Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаттары, міндеттері.

Читайте также:
  1. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  2. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  3. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  4. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  5. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  6. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  7. арағанды мемлекеттік медициналық университеті
  8. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері. Ата- ана құқығынан айыру.
  9. Баға белгілеудіи мақсаттары, стратегиялары және әдістері
  10. Вебер ұсынған мемлекеттік басқару теориясында келесі ұғым орын алады C) бюрократия

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:

Қазақстан Республикасының Президенті;

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

уәкілетті орган;

осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:

медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;

медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;

денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;

денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;

денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады

ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс-әрекеттің, бәсекеңін, өзін-өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады. Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:

1. Экономикалык саясатты қалыптастыру;

2. Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады: Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;

3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: ядро.лық энергетика, космосты игеру, темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.

4. Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.

5. Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.

6. Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.

7. Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.

Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.

Нарықты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды. Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.

Мемлекеттің тікелей араласуы - ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.

Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізіненмекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

-Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

-Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.

-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді.

-Баға арқылы реттеу

-Ақша-несие арқылы реттеу

-Әлеуметтік саясат

-Әкімшілік реттеу

-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясаттың негізгі түрлері: протекционизм және фритредерство.

Қаржы дегеніміз коғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Бұл жерде ажыратып айтатын түсінік, ол, қаржы мен ақшаның айырмашылығы: қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша - жеке тұтынушыларға да қызмет етеді.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1) Шоғырландыру - мемлекеттің экономикалық қызметін жүргізу үшін, оның материалдық негізін жасау; қаржы шоғырлану қызметін салық, займдар, ақша эмиссиялары арқылы жүргізеді. Ерекше жағдайда, дағдарыстан шығу кезінде үлттық байлықтыда пайдаланады (алтын қорының басты, өнер мүліктерін сату т. б.)

2) Бөлу - қаржы арқылы ЖҰӨ және ЖҰТ-ты әлеуметтік топтардын, қоғамдық өндіріс салаларының, материалдық және материалдық емес салалардың арасында бөледі жене кайта бөледі.

3) Реттеуші - қаражат бұл қызметін қоғамдық өндірісте микро және макроэкономикалық прапорцияны реттеудің негізгі құралы ретінде қолданғанда атқарады. Сондықтан қаражат саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігіне айналады.

4) Бақылау - ақша, қаржының пайда болуын, бөлінуін және нормаларға сәйкес реттей отырып оның қозғалысын бақылайды.

Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс иен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік коғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Халықтың (уй шаруашыяыгыпың) қаржысы - шаруашылық, еңбек қызметгерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып мемлекеттік бюджет табылады.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 115 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав