Читайте также:
|
|
Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс.В.Вундтың энергетикалық жiктеуi. 1898 жылы В.Вундпен рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясынан тәуелдiлiк бойынша классификациясы ұсынылды. Ол механикалық, химиялық және жарықтық сезгiштiктi қабылдауға арналған рецепторлардың келесi үш типiн бөлiп шығарды: 1.механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкiл дененiң бетiнде және iшiнде орналасқан: терiде, бұлшықетте, сiңiрлерде, тамыр қабырғаларында т.с.с. 2.хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгi тобы. Химиялық заттарға сезгiштiк бiрклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгiштiк насекомдардың хеморецепциясына тән. 3.фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi – көздiң өзгеруiмен байланысты болды. Көздiң жетiлуi iшекқуыстылардың жарық сезгiш пластиналарынан бастап, насекомдардың күрделi фасеталық көздерiне дейiн, одан әрi қарай омыртқалардың камералық көзiне дейiн жүзеге асты. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. 1906 жылы ағылшын физиологы Шерингтонмен организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуi шығарылды. Ол сезгiштiктiң үш тобын бөлiп көрсеттi: интероцепция, экстероцепция және проприоцепция.1.Экстероцептивтi деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiктi айтады. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. 2.Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. 3.Интероцептивтi– организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуiн 1920 жылы ағылшын неврологы Х.Хед ұсынды. Ол сезгiштiктiң екi түрiн бөлiп, ажыратты: эпикритикалық және протопатикалық. 1.Эпикритикалық сезгiштiк анағұрлым жас әрi жетiлген болып табылады. Ол объектiнiң кеңiстiктегi орналасуын дәл табады және ол жөнiнде объективтi мағлұматтар бередi. Мысалы, сипап сезу жанасу орнын дәл анықтай алады, ал есту – дыбыс шыққан бағытты анықтай алады. Эпикритикалық сезгiштiкке жататындар: көру, есту, сипап сезу. 2.Протопатикалық сезгiштiк едәуiр ежелгi болып табылады және сыртқы кеңiстiкте де, дене кеңiстiгiнде де объекттiң дәл локализациясын бере алмайды. Олар әрқашан аффективтi боялған болып табылады және көбiнесе объективтi процестердi емес, ал субъективтi күйлердi бiлдiредi. Оларға жататындар: дәм сезу, иiс сезу, сипап сезу.
11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзара байланысын орнатыныз? Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi.Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп отыруы керек. Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау.
Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау. Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.
Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру. Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-әрекетiнiң мазмұнына тәуелдi. Қызықты, маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды. Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-әрекет пен тәжiрибесi негiзiнде арыла алады.
Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi көздiң рефлекторлық бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 231 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |