Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру түсінігі, түрлері және оны өткізу үрдісі.

Читайте также:
  1. D) Бірінші болып сатып алынған /өндірілген/ босалқылардың құнын біріші кезекте есептен шығару көзделеді
  2. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  3. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  4. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  5. II. Участие в Конкурсе
  6. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  7. III. Порядок проведения конкурса
  8. IV. КОНКУРСЫ И ФЕСТИВАЛИ
  9. IV. Программа Конкурса
  10. IV. Сроки и порядок проведения конкурса

 

Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыружәне өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны,тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттіксатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін анықтауы;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстыққұжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болғанкезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруыжәне бекітуі;

4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстықкомиссияның құрамын, конкурстық комиссияныңхатшысын қалыптастыруы және бекітуі;

5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманыбекітуі;

6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсіліментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттіксатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;

7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсіліментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттіксатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнімберушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы,сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтердіконкурстық құжаттаманы алған тұлғалардытіркеу журналына енгізуі;

8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының Мемлекеттік сатып алу туралы Ереженің 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесіналған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманыңережелерін түсіндіруі;

9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқақатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;

10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстықкомиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;

11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттіксатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнімберушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдерінежіберуі;

12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға жәнеконкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуеттіөнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуғаөтінімдерді қарауы;

13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуғарұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердіңтізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманыресімдеуі;

14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқақатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсатберу туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі;

15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстықбаға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуғажіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстықбаға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;

16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарысалынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстықбаға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсіліменмемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);

17) конкурстық комиссияның конкурс тәсіліменмемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі жәнеоған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатыпалуды ұйымдастырушының жіберуі;

18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізгенконкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстыңжеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердімемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 5-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу келесі жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.:

1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;

3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда.

Конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама.

Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.

Конкурстық құжаттамада «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;

5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;

8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;

9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;

10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;

11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;

12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;

13) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;

14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу орны, күні және уақыты;

15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;

16) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;

17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;

18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;

19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:

1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;

2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;

3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды беруді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.

2. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің:

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағандығы туралы;

2) өзінің және тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында аталған Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімі туралы растауды қамтуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiсті мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.

Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші төмендегі шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші онымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Курс пререквизиттері. | Пәннің қысқаша сипаттамасы. | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу | Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу. | Леуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары. | Тақырып. Аукцион арқылы мемлекеттік сатып алулар және оны өткізудің үрдісі. | Тақырып. Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу. | Тақырып. Электронды мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ережелері. | Зін-өзі тексеруге арналған тестілік сұрақтар. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав