Читайте также:
|
|
Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.
2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" №2255 Президенттің заң күші бар жарлығы 2.05.95 ж.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" №2155 Президенттің заң күші бар жарлығы 30.03.95 ж.
4. "Акционерлік қоғамдар туралы" №281-1 "Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98 ж.
5. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - бағалы қағаздар нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.
Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 196 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |