Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Христиан философиясының дамуының негізгі кезеңдері мен қағидалары.

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. II.Истина приносит мир и уверенность в душу христианина
  3. IV. Христианская этика и светское право
  4. quot;Русские письмена" и гипотезы дохристианских системах письма на территории Восточной Европы
  5. VIII. Разумнее верить, чем не верить в то, чему учит христианская религия
  6. А в христианстве – Рай это, как трактуют, небеса, а ад это как нижний мир – Шиол, Гадес, Пекло.
  7. А в христианстве – Рай это, как трактуют, небеса, а ад это как нижний мир – Шиол, Гадес, Пекло.
  8. А) негізгі құралдар амортизациясы
  9. А) Христианская концепция истории
  10. А. Мень. Христианство

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рухжәне күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — өкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды.

болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңіетек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.

Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңңзы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуга белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.

XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай; индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан ғазеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үмітсеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштіғінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнөдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мұлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді.

Архангел Михаил шіркеуі

Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V—VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмысстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат — шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия жәнемузыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға) арналған арнайы мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав