Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет №8 4 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 3 страница

Алдыңғы бөлігінде – қантамырлар мен нервтер өтетін негізгі тесіктер: жыртық, ұйқы өзегінің басталатын жері, бізтәрізді және сопақшы тесіктер бар.

Артқы бөлігінде – үлкен шүйде тесігі, бірнеше шығарушы тесіктер орналасқан (эмиссариялар). Бұл эмиссариялар мидың қатты қабығының синустарын шүйде астылық веноздық өріммен, омыртқа және мойынның терең веналарымен байланыстырады.

Бассүйек нервтері:

І. Йіс сезу. Тесіктелген табақша арқылы бассүйек қуысының алдыңғы шұңқырына еніп, иіс сезетін түйінге енеді.

ІІ. Көру нерві. Көру торынан басталып, көз шарасының артынан шығып, көру өзегімен бассүйектің ортаңғы шұңқырына енеді.

ІІІ. Көз қозғалтқыш. Үңгірлі синустың маңынан өтіп, көздің жоғарғы саңылауы арқылы көзұясына еніп, жоғары және төменгі тармақ береді.

ІV. Шығыршық нерві. Мидың қатты қабығын тесіп өтіп, үңгірлі синустың бүйірімен жүріп, көз ұяшығына көздің жоғарғы саңылауы арқылы шығады.

V. Үштік нерв. 3 тармағы бар: көз нерві, жоғарғы және төменгі жақ нерві

VІ. Әкетуші нерв. Бассүйектен көздің жоғарғы саңылауы арқылы көзұясына еніп, тармақтар береді.

VІІ. Бет нерві. Ішкі есту тесігі арқылы ішкі есту жолына кіріп, бет нерві өзегіне кіреді.

VІІІ. Кіреберіс-ұлу. Нерв 2 бөліктен тұрады. Екі бөлігі ішкі құлақ өзегі түбінде қосылып, VI нервпен бірге ми көпіріне кіреді. Бас қорабынан мойындырық тесігі арқылы шығады.

ІХ. Тіл-жұтқыншақ. Бас қорабынан мойындырық тесігі арқылы шығады.

Х. Кезбе нерв. Бас қорабынан мойындырық тесігі арқылы шығады.

ХІ. Қосымша нерв. Мойындырық тесігінен мойынға шығып, 2-ге бөлінеді: ішкі, сыртқы

ХІІ. Тіласты нерві. Бассүйектен жұтқыншақасты өзегі арқылы шығады.

2) Ауыз аймағы.

Жоғарғы ерін – мұрыннан ауыз саңылауына созылған. Ұрт аймағы мұрын-ерін жүлгесімен бөлінген. Жоғарғы ерін ерін-мұрын асты жүлгесімен 3-ке бөлінген: ортаңғы және екі бүйірлік.

Төменгі ерін – иектен иек-ерін жүлгесімен, ал ұрттан мұрын-ерін жүлгесінің соңғы бөлігімен шектелген.

Олар ауыз бұрышында бір-бірімен қосылады. Еріндер – a.dorsalis nasi, a.angularis, a.submentalis арқылы қанданады.

Еріннің лимфа тамырлары жақасты лимфа түйіндеріне бағытталады.

Еріннің қозғалғыш нервтері – бет нерві тармақтары, ал сезімталдығы – үшкіл нерв тармақтары.

Ұрт – құрлысы ерінге ұқсас: тері, теріасты май шелі, кілегей қабық бар. Бет артериясы,жоғарғы жақтың беткей артериясы арқылы қанданады.

Үшкіл, жоғарғы және төменгі нервтер арқылы нервтенеді.

3) Көмей анатомиясы.

Көмей – V-VІ омыртқа тұсында орналасқан. Ол қалқанша шеміршектен, жүзіктәрізді, ожаутәрізді, көмейүстілік шеміршектен тұрады. Көмей бұлшық еті сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Ішкіге: артқы-жүзік қалқанша, бүйірлік-жүзік қалқанша, ішкі-сыртқы қалқанша жатады.

Сыртқыға: жүзік қалқанша бұлшық еті жатады.

Қан-тамырлары: жоғарғы және ішкі көмей артериясы арқылы қанданады.

Нервтенуі: симпатикалық және кезбе нерв арқылы нервтенеді.

№16 билет

1.Тері текқана жамылғы қызметін атқармайды. Оның маңызды қызметтеріне қорғағыш, жылу реттегіш, зат алмасу және тыны алу жатады. Теріде сезімтал нервтердің ұштары орналасқан, сондықтан ол негізгі анализатор болып табылады. Тері жасы мен жынысына байланысты дененің әрбір аймағында әртүрлі қалыңдықта болады.Терінің дәнекер тінді бөлігі шекарасы анық емес екі қабаттан тұрады: эпителий астылық және торлы.Бет терісіндегі дерма эластикалық талшықтар арқылы мимикалық бұлшықеттермен байланысады.Шекаралары: көздің сызығы, шүйденің төменгі қыры жоғарғы шекарасы, төменнен төменгі жақтың қыры.Терінің артериялары бұлшықеттерді жауып жатқан шандырдың лимфа тамырлары бар.Терінің эпителий қабатында қан тамырлар жоқ. Терінің нервтенуі майлы шелдегі нервтер арқылы жүреді. Беттің жұмсақ тіндері қанмен сыртқы ұйқы артериясының тармақтарынан және ішкі ұйқы артериясынан тарайтын көз артериясынан қамтамасыз етіледі.Бет артерияс тіл артериясынан сәл жоғарыда басталады. Олсыртқы ұйқы артериясының алдынан басталып алға және жоғары қарай қиғаш жүріп біз тіласты бұлшықетін, тіласты нерв және қос қарыншалы бұлшықттің артқы қарыншасын алдынан кесіп өтелді. Сыртқы веналар беткей шандыр үстіндегі тері асты май шелінде жатады.Олар ірі веналарға:алдыңғы (v. facialis anterior)және артқы веналарына (v. Facialis posterior) құйады.Беттің лимфалық жүйесі өте қалың ұсақ тамырлармен көптеген түйіндерден тұрады.Бұл аймақта лимфалық тамырлармен түйіндерді беткейлі және тереңдегі деп ажыратады.Беткейлі тамырлар жақ астылық және иекастылық түйіндерге құйады.Құлақсырғалығының алдында екі үш лимфа түйіндері бар.Олар лимфаны маңдай,самай, және иек аймақтарынан жинайды.Құлақ қалқанынан төменгі жерде құлақтың төменгі лимфалық түйіндері жатады.Ол лимфаны құлақтың сыртқы тесігінен, иек аймағынан және дабыл жарғағынан қабылдайды.

2.Негізгі ауыз қуысының (cavitas oris proprium) шекаралары:

-алдынан және бүйірлерінен –тістер және қызыл иек, альвеоларлы өсінді

-төменнен-ауыз қуысының түбі;

-үстінен –қатты және жұмсақ таңдай.

Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігін: таңдай жапқышы, ауыз қуысының артқы қабарғасы құрайды.Таңдай жапқышы- ауыз қусынан жұтқыншаққа өтетін тесік.ОЛ аранды шектеп тұрады. Ауыз қуысының төменгі қабырғасы және ауыз түбі (diaphragm oris), тіласты сүйектің және тілдің кейбір бұлшықеттерінен құрылған.Негізінде екі бұлшықет:жақтіласты бұлшықеті, иек тіласты бұлшықеті болады.Бұлшықет талшықтарының арсында саңылаулар бар.Олар арқылы тіласты сілекей безінің кисталарынан іріңдік таралуы мүмкін.Ауыз түбінің пішіні және көлемі жақ доғасының пішініне байланысты.Ауыз қуысының түбінде тіласты сілекей безі орналасады.Ауыз қуысы түбіндегі кілегей қабатымен бұлшықет арасында май шелмен толған кеңістіктер орналасады.

Бүйірлік май шел кеңістіктері- кілегей қабатымен жақ тіласты бұлшықет арасында.Кеңістікте жақасты сілекейбезі, бет артериясы, лимфа түйіндеррі жатады.Бұл кеңістіктер шектелген, бірақ сілекей безі өзегі бойымен іріңдіктер көрші кеңістіктерге таралуы мүмкін.Ауыз түбі тіл артериясы және бет артериясынан нервтенеді.Лимфалық ағыс иек асты, әрі қарай тереңдегі түйіндерге өтеді.Кілегей қабаты тіл нервімен ал ауыз түбі бұлшықеттері дамуына сәйкес жақ тіласты бұлшықет –n. Mandibularis,иек тіласты бұлшықет мойын өрімінен қоректенеді.

3. Мойын бұлшықеттер құрамына әртүрлі бұлшықеттер кіреді.

1) желбезек доғаларының туындылары;2) Мойынның аутохтонды бұлш.Беткей бұлшық.:

1 мойынның теріасты бұлшықеті,m. platysma,тікелей тері астында, шандырдың үстіне жұқа табақша түрінде жатады.Мойын терісін тартып бұлшықет тері асты веналарын қыслып қалудан сақтайды; одан басқа езуді төмен қарай тарта алады.

2. Төс- бұғана - емізік бұлш. M. Sternocleidomastoideus тері асты бұлшықетінің астында орналасып, одан мойын шандыры арқылы бөлінеді.Ол төстің тұтқасынан және бұғананың төстік шетінен басталып, емізік тәрізді өсіндіге және шүйде сүйектің linea nuchae superiorна бекиді.Пайда болу тегі жағынан бұлш. M. trapezius – тің бөлінген бөлігі болып табылады, сондықтан сол бұлш.пен бірге нервтендіріледі.Қызметі: бір жақта жиырылғанда бұлшықет омыртқа бағанасының мойындық бөлігін өз жағына қарай қисайтады; сонымен бір мезгіде басты көтеріп, бетті қарама-қарсы жаққа қарай айналдырады.Екі жақты жиырылғанда басты тік қалыпта ұстап тұрады, сондықтан бұлшықеттің өзі және оның бекіген жері тік жүруге байланысты адамда күшті дамыған екен.Бастың қозғалмай бекітіліп тұрған жағдайында, тыныс алу кезінде кеуде торын көтеруге қатысады.

 

 

Билет

1 Буын төменгі жақтың басын самай сүйектің буындық шұңқырымен қосады.Самай төменгі жақ буынының (articulation tempora –mandibularis)құрамы: буын шұңқыры төменгі және артқы шұңқыр өсіндісімен; төменгі жақтың буын басы, буын аралық диск, буын қабы және буын байламдары.Самай төменгі жақ буыны бас сүйекпен төмнгі жақты қосып тұрады.Самай төменгі жақ буыны күрделі цилиндр тәрізді құрылған. Буын басы шеміршекпен жабылған элипс тәрізді жұмыр белдік. Төменгі жақ сүйек басынан алдыңғы жоғарғы беті буынның негізгі бөлігі болады.Тек осы жер буын шұңқырымен беттеседі.Буын дискінің ішкі бетіне және буын қабына сыртқы қанат тәрізді бұлшықеттің талшықтары бекіп дисктің қозғалысына әсер етеді.Диск төменгі жақтың басымен бірге қозғалады, ол қозғалғанда шайнау актісіндегі қысым күшіне амортизация жасайды.Дисктен жоғарғы буын саңылауы буын төмпегіне жалғасады. Дисктен төменгі саңылау төменгі жақтың басын және оның мойнына дейін қоршайды.Буын қабы едәуір кең.Ол самай сүйегіне жақ шұңқырының шеміршекпен жабылмаған артқы бетімен буын төмпегінен басқасын қоршайды.Буын қабы төменгі жақтың қоршап оның буын өсіндісінің мойнына бекиді.Буын қабын бекітетін самай жақ байламы бар.Төменгі жақ буыны nn. Auriculotemporalis, massetricus арқылы нервтенеді.Төменгі жақты қанмен қамтамасыз ететін артерия- a. Alveolaris inferior.Ол жақ артериясынан басталып төмен қарай бағытталып жақтың тесігі арқылы төменгі жаққа кіреді.Төменгі жақтан венозды қан төменгі альвеолярлық венаға қарай ағады.Төменгі жақтың лимфалық тамырлары венамен бірге, жақ тесігінен шығып төменгі жақ астындағы лимфалық түйінге қарай бағытталады.Төменгі жақ нервінің тармақтарымен нервтенеді.Нервтің соңғы тармағы иекасты тексіктен шығып иектің жұмсақ тіндеріне тармақтанады.

1. Жоғарғы жақ нервтерін жансыздандыру анестезия көмегімен жоғарғы артқы тістер жұлынады.Жансыздандырғыш ерітіндісі ине егуімен екінші азу тістің деңгейіне жоғары жақ төмпегіне аймағына 2-2,5 см тереңдікте енгізіледі.Инені жоғарғы және артқа бағыттап 1-1,5 мм жансыздандыратын ерітіндіні енгізеді.Жақсы жансыздандыру он мин кейін басталады.Бұл блокада кезінде жоғарғы молярлармен осы жақтың ауыз кіреберіс кілегейі жансызданады.Таңдай кілегейі жансызданбайды.Бұл жансыздандыру түрінде асқынулар болуы мүмкін:

1. Қан тамырлар жарақаты гематома пайда болуы.

2. Бас ми нервтерінің салдануы.

3. Ерітіндінің тікелей қан тамырға енуі кездеседі.

3) Скаленус синдромы.Клиникалық анатомия тұрғыдан негіздеу.Сыртқы үшбұрыштың қан тамыр нерв шоғырын бұғана асты артерия және иық өрімі құрайды.Артериямен иық өрімі бұлшықеттер арасындағы қуысарқылы өтеді.Иық өрімі жоғары және сыртқа орналасқан.Бұғана асты артериясы алдыңғы бұлшықетпен бірінші қабырға арсындағы қуыста орналасқан.Мюси синдромы. Клиникалық анатомиялық тұрғыдан негіздеу.Көкет нерві 4, кейде 3;2,5 мойын нервтерінен шығады. Нерв алдыңғы бұлш. Үстінде омыртқа алдылық бесінші шандыр астында жатады.

20 билет.

Көзшарасы аймагы. Шекаралары алдынан көзшұңқырына кіретін жермен сәйкес.Сүйек қабырғаларының шекаралары: жоғарыдан маңдай сүйегінің көзшұңқыры бөлімі және негізгі сүйектің кішкене қанаты, ішінен-жоғарғы жақтың маңдай өсіндісі, жақ сүйегі, тор сүйектің қағазша жапырағы, негізгі сүйек денесінің бүйір беті.Төменнен жоғарғы жақтың көз шүңқырының беті және шықшыт доғасының бір бөлігі.Сыртынан маңдай сүйегі бетінің өсіндісі, бет сүйегінен құралған.Көз шұңқырының аймағы қабақтардан түзілген, сыртқы region palpebralis және ішіндегілермен бірге өзіндік орбитаға бөлінеді region orbitalis proprii. Олардың арасындағы margo orbitalisке бекіген тығыз шандыр septum orbitale шекара болып есептеледі.Көз шұңқыры, ұшы артқа және ішке бағытталған 4 қырлы пирамидаға ұқсайды.Оның ең кең жері кіретін жерден тұрады.Кіретін жердің пішіні шеңберге, төртбұрышқа ұқсайды.Қантамырлары: foramen opticum арқылы енетін a.ophtalmika көз шұңқырының барлдық құрылымдарын қамтамасыз етеді.Веналары v.ophtalmila superior et inferior.Лимфа тамырлары көз шұңқырының төменгі саңылауы арқылы өтіп жұтқыншақтың жоғарғы бөлігінің бүйірлерінде орналасқан лимфа түйіндеріне қарай ағады.Нервтері n.opticus қабфқшалары көз ұясында көз тесігі арқылы өтеді.Көз шұңқырында жоғарғы көз жырығы арқылы енетін pl ophtalmicus n okulomotorius, n.trochlearis, n. Abducens бар.Көз шарасының төменгі сыртқы қабырғасының артқы бөлімінде a.et n infraorbitalis, n zigomaticus өтетін көз шарасының төменгі жырығы fissure orbitalis superior орналасқан.Иек аймағы:шекаралары.жоғарыдан-иек үсті қыртыспен жүретін горизонталды сызығымен, төменнен төменгі жақтың төменгі қырымен, бүйірінен-ауыздың бұрышынан төмен түсірілген вертикалды сызықтармен шектеледі.Қабаттары терісі май бездеріне және түкке мол, теріасты шелінде мимикалық бұлшықеттер орналасқан, ортасында иек бұлшықеті m.mentalis, қапталдарында төменгі ерін ді түсіргіш m.depressor labii inferior ауыз езулерінің түсіргіш бұлшықеттері жатады.Қандануы иек асты және төменгі ерін артерияларымен,веналық қан жақ асты және иек асты веналарға ағады. Нервтенуі: иек нерві, ал бұлшықет бет нерві арқылы жүреді.

Бастың бет бөлімінің сүйектік тесіктері:көз ұя астындағы тесік fissura orbitalis inferior, foramen mentale иектік тесік, foramen palatinus major таңдайдың үлкен тесігі, foramen palatinus minus таңдайдың кішкентай тесігі, foramen supraorbitalis көзұяүстілік тесік.

Үшкіл нервтің сезімтал талшықтарының проекциясы.Нерв көпірдің бүйірінен екі түбірмен қозғалтқыш және сезімтал тармақтарымен басталып самай сүйегінің тасты бөлігініңтөбесіне қарай бағытталады.Осы арада сүйектегі батыңқыда үштік түйін орналасқан.Үштік түйіннен үштік нервтің үш негізгі тармағы шығады.көз нерві, жоғарғы жақ нерві және төменгі жақ нерві.

2.Инфраорбитальды анестезия. 1.Ауызішілік көз ұя астылық жансыздандыру аймағының проекциясы үстіңгі ерінді жоғары және сыртқа тартады инені орталық және бүйір күрек тістердің арасына жасайды.Өтпелі қатпардан 0,5 см сүйекке жанасқанда шамалы ерітінді енгізіп және тереңге жылжытып, ине ұшымен көзұяастындағы тесікті анықтайды сол жерге 7-10 мм дейін ерітінді енгізеді.

2.Көз ұя астылық ауыздан тыс жансыздандыру аймағының проекциясы. Ине үшын көз ұя асты тесігінің үстіне сүйекке дейін жансыздандыратын ертінді көлемін 0,5-0,75 мм енгізеді.Асқынулары: гематома кейде n.trochlearis тің зақымдануына байланысты шыққан диплопия кездеседі.Жансыздандыру аймағы: ортаңғы сызықпен еккен жақтағы қатты және жұмсақ таңдай арасы.

Иек асты нервін жансыздандыру.Ерітіндіні foramen mandibulare аймағына төменгі ұяшықтық нервті жансыздандыру үшін қоолданылады.

1.ауыз арқылы мандибулярлы анестезия.Иненің енгізу орнын анықтау үшін оны үлкен азу тістің артқы бұрышына бағыттайды. Ол самайлық айдаршықтың екіге бөлінуінен пайда болған.Инені сүйекке дейін 0,75 см тереңдікке енгізеді, бұл кезде n.alveolaris inferior, n.lingualis сезімі жоғалады.

2.Ауыздан тыс мандибулярлы анестези.Жақтағы патологиялық үрдіс салдарынан тризм пайда болуы немесе бет нервінің жарақаты кезінде қолданылдаы.Егу тері арқылы төменгі жақтың бұрышы алдынан 2,5 см жерде 35-40 мм тереңдікке қолданылады.

3.Вишневскийдің әдісімен вагосимпатикалық блокада жасағанда новокайинды төс бұғана емізікше бұлшықетін сыртқы мойындырық венасын қиып өтетін жерден сәл жоғары иненің ұшын көлденең өсінділерінің алдына бағыттайды, ине ұшы омыртқа денесіне тиген соң оны кейін тартып,5 шандырдан шығарып, екі шандырдың ортасына 4 пен 5 новокаинды жибереді, осы кезде truncus simpaticis және n.vagus блокадасы болады.4 және 5 шандырлардың құрылымы –новокаиннің spatium vasonervorummen,spatium prevertebrale таралуына кедергі болмайды.Жасалған блокаданың орындалғанын Клод-Бернар –Горнер симптомы көрсетеді:

1.Блокада жасаған жерде бетте қан тамырлары кеңейеді

2.Көз қарашығы тарылады «миоз»

3.Көз алмасы ішке қарай енеді –энофтальм

 

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 112 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав