Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Электронды мемлекеттік сатып алуларды өткізудің ережелері.

Читайте также:
  1. D) Бірінші болып сатып алынған /өндірілген/ босалқылардың құнын біріші кезекте есептен шығару көзделеді
  2. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  3. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  4. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  5. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  6. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  7. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  10. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Электронды мемлекеттік сатып алуды өткізу ережелері 21 шілде 2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасына (әрі қарай Заң), 11қаңтар 2007 жылғы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңдарыменен, 7 қаңтар 2003 жылғы «Электронды құжат және электронды сандық қолы туралы» заңдарыменен сәйкес дайындалған. Ерекше және арнайы тәртіппен жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алулар конкурс тәсілі арқылы, сонымен қатар Заңмен қарастырылған қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртіптері бойынша мемлекеттік сатып алуларға осы ережелер таратылмайды.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында табыс етедi:

1) Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды;

2) Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, веб-портал қатысушы болып табылатын, тапсырысшының веб-портал арқылы ұйымдастырушыға шақыру жібер;

3) конкурстық құжаттаманы қалыптасуы, сондай ақ қажеттілік бойынша сараптамалық комиссия (сарапшы) қалыптастыру және бекіту;

4) тапсырысшымен конкурстық құжаттаманы бекіту;

5) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және веб- портал пайдаланушылардың санынан конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;

6) ұйымдастырушымен веб-порталда электронды конкурсты өткізу туралы хабарды жариялау;

7) әлеуетті өнім берушілермен- веб-портал қатысушылар конкурстық құжаттама оны веб-портал да алу дерегін автоматты тіркейтінін алу;

8) веб-портал арқылы ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілер алған конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру;

9) электронды құжат нысанында беретін электронды конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталында автоматты тіркеу;

10) конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді түпкілікті табыс етудің күні мен уақыты келген кезде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.

11) Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.

12) электронды конкурста қатысуға жіберілген және веб-порталда тиісті жіберу тіралы хаттама жарияланған әлеуетті өнім берушілерді тізімі конкурстық комиссиямен анықталған.

13) Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің электрондық журналына автоматты түрде енгізіледі;

14) Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу өткізілген кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде жасалады және барлық конкурстық комиссия мүшелеріне және конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы хабарлама бере отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланад;

15) ұйымдастырушымен өткізілген электронды конкурс нәтижелері бойынша, тапсырыш берумен электронды конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бекітіледі.

Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

Конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындаайқындалған үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.

Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бірыңғай ұйымдастырушы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.

Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)

Тақырып. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және құрылымының негізгі қағидалары, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.

 

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

Қазақстан Республикасының резиденті емеспен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде көзделген жағдайларда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, оны берген өнім берушілерге қолданылмайды.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар бір қаржы жылынан асатын мерзімге:

1) келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) оларды аяқтау мерзімімен жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстарды;

2) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

4) бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді;

5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау ұзақтығына бай­ланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін. Бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге ғана осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мынадай:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмекті көрсету фактілерінің бірі анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиіс.

Отандық тауар өндірушілермен және жұмыс­тарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Тапсырыс беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледі.

Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 37-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді

Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)

7 Семинар сабақтарының жоспарлары:

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Курс пререквизиттері. | Пәннің қысқаша сипаттамасы. | Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі | Тақырып. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері. | Тақырып. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру түсінігі, түрлері және оны өткізу үрдісі. | Тақырып. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | Тақырып. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу | Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу. | Леуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары. | Тақырып. Аукцион арқылы мемлекеттік сатып алулар және оны өткізудің үрдісі. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав