Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. IV. Диагностика банкротства предприятия
  7. Linux негізін қалаушысы туралы
  8. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  9. Ағымдық және жедел жоспарлау
  10. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.

1. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді борышкердің төлем қабілетсіздігі және оны банкрот деп тануға негіздердің бар екендігі туралы уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, сондай-ақ уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына рұқсат берілмеген, бұл қорытынды жасауға кедергі болған жағдайда, сот шығарады.
2. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді сот осы Заңның 118-бабының
4-тармағында белгіленген жағдайларда да шығарады.
3. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінде:
1) банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді тарату туралы;
2) борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі туралы;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы;
4) борышкердiң лауазымды адамдарының борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзiмде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды уақытша басқарушыға беру туралы;
5) банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды (банкрот шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді, сот орындаушылары тағайындаған мүлікке тыйым салуды және басқаларын) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан, әкімшінің өтініші негізінде алу туралы;
6) осы Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кредитордың өтінішхаты негізінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстарды оның өтеуі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша банкроттық рәсімі қозғалған жағдайда, соттың шешімінде уәкілетті органға кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
5. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды жібереді.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкрот – дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе банкрот – заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жерi;
3) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы) қамтылуға тиіс.

Бап. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм

1. Уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі және есебінен банкроттық рәсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүлкінің (активтерінің) жоқ екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерге қатысты сот уәкілетті органның келісімімен борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм шығарады.
2. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды уәкілетті орган осы Заңның 118-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав