Читайте также:
|
|
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн, егер:
· қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
· конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
· егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;
· мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
· мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді делінген.
Осылай, мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушіні дербес анықтайды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабының 1-тармағының мазмұнынан көп жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірден өткізуге болмайтындығын көреміз. Көбінесе, мемлекеттік сатып алу баға сұранысын беру және конкурс арқылы өтеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Аталған ереже Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген реттерде, конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайда, сонымен қатар Заңының 32-бабының 4-тармағында көрсетілгендей аталған Заңның 31-бабының 6-8 –тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен істелген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуына әкелмеген жағдайларда қолданылмайды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі.
Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Мемлекеттік сатып алу туралы Ережесінің 142-бабына сәйкес мынадай дәйектііс-шараларды орындауды көздейді:
· тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілінқолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізутуралы шешім қабылдауы;
· тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсіліментауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттіксатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттіксатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
· мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатынтауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердіңтехникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердікөрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттарымен мерзімдерін әзірлеуі;
· тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін,сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердікөрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеушарттары мен мерзімдерін бекітуі;
· мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттіөнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағындакөзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуғақатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
· мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттіөнім беруші ұсынған әлеуетті өнім берушініңбіліктілік талаптарына сәйкестігін, бір көзден сатып алу тәсіліменмемлекеттік сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағанынегіздеуді растайтын құжаттарды қарауы;
· мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатыпалу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманыресімдеуі;
· мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзденсатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердімемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманытапсырыс берушіге ұсынуы.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 173 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |