Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары

Читайте также:
  1. C) жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса
  2. F. Көптеген рискілердің болуымен байланысты
  3. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  4. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  5. Дәріс. Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
  6. Лемдегі экологиялық жағдай және оны жақсартудағы биотехнологияның рөлі
  7. Медициналық көмектің көлемі байланысты: жағдайлардың талабына
  8. Ненің өзгеруіне байланысты ағзаларда фотопериодизм реакциясы жүреді
  9. Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
  10. Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.

Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Гидатофиттер (грекше hygor - су) – көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдерін судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді) да, тозаңданған соң қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң). Гидрофиттер (грекше hygor - су) – жартылай суда, яғни өзен, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған. Гигрофиттер (грекше hygros - ылғалды, сулы, phyton - өсімдік) – ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы жүру үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін гидатодтар немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жұқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т. б. жатады. Мезофиттер (грекше mesos - орташа, аралық) – ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бұларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арам шөптер жатады. Ксерофиттер (грекше xeros - құрғақ) – құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккуленттер мен склерофиттер болып бөлінеді.

Суккуленттер (латынша sukkulentus – жуан, шырынды) – ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы – кактус, сүттіген, жапырағы – алоэ, агава). Кейбір кактустар сабағында 1000-3000 кг суды сақтай алады. Склерофиттер (грекше skleros - қатты) – жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы, склерофиттер ылғал қорын жинамайды, керісінше оларда белсенді булану жүреді. Склерофиттерге шөл, жартылай шөл, дала өсімдіктері (сексеуіл, жантақ, жусан, ақселеу) жатады. Әдетте олар аласа, бірақ тамыр жүйелері жақсы дамыған болады. Жапырақтары көбіне майда, құрғақ, қабыршақты, тікенді немесе қатты тарамдалған, түкті болып келеді. Суық және ылғалды аймақтарда өсетін өсімдіктерді психрофиттер (грекше psychros - салқын, мұздай), ал суық және құрғақ жерде өсетін өсімдіктерді – криофиттер (грекше kryos - аяз, мұз) деп атайды. Сондай-ақ жылжымалы құмды жерде өсетін өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды. Мұндай өсімдіктердің өз ерекшеліктері бар. Бұталы және ағашты псаммофиттердің құмға көмілген күшті қосалқы тамырлары бар (сексеуіл). Шөптесін өсімдіктер ұзын, тез өсетін жер асты өркендерін түзеді (құм қоғасы). Псаммофиттердің көпшілігі – эфемерлер, яғни даму циклы қысқа (2-6 аптадан 5- айға дейін) біржылдық өсімдіктер. Ал тасты, жартасты жерде өсетін өсімдіктерді петрофиттер деп атайды.




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 143 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав