Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік білім берудің басталу кезеңі.

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  6. бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  7. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  8. БІЛІМ БЕРУИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  9. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  10. Дәріс тақырыбы: Білім беру жүйелерін басқарудың қызметтері

Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (1568-1670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.

XVIII ғасырда білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары, училищелер (1714) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және өндірістік технологияларды меңгере алуға қойылды. Социал-утопистердің К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіптік дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың «индустриалды ұранының» дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі.

Русьта, ежелде пайда болған қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіптік дайындаудың негізгі формасы болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады, сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу және қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар жиынтығын жасады. Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И. Пирогов (1810-1881) қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған кәсіптік білім беруді ойластырған. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің «Петербургтағы қолөнер оқушылары», «Жексенбілік мектептер», «Астаналарда қолөнер мектептерінің қажеттілігі» атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын көрсетті:

- экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді орындау;

- әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау;

- салттық - балалар еңбегін пайдалану;

- педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбек арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру.

Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес қосқан «Техникалық білім беру» (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім берудің тұрақты комиссиясы ашылды.

Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және кәсіптік білім беруге арналған жалпыресейлік үш съезде (1889-1890, 1895-1896, 1903-1904 жж.) қаралды.

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.

Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған «Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары» (1884 ж.) атты жобасы үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев, В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К. Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі талаптарын қалыптастырды:

- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;

- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;

- жалпы білім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;

- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі;

- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру.

Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып есептеледі. Ыбырай өзінің «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты балаларға арналған әңгімелерінде балаларды еңбек арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы рөлін «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерінде білімнің жаңа адамды қалыптастырудағы рөлі мен маңызын көрсете білген.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасын құру, мектеп ашу арқылы оқу-ағарту тарихында қазақтың тәрбие тағылымының, оның ішінде еңбек тағылымының еңбек пен еңбек тәрбиесінің теориясын жасаушы тұнғыш педагог. Ол, 1883 жылы Торғай қаласында ашылған қолөнер мектебіне еңбек сабағын енгізіп, оқушыларды еңбекке үйрету бағдарламасын жасап, училищенің басты мақсаты оқушылардың еңбек тәрбиесін жақсарту деп біледі. Алтынсарин ең бастысы өзінің халқын сүйген. Ол осы тұрғыда былай деп жазған болатын: «Қазақ табиғатынан ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар: ол біріншіден – олардың білімімен кенжелігі, екіншіден – еңбек етуге баулуы және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі деген екен. Одан әрі пікірін жалғастырып «Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін, оған тек сана-сезімі жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді халықтық еңбек өнерін үйрену керек» деген болатын.

Шоқан Уәлихановта еңбек пен еңбек тәрбиесінің пайда болып, оның дамуын ғылыми тұрғыда шешті. Еңбек тәрбиесінің теориясы, оның практикада қолданылуы – еңбектің дене еңбегі мен ой еңбегі болып бөлінуіне байланысты дамиды деген тұжырым жасады

 




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав