Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоба жұмысы

Читайте также:
  1. Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
  2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері
  3. Диплом жұмысыныңқұрылымы және оның қысқаша мазмұны
  4. ОКҮ жұмысын басқарудың қарапайымдылығы.
  5. СҰРАҚ: ДМ Денсаулық сақтаудағы маркетинг жұмысына қалай әсер етеді?
  6. Философия» пәнінен білімгерлердің өзіндік жұмысының материалдары

Сәлемдесу:

Тақырып: 16 желтоқсан 2011 жыл.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жоғары дәрежеде аталып өтеді деп санайды.

Позиция: жоқ

Дефеница:

Желтоқсан- қазақша он екі айдың аты

Жыл- он екі айлық мерзім уақыт

Қазақстан Республикасы- 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-шы орында.Жер көлемі-2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.

Жоғары- биік,басым артық.
Дәреже- мөлшер,меже шама.

ФИЛОСОФИЯ: «Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық».

Н.Назарбаев

Аргумент: «Тәуелсіздікті мерекелеу деңгейі қалай болып өтті?»

16 желтоқсан – ел Тәуелсіздігін жариялаған күн болып есептелгенімен, осы атаулы күннің қазақ үшін маңыздылығын біз әлі де түпкілікті түсіне алмай келеміз. Тәуелсіздік мерекесін, Желтоқсанның «ызғарын» Жаңа жылдың даңғазасы басып кетіп отырғаны қынжылтады

Басқа қалаларды қайдам, қарашаның басы көрінер-көрінбестен Жаңа жылға жарыса кірісу елордада әдетке айналғалы қашан. Астана әрдайым Тәуелсіздік күнін емес, Жаңа жылды тағатсыздана күтеді. Қаланы бір аралап шықсаңыз, Тәуелсіздік күні емес, бүгін-ертең Жаңа жыл келіп жетердей күй кешесіз. 16 желтоқсанда тек «Ақ жол» партиясы ғана алаңға шықты… Сонда өзге партиялар, мемлекеттік органдар қайда? Олар үшін 16 желтоқсан демалатын күн, сондықтан 15 желтоқсанда едел-жедел өткізіп тынады…Қараша айынан бастап қала көшелерінде, қоғамдық көліктерге ілулі тұрған «Жаңа жылыңызбен», «Қош келдің жаңа жыл», «Жаңа жылда жаңа табыс», т.с.с. сияқты құттықтаулардан көз сүрінеді. Тіпті Ақордаға қарай өтетін екі арканың үстіне жаңа жылдық құттықтаулар бір ай бұрын ілінді. Ал ешбір жерде Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар ілінбеді. Елордамыздың өзі осылай болғасын, басқа жерден не қайыр? Елордамыз дейміз-ау, Елбасымыздың өзі де соған мүдделі сияқты көрінді.

ФАКТ1: Соңғы уақыттары, әсіресе, желтоқсан айында қала көшелерімен жүруге жүрегіміз шыдамайтын болды. Бұл қаралы күн қазір бізге жаңа жыл сияқты елестейді. Қайда барсаң да, қайсы көшемен жүрсең де «Жаңа жылдарыңызбен!» деп баттиып тұрған бильбордтар, аяз ата мен ақша қар, сантаклаус, шыршаларды көресің. Мейлі, қанша қашсаң да, айналып өтсең де «Жаңа жыл» деген сөзді оқымай өту мүмкін емес. Жаңа жыл есігімізді әне-міне қаққалы тұрған секілді. Қайта Тәуелсіздік күніне қарағанда христиан дінінің өкілдері тойлайтын «Ғашықтар мерекесі» де өз деңгейінде өтеді.

Жаңа жылмен желтоқсан да қатарласып жүрсе ғой дейсің еріксіз. «Жаңа жылдарыңызбен!» деген сөздің қасына «тәуелсіздік» деген бір ауыз сөзді де қатар қойып, көше бойларында желтоқсан оқиғасына байланысты тарихи дүниелер, сол кездегі оқиғалардан бір ауыз сөз беріліп, концерт залдарында, кітапхана, оқу ошақтары, театрларда желтоқсан оқиғасына байланысты қойылымдар берсе, шіркін!!! Бұл сөзімізге де құлақ асып, «бұлардікі де жөн екен-ау» деп оң қабақ танытып, қос қолымен қолдайтындар жоқ. Өйткені, олар егемендікке қол жеткізу үшін қасықтай қанын сарп еткен аға-әпкелердің басынан кешкен қилы тағдырларын көрген жоқ, сезінген де жоқ. Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін түсінбейтін, білгісі де, естігісе де келмейтін, насихаттауға құлқы да жоқ басшы-қосшылардың көпшілігі жылы орындарға ауырдың асты, жеңілдің үстімен келгендер. Олар Тәуелсіз елімізде өмір сүрудің қасиетін қайдан білсін? Жуырда Астана қаласының Мәдениет басқармасына хабарласып, тәуелсіздік күніне бір-ақ апта қалғанда дайындық барысын сұрамақ болдық. Телефон тұтқасын көтерген бойжеткен «Мерекелерге дайындық туралы білейін дедіңіз бе?» деп, Тәуелсіздіктен де маңызы жоғары бір мейрамның бар екенін есіме салмақ болды. Шақырылмаған қонақты ұнатпаған сыңай танытқан Мәдениет басқармасының өнер бөлімінің бастығы Айдос Көпбосынұлы қазақшасынан гөрі орысшасын көбірек қосып әңгімелеуге кіріскен-ді. Дегенмен, мәселе қала мерекелеріне дайындық турасында емес, тек желтоқсан күні туралы екенін білген ол, жауап бергісі келмегенін бірден аңғартты. Сөйтіп жауаптың жалғасын орыс қызына итерді. «Мәселеңізді қарап берейін» дегеніне қуанып кетіп, одан да жағымды жаңалық күттім. Өкінішке орай, ол үмітім ақталмады. Себебі, қарсы алдында бір сағат тапжылмай отырып алған мәліметімнің ұзын-ырғасы мынау: желтоқсан күніне арналған кеш Астана қаласында тек 14-желтоқсаннан басталды. Астана қаласынан бір зәулім сарай бұйырмағандай Сәкен Сейфуллиннің қуықтай ғана мұражайында өтетін «Тәуелсіздікке тағзым» мәдени-танымдық кеш және Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылатын салтанаттық шара ғана. Оның арасына Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында Тәуелсіздікке ешбір қатысы жоқ «Кенесары-Күнімжан» атты драма болады деп іс-шаралардың қатарын көбейтіп қойыпты. Бұл шаралардың өзін халық қайдан білсін? Тым болмаса, көшелерде ілулі тұратын хабарландырулардың арасында тағы жоқ. Қайтеміз, білдей бір Мәдениет басқармасының бар ұйымдастырғаны осы ғана. «Елордажарнама» мекемесіндегілер, өздерінің айтуынша, 24 сағат бойы қызмет етеді екен. Бірақ, қанша рет телефон соқсақ та тиісті адамдармен тілдесу мүмкін болмады. Себебі, күндіз-түні «Елордажарнамашылар» жиналыстардан қолдары босамайды-мыс. Мүмкін жаңа жылға дайындықтан қолдары босамай жатқан болар деп одан әріге мазаларын алуды жөн санамадық. Ал, осылардың барлығына бас-көз болып отыратын Астана қаласының әкімі Желтоқсан жақындағанда ұйқысы келіп қалғып кетті ме?

ФАКТ2: Биылғы тәуелсіздіктің 20 жылдығы өз деңгейінде мерекеленіп жатқан жоқ. Себебі былтыр тәуелсіздіктің 19 жылдығының тойлануымен 20 жылдықтың тойлануының арасында ешқандай айырмашылық жоқ

ФАКТ3: Тәуелсіздіктің 20 жылдығы өз деңгейінде мерекеленуінде нақты шаралар жасалып жатқан жоқ. Оның бірден бір дәлелі халық арасында қоғамдық пікірдің жоқтығы.Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында мемлекет қандай белестерге қол жеткізді.не нәрселер жасады?

Аргумент2: Тәуелсіздік тойы ақшаны желге шашты.

ФАКТ1: Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мерекелер,концерттер үшін қазақстан қоржынынан миилиондаған ақша желге ұшты.

ФАКТ2: Тәуелсіздіктің 20 жылдығында біз тек қана концерттер мен шектеліп қалып жатырмыз.Неге біз осы іс-шараларға кеткен қаржыны балалар үйіне бөлмейміз? Неге біз осы кеткен қаржыны әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына бөлмейміз

ФАКТ3: Біз тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойламас бұрын мерекелемес бұрын осынау тәуелсіздікке қол жеткізуімізге себепкер болған ата бабаларымыздың құндылықтарымыз

 

Жоба жұмысы

Тақырыбы

«Еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесі».

 

5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі

 

 

Орындаушы: Ғазизова А. Ғ.

Ғылыми кеңесші: Кыйсыкова А.Ж.

 

 

Алматы, 2013 ж.

Жоспар

Кіріспе

I. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.

1.1. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.

II. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталуы кезеңі.

2.1. ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы.

2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы.

2.3. Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны. Бастауыш кәсіптік білім беру.

2.4. Орта кәсіптік білімнің құрылымы және мазмұны.

2.5. Жоғары кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұны.

2.6. Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштермен

Қорытынды

Терминологиялық сөздіктер

Пайдаланған әдебиеттер

 

 


 

Жобаның мақсаты

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жаса машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет.

Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Сондықтан кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері, білімнің апасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарымыздың біріне айналуда. Сол себепті қазіргі заманғы кәсіптік оқытудың тарихи дамуын зерттеу – халықтың тұрмыстық деңгейі мен ел экономикасында маңызы зор.

Нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, бұл жобаның ең басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім беру жүйесімен таныстырып, кәсіптік білім жүйесіндегі өзгерістерді көрсету. Және де кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуының мазмұнын және үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін, кәсіптік мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды оқып-білуге бағыттау. Кәсіптік білім берудің мақсаттарын анықтау. Кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеу. Кәсіптік білім берудің теориялық-әдістемелік негізінің қалыптасуын зерттеу. Кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдістерінің құрұлынуын бақылау.

 

 

Кіріспе

Кәсіптік және техникалық білім беру, орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген.

Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар келесі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.

Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім алушылар бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, білім алушыларға рухани тәрбие беруде кәсіптік білім берудің алатын орны ерекше. Кәсіптік білім беру адамның өмір сүру үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажет. Дүниеге келген сәбидің адам болып жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі – адам өмірі үшін ең қажет, маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бірден шешу мүмкін емес.




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 280 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав