Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік - экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.Және үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстваларда тіркеу арқылы заңдастыру жөнінде бір реттік акциялар өткізіп, тетіктерін әзірлеуде.

Сонымен қатар бізге республикамызда тұрақты жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеуде.

Республикамызда жұмысшылар мен мамандардың еңбек ақысын есептеп төлеуге тарифсіз еңбек ақы жүйесін ұсынды. Дұрыс ұйымдастырылған сауатты құрылған критериилер бойынша бұл жұйеге кәсіпорын жұмысшылары тез бейімделіп, оларды жоғары сапалы өнімді еңбек етуге ынталандырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің биылғы жылғы (2006ж, 1 наурыз) Қазақстан халқына Жолдауында «Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру» мәселесіне нақты көңіл бөлініп, еңбек ресурстарын одан әрі дамыту жөнінде нақтылы тапсырмалар берілді. Осы стратегиялық құжатта атап көрсетілгендей, 2007 жылдан бастап халықтың жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейту.

 

Еңбек ақыны төлеудің өзектілігіне байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты: өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру механизімі, нысаны, жаңа жанасуларды негіздеу және сонымен қатар негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы жүйесін зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған:

- нарық экономика жағдайындағы еңбек ақыны реттеудің теориялық негіздерін оқып білу;

- еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілерін қарастыру;

- еңбек ақының тарифтік жүйесін оқып білу;

- еңбек ақы жүйелері мен нышандарын оқып білу;

- «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруын талдау;

- шет елдердің үлгісімен еңбек ақы төлеу жүйесін қарастыру.

Дипломдық жұмысымның ғылыми жаңалықтары ретінде санауға болатын нәтижелері деп төмендегі мәселелерді ерекше бөліп айтуға болады:

- нарықтық реформаларды тереңдету жағдайындағы еңбек ақының экономикаға тән маңызы жинақталып, теориялық жағынан негізделді;

- өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастырудағы шаруашылықтық басқарудың нарықтық механизімінің негізгі бағыттары айқындалды;

- шет елдік тәжірибелерінің талдауы негізінде еңбек нарығында қолданылатын еңбек ақыны реттеудің басты міндеттері анықталды;

- өнеркәсіпте еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен тұжырымдар ұсынылды;

- кәсіпорын ішіндегі еңбек ақының өзгеруін көрсететін жалақы төлеудің жаңа жүйесін жасаудың басты бағыттары айқындалды;

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі отандық және шет елдік экономистердің зерттеу тақырыбының проблемалары бойынша шыққан еңбектері мен заң шығарушы актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша шығарған шешімдері болып табылады.

Жазу барысында «Өндірістік құрал-жабдықтар орталығы» кәсіпорынның жылдық есептері, ғылыми зерттеу мекемелерінің ұсыныстары және нормативтік-анықтамалық материалдары пайданылды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Және тарифтік реттеу | Еңбек ақы қорын жоспарлау | Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы өндірістік –шаруашылық мінездемесі | Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау | Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау | Шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі | ПИТАННЯ ДЛЯ ПОВТОРЕННЯ ТДІП |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав