттандырғанда және үлестірілмеген ақша қаражатының бар болғанын да беріледі. Еңбекке ақы Төлеу Қорында берілген әдісте жоқ. Ол «қалдық» бойынша туындайды.

Жоспарлы еңбек ақы төлеу қорын ұйымдастырудың басқа нұсқаларына мысалы: мыналар жатады: әндіріс жұмыскерлерінің Еңбекке ақы Төлеу Қорында өндірістің іс жүзіндегі кірісі мен шығысын ескере отырып іске асырылған тауар көлемі, көрсетілген қызметтің 5%-ке дейінгі есебінен құрылады.

Еңбекке ақы төлеу қаражаттарын өндірістің құрылымдық бөлімдері бойынша (цехтар, бөлімдер, қызметтер, бөлімшелер және тағы басқа) жоспарлау әдістері негізінен кейінгі жылдары қалыптасты және олар толық өндіріс бойынша еңбекке ақы төлеу қорын жоспарлау әдісіне тәуелді.

Яғни, соңғысы әр бөлімшенің бөлшектік есебімен, нәтижелерді қосу арқылы анықталса, онда ешқандай жағымсыз мәселе туындамайды, себебі өндіріс бойынша толық еңбек ақы қоры,оның бөлімшелері бойынша қорлар қосындысынан тұрады. Бұл жерде туындайтын жалғыз мәселе бөлімшелердің әр қайсысында жұмыстың еңбек көлемі өзгерген жағдайда, олардың арасындағы қорларды жедел реттеу болып табылады.

Өндіріс бойынша еңбек ақы қоры толық нормативті немесе басқа іріленген әдіспен анықталатын болса, онда оны бөлімшелер арасында үлестіру келесі әдістердің бірімен жүзеге асады:

-әр бөлімшеге құрылған еңбек ақы нормативтер негізінде.

Бұл жағдайда нормативтер бір өнімге теңге есебінде, не оның құнының пайызы ретінде орнатылады. Бөлімшенің өнімі өндіріс үшін ақырғы болмаған жағдайда оған зауыттық бағаны орнату қажет болады.

-еңбек көлемін пропорционалды өзгеруі. Егер мұндай

өзгерулер болса, мысалы: егер базалық кезеңге сәйкес А бөлімшесінің өнім еңбек көлемі 7% көбейсе, ал Б бөлімшесінде ол 3% -ке төмендесе, онда сәйкесінше бөлімшенің еңбек ақы қоры көбейеді. (кішірейеді)

-қызметтің ақырғы нәтижесінде бөлімшелердің еңбек үлесі

коэффициенттері негізінде, өндіріс үшін құрылған қорларды үлестіру жолымен.

- жоғарыда көрсетілген әдістерді әр түрлі үлестіру негізінде.

Өндіріс бөлімшелері қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлеуге қаражаттарды жоспарлау (құру) мәселелері толық Қазақстан Республикасы Минеңбектің Ғылыми Зерттеу Институты еңбек ұсынуларында қарастырылған. Сонымен бірге ескеретін жағдай: күйреу жағдайларымен немесе нарық коньюктурасының өзгеру режимдарына байланысты ойламаған еңбек шығындарын төлеу үшін өндірісте еңбекке ақы төлеудің қосымша қорларын құру қажет.

Нарық экономикасында еңбекке ақы төлеу, ставкалар, жалақы, еңбек шығындар нормалар жүйесі, зейнетақы төлеу, әртүрлі жеңілдіктер ең басты шарттар болып табылады – олар бүтіндей жұмыс берушінің жұмыс күшіне және еңбекке ақы төлеу шығындарын анықтайды. Осылайша, еңбек ақы қоры, мадақтау қоры немесе кез-келген басқа қор еңбек ақыны ұйымдастыру элементі ретінде қажетсіз болды.

Ставка, еңбек ақы, еңбек шығындар нормалары жүйелерін және тағы басқа төлемдер мен жеңілдіктерді құрған кәсіпорын нарық шартында, бәсекеге түсе алатындай, еңбек ақыны орнату кезінде Халықаралық еңбек ұйымы анықтаған талаптарды ескеруі қажет және сонымен бірге өндірістің кезекті кезеңге таңдалған даму стратегиясына сәйкес бәсеке қабілетін қамтамас ететін өзінің ұйымдық құрылымын ескеруі қажет.

Қорытындыласақ, қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қаражаттарын жоспарлау, жоғарыда көрсетілген факторлардан алшақ, орталықтандырылған жоспарлы экономика шартындағыдай емес және көп жағдайда, өндірісті басқрудың функционалды аймағы қиын немесе қиынырақ есеп процедурасына енетін және өндіріс мақсаттары мен мәселелерімен жөнді байланыспаған барлық шығындарды, сонымен бірге жұмыс күшіне де байланысты шығындардың азаюын қамтамас етпейді.

Сондықтан өндіріс бойынша толық адам қорларын жоспарлау қажет(яғни өндіріс мақсатына жету үшін оған қашан, қайда, қанша және қандай аман жұмыскерлер қажет екенін анықтайды) тек осы негізде өндіріске оның қызметкерлері қанша тұратындықтары анықталады.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 117 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері | Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау | Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау | Шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі | ПИТАННЯ ДЛЯ ПОВТОРЕННЯ ТДІП |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.032 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав