Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері

Читайте также:
  1. Бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  2. Бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
  3. Бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
  4. Бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
  5. Бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
  6. Бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
  7. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  8. Бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы
  9. Бап. Кредиторлар комитеті

1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімінен кешіктірмей өткізеді.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:
1) кепіл мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;
2) уәкілетті органда тіркелген тұлғалар ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;
3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады;
4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады және кредиторлар комитетінің құрамы, төрағасы бекітіледі;
5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;
6) уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшері айқындалады.
3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) кепіл мүлкін бағалау нәтижелерін ескере отырып, кепіл мүлкін кепілді кредиторларға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мәселені қарау;
2) банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
4) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау;
5) мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау;
6) мүлікті сату жоспарын бекіту;
7) банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау;
8) мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау;
9) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту;
10) банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің сомасын айқындау;
11) банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
12) қорытынды есепті келісу;
13) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру;
14) борышкердің кредиторларымен есеп айырысуға көшуі туралы шешім қабылдау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау кезінде уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 3-тармағы негізінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жағдайда уәкілетті орган анықтаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағының 11) тармақшасы негізінде банкроттықты басқарушының уәкілетті органдағы тіркеуден алып тасталғаны туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 168 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав