Читайте также: |
|
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:
А) нарықты реттейтін механизмінің жоқтығы;
В) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
С) зандардың мүлтксіз орындалмауы;
О) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
Е) бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
F) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі — кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмы арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қарастыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылығы мынада:
1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі.
2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық қағаздардан көптігі.
3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы.
4. Нарықтағы банк емес мекемелерінің көптігі.
Бұлардан басқа мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған 3 фактор бар:
1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша — ол "арзан" ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта күру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.
2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халыкты кәсіпорын басқаруына жақын арада тарту бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
3. Саясат факторы — дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда бос ақша көздерінің негізгі иесі — халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 111 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
|