Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдарын көрсетіп дәлелдеңіз?

Читайте также:
  1. VIII Асқазан ішек жолдарынан қан кету
  2. Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  5. Абылдаудың негізгі қасиеттерін айқындаңыз
  6. Адамның қасиеттері ң шығармасында адамзаттың маңызды мәселелерін зерттегенА) ПеччейALMAT
  7. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
  8. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  9. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары

 

Қандай да ерiктiк əрекетке араласа отырып, адам оның iзгi нəтижесiне байланысты өзiне жауапкерлiк жүктейдi. Iс-əрекеттiң əлеуметтiк мəндi нəтижесi алғашқы ниет шеңберi-нен толастап қоғамдық iс сипатын алады. Субъекттiң осы iске болған жеке жауапкерлiгi өз əрекеттерiнiң салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай бiлу қабiлетiнен көрiнедi. Əлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, əдет-ғұрып пен дəстүрлерге орай iс жақсылық не жамандық болып бағаланады. Адамдар өзара атқаратын бiрдей iсiнiң көп түрлi орындалу дəрежесiмен ғана емес, өз iсiнiң жауапкерлiгiн кiмге артатынына да байланысты. Əдетте, iс нəтижесi сəтсiз келсе, адам жауапкерлiктi бiреуге не сыртқы жағдайларға ысыра салуға бейiм келедi, ал жұмыс нəтижесi мақтауға тұрарлық болса, ол нəтижеге өзiнен басқа бiрде бiреудi жолатқысы жоқ. Психологияда бақылау локусы (локус-орын, Д. Роттер) деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен iстерiнiң себебiн тыстан iздеушiлер сыртқы бақылаулы ал себеп-салдардың көзiн өзiнен табуға тырысатындар iшкi бақылаулы болып бөлiнедi. Экстернальды, яғни сыртқы себептерге жүгiнетiндер əрдайым өз қабiлеттерiне сенiмсiздiкпен қарайды, тұрақсыздық көрсетедi, мегзегенiн кейiнге қалдыруға бейiм,

жауапкерлiгi кем, төңiрегiндегi-лердiң бəрi оны қобалжытады, осыдан ол күмəншiл, шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен iстерiнiң жауапкершiлiгiн өздерi көтеруге қабiлеттi. Мұндай тұлғалардың өзiне деген сенiмi мол, мақсатқа жету жолында бұлар бiр iздiлiк пен табандылық танытады, өз iсiне талдау жасай алады, мiнезi байсалды, қайырымды, қауымшыл əрi тəуелсiз келедi. Ерiк əрекеттерiнiң iшкi не сыртқы бақылауда болуы-ның ұнамды да керi əлеуметтiк салдары бар, сонымен бiрге олар тəрбие барысында қалыптасып, тұлғаның тұрақты қасиет-терiне өтедi. Адам еркi басқа да көптеген қасиеттермен ерекше-ленедi. Олардың iшiнде аса маңыздылары: ерлiк, тəртiптiлiк, iскерлiк т.с.с. - бұлардың бəрi де жоғарыда аталған ерiк сапа, қасиеттерiмен тығыз байланысты. Ерiктiң ұнамсыз тараптарының бəрi тұрмыстағы кəдiмгi ерiншектiкпен ұштасады. Ерiншекте iске деген құлық, ниет, оны орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар ерiншектiгiн бетiне басқанға "бауыр етi жарылып" өкпелегенiмен, бұл қасиетiн "қайтейiн, осылаймын" деп жеп-жеңiл мойындай салады, өзiнiң тұрмыстық ебедейсiздiгi мен əлжуаздығын ақтау үшiн оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады. Барлық ерiк сапалары мен қасиеттерi адамның өмiр барысында, iс-əрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда əсiресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Əрқандай психикалық процесс сияқты ерiк те өз бетiнен болмай, жеке адамның жан-жақты кемелденуiмен бiрге өрiстейдi. Балалық шақта өрбитiн ерiк қасиеттерi көптеген əлеуметтiк-қоғамдық ықпалдарға тəуелдi, солардың iшiнде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерiк қылықтарына байланысты кемшi-лiктер: өжеттiк пен тентектiктiң көзi ата-аналардың қате тəрбиесiнен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тiлегенi-нiң бəрiн қанағаттандыруға тырысқан, белгiлi тежеулерге үйретiлмеген, т.с.с. Ал қандай да бiр əрекетте күш сала бiлуге дайындық өздiгiнен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиiстi əдеттерге баулудан сəби ерiк күшiн дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады. Отбасы тəрбиесiнiң жəне бiр болымсыз қыры - баланы, əдетте, орындалмайтын, əл мүмкiндiгiнен тыс жүктеме, тапсырмаға жегу. Осыдан белi бекiмеген жас тұлғада бастаған i сiн аяқтамау əдетi қалыптасады, жұмыс нəтижесiнен қандай да лəззат қуанышына бөлене алмай, бала түңiледi, бұдан былайғы тапсырыстарға бет қақпайды. Бала əрекетi негiзiнен елiктеуден болады. Осыдан ерiк қасиеттерiнiң қалыптасуында ата-ана, тəрбиешi т.б. өнеге-үлгiсi маңызды келедi. Көркем əдебиет пен кинофильмдердегi сан-қилы кедергiлердi өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе бiлген кейiпкерлер де баланың ерiк күшiн тəрбиелеуде орасан жəрдем бередi. Балада ерiк тəрбиелеудiң жəне бiр жағдайы оны қалтқысыз тəртiпке үйрету: жүрiс- тұрыста, сабақ дайындауда, үй жұмысын орындауда т.б. Ерiк - бұл дұрыс ұйымдастырылған еңбек деуiмiз осыдан. Балалық шағынан қалыптаспаса, ерiк күшi болымсыз адам дұрыс еңбектене де алмайды; шаршаса, дем алып, қанағат та таппайды. Ерiк қасиеттерiн қалыптастыруда баланың дене тəрбиесiне мəн беру қажет. Себебi тəн əлжуаздығынан жас өспiрiм өмiрдiң қай саласында да қалаған жүктеменi көтере алмайды, əйтеуiр бiр кедергiден өтуге шамасы жетпей, көңiл күйзелiсiне түседi. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған бала өз ерiк күшiн ұстамға алып, оны қажетiне бағыттау қабiлетiн игередi. Жас шақта бала өмiрi - негiзiнен ойынмен тiкелей байланысты. Ал ойын - бұл белгiлi қалып, ерекше талап. Осыларды ырықсыз, ойын мазмұнына қызығумен орындай жүрiп, қандай да ерiктiк сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады. Ойын баладағы ерiк күштерiнiң арқауына айналады. Ойынға үлкен мəн берудiң қажеттiгi осыдан. Ерiк тəрбиесiнде балалар ұжымының маңызы айтар-лықтай. Ұжымдық өмiрге араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндiрiп, икемдiлiкке үйренедi. Өз қатарына қарай отырып, бала өзiнде табандылық пен батыл-дық қалыптастырады, көпшiлiк алдында қорқақтығына намыстанып, оны жасыруға не тiптi жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу ерiк күшiн керек етедi. Бала еркiнiң даму көзi - бұл еңбек. Əрқандай еңбектiк iс-əрекет ерiк қатысынсыз орындалуы мүмкiн емес. Сондықтан бала белi қажеттi дəрежеде бекiгеннен, оны өнiмдi еңбекке қосу - басты шарт.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав