Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биржалық операциялар

Читайте также:
  1. VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
  2. Ашық нарықтағы операциялар
  3. Банк жүзеге асыратын операциялардың табиғатын ашып, сипаттама беріңіз
  4. Дамыған елдердегі лизингтік операциялар
  5. І ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ, ОНЫҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  6. ІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ РӨЛІ
  7. ІІІ ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
  8. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
  9. Лттық Банктің қызметтері мен операциялары

 

Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдарын немесе шетелдердің бағалы қағаздары айналымға түседі (әдетте тек акциялар мен облигациялар мен облигациялар). Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады.

Биржа операциялары кассалық және мерзімді болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мерзімге жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасымен өзгеше болады. Операциялардың екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді және бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Шын мәнінде де мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасына. Сондықтан мерзімдік мәмілені алапсатарлық мәміле деп те атайды. Алаыпсатарлық мақсаты — биржадағы құндылықтардың табу.

Кестеде көрсетілгенде мерзімдік мәміле түрлерінің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрініске тоқтап өтейік.

Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай бір айдың ішінде, айдың ортасында, не болмаса аяғында өтеді. Бір-ақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздардың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе, пайданы сатушы алады, ал жоғарылап кетсе сатып алушы алады.

Қор биржасындағы стеллаж, пролонгация, репорт, депорттың мәмілелер алып-сатушылардың бағалы қағаздарының курс өзгерту арқылы пайда табу ойындары.

Стеллаж — бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін тандау құқына ие болады.

Пролонгациялық мәміле — бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің бір түрі немесе бағалы қағаздар нарығының өсуіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.

Репорт — мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, екінші деңгейдегі банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма репорт деп аталады.

Депорт — оған белгілі бір мерзімінен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.

Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап, оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға бұл қоғамда істің мәз емес екендігін көрсетіп, оған инвестиция салудың тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді.

 

 

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 151 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.125 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав