Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне аныктама беріңіз.

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. А) негізгі құралдар амортизациясы
  3. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  4. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  5. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  6. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  7. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  8. Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары
  9. БҰДСЖ негізгі принциптері
  10. Банктер мен ұлттық экономика мүдделерінің ара қатынасын талдап, экономикалық тұрғыдан баға беріңіз.

Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет:Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы; Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру;Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру;Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру;Сапалы түрде қайталау. Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi. Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек. Ұзақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады. Тану естiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы қарапайым түрi. Тану ұқсатумен байланысты болады. Мысалы, бiр нәрсенi есiне түсiргiсi келгенде, басқаларға ұқсатып барып есiне түсiредi. Тану айқын, айқын емес, толық,толық емес болады. Есте қайта елестету - бейне түрiнде жаңғыртуда айтамыз. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазiр жоқ көрiнiстiң бейнесi еске түседi. Соған орай қабылданған нәрсенiң бейнесi елестейдi. Бұл елестетулердi сөз айтып та, пiкiрлем мен ой қорытындылары арқылы тудыруға болады және олар белгiлi уақытқа және белгiлi жерге байланысты болады. Елестер қайта жаңғырғанды, бiз қашан, қай жергде, қай кезде екенiн де есiмiзге түсiремiз. Ұмыту дегенiмiз - қабылдағанды, еске қалдырғандарды қажет болғанда еске түсiре алмау, танымау немесе еске түсiру мен танудың қателесiп жаңылысуы. Сонда миға келген мәлiметтiң барлығын есте сақтай бермей, керегiн қалдырып, маңызы жоғын ұмытамыз. З.Фрейдтiң айтуы бойынша, адамның атына кiр келтiретiн, адамгершiлiкке қарсы тұрған, ар-намысқа сәйкес келмейтiн өткен уақиғалар ұмытылады екен. Олар әр кезде мазасыздану немесе адам жанына ауырлық әкеледi де адам есiнен ығыстырылады екен.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 174 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав