Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Демек, нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. B) Жер мен жылжымайтын мүлікпен жасайтын мәміле
  3. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  4. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  5. C)& иықтың үш басты бұлшыќ еті, шынтаќ
  6. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  7. D) ертикальды және горизонтальды
  8. D) жинақты, өйткені q < 1
  9. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  10. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар

Сол немесе басқа нақты еңбекті таңдау- әрбір тауар өндірушінің жеке ісі. Сондай-ақ қоғамдық еңбек бөлісі тауар өндірушілердің бір-біріне тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, себебі жеке еңбек жиынтық қоғамдық еңбектің бөлшегі болып табылады. Тауар өндірушілер нақты өнімді өндірген кезінде, олардың еңбегінің қоғамдық сипаты жасырын болып тұрады. Нақты еңбекті қоғамдық мойындау тек нарықта ғана жүзеге асады. Егер нақты еңбектің өнімі өз сатып алушысын таппаса, онда нақты еңбек қоғамдық еңбектің бөлшегі түрінде мойындалмағаны. Басқаша айтсақ, нақты еңбектің (жеке) бөлшегі қоғам үшін қажетсіз болғаны.

Еңбекке кеткен шығындар бекер болғаны, сөйтіп бұл тауар өндірушілерді күйретуге алып келеді. Бұл кезде нақты және қоғамдық еңбектің, абстрактылы еңбектің арасында қайшылықтар байқалады. Құбылыстың жоғарғы келбетінде бір тауардың тұтыну құны мен құны арасындағы қайшылықтарын байқатады.

 

Тауар құнының мөлшері.Еңбекке қоғамдық қажеттілік шығындары. Құн заңы- тауарлы өндірістің экономикалық заңы.

 

Тауар құны – бұл тауарға сіңген абстрактылы еңбек. Әртүрлі тауар өндірушілер абстрактылы еңбектің әртүрлі мөлшерін шығындайды және жеке жұмыс уақытында біркелкі болмайды.

Нарықта тауарды қоғамдық тұрғыда мойындау мынаны куәландырады: тауар құнының мөлшері жеке емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен, қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады.

Оғамдық қажетті жұмыс уақыты- бұл өндірістің қалыпты жағдай және еңбек өнділігімен еңбек интинсивтілігінің орташа деңгейінде бұйымды дайындауға кеткен уақыт. Бұл орташа уақыт. Бұл нарықта стихиялы- негізінен нарыққа әкелінген тауар массасы бойынша анықталады.

Мысалы, нарықта «N» тауарының 60 мыңдай бұйымына сұраным бар. Осы тауарды үш тауар өндіруші дайындаған: «А» -20 мың бұйымды дайындаған, әрбір бұйымға 4 сағат жұмсаған., «В» -25 мың бұйым, әрқайсысына 5 сағат жұмсаған, «С» -15 мың бұйым, әрбір бұйымға 6 сағаттан жұмсаған.

«А» -20 мың бұйым 4 сағат x 1 ақша бірлігі = 4 ақша бірлігі = + 1 ақша бірлігі.

«В» - 25 мың бұйым 5 сағат x 1 ақша бірлігі = 5 ақша бірлігі = 0.

«С» - 15 мың бұйым 6 сағат x 1 ақша бірлігі = 6 ақша бірлігі = - 1 ақша бірлігі.

(Егер шартты түрде есептесек 1 сағат = 1 ақша бірлігіне, онда «А» - дағы бұйым 4 ақша бірлігінде болып тұрады, «В» -да 5 ақша бірлігінде, «С» -да 6 ақша бірлігінде.)

Осы тауардың негізгі массасын «В» тауар өндірушісі дайындаған және 25 мың бұйымды құрайды. Сондықтан, ол нарықтағы қоғамға қажетті, (орташа) уақытты, демек осы тауарлардың 5 ақша бірлігіне тең құнында анықтайды.

Бұл жағдайда «А» тауар өндірушісінеде өзінің бұйымын 5 ақша бірлігі бойынша сату пайдалады. Сонда осы тауардың негізгі массасы нарықта екі еселенеді, ол 45 мың бұйымды құрайды.

Осыдан «С» тауар өндірушісінің іс-әрекетін анықтау қиын емес. Өзінің шығындарын толық болмаса да қайтару үшін, сондай-ақ ол өзінің бұйымдарын 5 ақша бірлігі бойынша сатуға мәжбүр болады. Егер осы жағдай өзгермесе, онда «А» тауар өндірушісі болады ал «С» болса күйрейді.

Қоғамға қажетті жұмыс уақыты және тауар құнының мөлшері өнім өнімділігінің әсерінен тұрақты өзгереді, яғни уақыт бірлігіндегі өндірілетін бұйымның мөлшері (саны) мына формуламен анықталады.:

Еңбек өнімділігі; Q (бұйымдар саны)

Т (уақыт)

 

Еңбек өнімділігі деп белгілі бір уақыт мерзімінде өндірілген өнім санын түсінеміз.

Еңбек өнімділіген еңбек интинсивтілігін айыра білу керек. Еңбек интинсивтілігі деп уақыт бірлігіндегі жұмыс күшінің шығындарын түсінеміз.

Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіндегі бұйымдар мөлшері артады, ал бұйымдар бірлігінің құны төмендейді. Еңбек интенсивтілігінің артуы кезінде бұйымдар мөлшері адамның дене шығындарына пропорцианалды болып, нәтижесінде бұйым бірлігінің құны өзгермейді.

Сөйтіп, тауардың қоғамдық (нарықтық) құны еңбектің жеке шығынымен, жеке жұмыс уақытымен емес, ол қоғамға қажетті жұмыс уақытымен (бұл қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытының шығыны) анықталады.

Құн заңының байқалуын міне осыдан қорытындылаймыз.

Тауар өндірушілердің өзінің жұмыс уақытындағы жеке шығындары қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытынан аз болса- онда ұтады, байды; егер көп болса, онда ұтылады, яғни күйрейді.

Тауар өндірісі жағдайындағы құн заңы өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Ол өзін тауардың құн бойынша айырбасталу процесінде көрсетеді. Онда тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша, эквивалент бойынша сатып алу-сату, заң ретінде күшіне енеді. Құн өзінің нақты келбетін тауар бағасында көрсетеді. Құн заңының әлеуметтік –экономикалық салаларының іс-әрекеті бұл тауар өндірушілердің жіктеленуі.

Нарықта құн заңынан басқа, сұраным мен ұсыным заңы іс-әрекет жасайды. Оның әсерінен тауар құны шеңберінде бағаның ауытқуы жүзеге асады. Ал, тауар құнының оның бағасына тепе-теңдігі сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігінде жүзеге асады.

Құн еңбек шығынына байланысты және өндіріс саласында қалыптасады.

Сұраным мен ұсыным ықпалымен баға құн айналасында ауытқып отырады және нарықта қалыптасады.

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 205 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав