Читайте также:
|
|
Арнайы мектепте жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады:
1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды» (3 сынып)
Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген-көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешіліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да, яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтін ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын-әзір, шамасы келмеу- әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу- ұяға кіріп алу, ұяны иемденіп т.б.) ұғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін кластарды түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру есту анализаторлары қызмет атқарады.
Текст оқылып болғаннан кейін, класқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы тексті жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.
Мазмұндаманың бұл түрінде текст бойынша қойылатын сұрақтар текстің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Әуелі әр сұраққа жеке-жеке жауап алынады да, соңынан, қорытынды ретінде, барлық сұраққа бір оқушы немесе екі-үш сұрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы қайырған жауаптарын, тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.
Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың 4 түрі – ықшамдап мазмұндау, не қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдынғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балалардың творчестволық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар тексті емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі текстегі негізгі ойды аңғаруға,и текстің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың 5 түрі-толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдері байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге уйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын ролі орасан зор.
Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын текст оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн.
Шығарма және оның түрлері. Арнайы мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша тексті өзінше құрап, өзінше жазады. Шығарманы 4 – сыныптан бастап жазады. «Шығарма» тарминін арнайы мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген – білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп берулерін айтамыз. Арнайы мектеп балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады: 1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты; 2. Экскурсия бойынша; 3. Оқушының өз іс - әрекетіне байланысты тақытыптар.
Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр кластағы шығарма көлемінің шамасы мына смяқты: 4 класта 20-30 сөз, 5 класта 30-60 сөз. 6 класта 60-тан 130-ға дейін барады.
1. Оқушылардың оқыған я естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жұмысы. Бұл жұмысты мұғалім алдын ала жан-жақты ойластыруы қажет. Балаларды сөйлеткенде сөйлемдері әрі түсінікті, әрі жүйелі құрылуына, өэ пікірлерін білдіруге назар аударған жөн. Сонымен қатар оқушылар айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін қадағалап, осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануларына жағдай жасау керек. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады. Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және ойларын еркін білдіруге дағдыланады.
Арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың оқыған, естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыртуды түрліше ұйымдастырып жүр: Оқушылар естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай отырып, өз сөздерімен еркін шығарма жазады, оқыған немесе естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп, өздері ойдан шығарып жазады. Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармада оқушылар әңгімедегі оқиғаға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді. Бұл –оқушының творчестволық қиялын дамытады, тілін ұстартады. Қандайда болмасын шығарма жаздырмас бұрын үлгіге әңгіме берілуі қажет. Ол әңгіме оқылады, талданады, мазмұны анықталады, ондағы оқиғаға оқущы өз пікірін білдіреді.
2. Экскурсия бойынша шығарма жұмысы. Бастауыш мектепке сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына байланысты жаздырады. Байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау көп қиындық келтірмейді.
Жыл маусымдарына байланысты табиғатта болатын өзгерістер, оларды және өндіріс орындарындағы құбылыстарды экскурсия жасау арқылы бақылап, мағлұмат алатын болғандықтан экскурсияға байланысты шығарма дейміз. Сонымен қатар балалар өндіріс орындарындағы еңбекпен де экскурсия жасау арқылы танысады. Мұның барлығы шығарма жазу үшін материал болып есептеледі.
Бірақ шығарма жазу дағдысына төселмеген бастауыш мектеп балалары, әсіресе 2-3 класс оқушылары бақылау арқылы жиналған материлдарын өз бетінше бірден жазып кете алмайды, сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек. 2-3 кластардағы шығармалардың барлығы дерлік мұғалімнің басшылығымен өткізілетін үйрету шығармасы болып есептеледі.
3. Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары. Оқушылардың өздері туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жүргізілетін шығарма жұмыстарын оқушылардың өз іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топталады. Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы, балалардың еңбек әрекетіне байланысты «Біз ағашты қалай отырғыздық», «Мен үйде кешке не істедім?», «Мен апама қалай көмектестім?», «Мен құсқа ұя жасадым», «Біз бұзау бақтық», «Біз доп ойнадық», «Футбол ойнағанда», «Менің жақсы көретін ойыным», «Мұз айдынында» т.с.с тақырыптар бойынша шығарма жүргізуге болады. Шығарманы ауызша да, мүмкіндігіне қарай, жазбашада ұйымдастыру қажет.
Шығарманың бұл түрін үйден жазып келугу де тапсыруға болады. Бұл топтағы шығармалар сипаты, мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді. Бастауыш класс балаларына не ұнайтынын, оларға не жақын екендігін, олардың жазу мүмкіндіктері мен тіл байлығын, шығарма жазу дағдысының қалыптасу дәрежесін т.с.с шығарманың осы түрінің қорытындысынан айқын аңғаруға болады.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 279 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |