Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары.

Читайте также:
  1. Азық-түлік өнімдерін өндіру саласының технологиясы» пəнінен сұрақтар
  2. Бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
  3. Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
  4. Ет өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық және ылғалдылық режимдер
  5. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу.

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың пәні болып табылатын тауарды жеткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға ерік білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға анықталған мерзімде «Мемлекеттік тапсырыс туралы» Заңының 33-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттардыберуі тиіс. Ол ақпараттарға:

· әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;

· әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарын;

· ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.

Аталған Заңның 33-бабының 3- тармақшасынасәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.

· 4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның аталғын бабының 4-тармағы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың біліктілік талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайтынын көздейді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті. Ол «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 34-бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі ақпараттарды қамтиды:

· бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;

· бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

· әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы;

· мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 34-бабының 2- тармағы мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру туралы Ереженің 152- тармағына сәйкес тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды (аталғын Ереженің 153-тармағы).

Аталған Ереженің 151-тармағына сәйкес, егер бір көзден алу тәсілімен тауар, жұмыс, қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптау комиссиясы немесе сарапшы бекітілген болса, тауар, жұмыс, қызметті сатып алу қорытындысы туралы сараптама қорытындысы хаттамаға тіркеледі.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру туралы Ереженің 154-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен тауар, жұмыс, қызметті мемлекеттік сатып алу,егер тауарға, қызметке, жұмысқа баға аталған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан әлеуетті өнім берушінің ұсынғаны жоғары болса, жарамсыз деп есептеледі.

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 31 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Курс пререквизиттері. | Пәннің қысқаша сипаттамасы. | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері. | Тақырып. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру түсінігі, түрлері және оны өткізу үрдісі. | Тақырып. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | Тақырып. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу | Тақырып. Тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу. | Тақырып. Электронды мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ережелері. | Зін-өзі тексеруге арналған тестілік сұрақтар. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав