Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологияның міндеттері

Читайте также:
  1. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  2. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  3. ІІ. Статистика пәні және міндеттері
  4. Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың мәні мен міндеттері
  5. Леуметтік саясат ұғымы, міндеттері
  6. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.
  7. Мемлекеттік бюджетті статистикалық зерттеудің міндеттері.
  8. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаттары, міндеттері.
  9. МШ балаларды тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны
  10. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайдды.

83) Жасушаның бөлінуі Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі -митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулаларыорналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады. Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады яғни хромосома жиынтығы тең болады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.Интерфаза G1,S,G2 бөлім, кезеңдерінен тұрады.

84) Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті; оны интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықгай жеңіл.

85) Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.

86) Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауыМендель зандылықтарына сәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.

Адам генетикасының ерекшеліктері

Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз. Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.

87) Цианобактериялар (гр. kyanos — көк және бактерия) — фототрофты прокариотты организмдер тобы; бұларды дәстүрлі түрде көк жасыл балдырлар деп атайды. Цианобактериялар трихом түзетін, бір не көп жасушалы организмдер. Көлдерде, ылғалы мол топырақта, тұщы сулар мен теңіздерде кездеседі. Клетка құрылымдарының басқа бактериялар жасуша құрылымдарымен ұқсас болуы; бірдей жалпы қосылыстар түзетіні (мыс., клетка қабырғаларында муреиннің болуы) және генет. қасиеттеріндегі жақындық




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав