Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ. 1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері5

Читайте также:
  1. АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯҒА КІРІСПЕ.
  2. Дәріс №1 HTML –ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары
  3. І. Кіріспе
  4. КІРІСПЕ
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. КІРІСПЕ
  10. КІРІСПЕ

Нарығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………3

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ..............................................5

1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері..........................................5

1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі................7

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ..........8

2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары..........10

2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы..........9

2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер....................................................13

3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ.......14

3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары...........................................................19

3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар..........................................................17

3.3 Қор биржасы және оның қызметі.......................................................................17

3.4 Биржалық операциялар........................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................20

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................................22

 

 

 


КІРІСПЕ

 

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.

Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:

1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.

2) Несие капиталының нарығы.

3) Бағалы қағаздар нарығы.

Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу, сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

 




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав