Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Оңалту рәсiмi кезінде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару

Читайте также:
  1. A) мақсаттық басқару
  2. SiCl4 толық гидролизі кезінде түзілетін екі зат*H2SiO3, HCl
  3. Бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
  4. Бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар
  5. Бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
  6. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi
  7. Бап. Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау және оның салдарлары
  8. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  9. Бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
  10. Бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi

1. Борышкер мүлкi меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтiнiшi бойынша, кредиторлар жиналысының шешімі негізінде сот оңалту жоспары бекiтiлген кезден бастап борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, ол уәкілеттік берген органда, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтап қалады.
Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын сақтап қалу туралы өтiнiш кредиторлар жиналысының шешiмiмен қоса бiр мезгiлде оңалту жоспары ұсыныла отырып сотқа жiберiледi.
Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкi меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда тiркелген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушыға өздерiнiң кандидатурасын ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiмi бiр мезгiлде оңалту жоспары ұсыныла отырып сотқа жiберiледi.
Борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушыға кандидатура ұсынуға мiндеттi.
Кредиторлар жиналысы кандидатқа оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін ол оңалтуды басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабарлауға міндетті.
Кредитор (кредиторлар) борышкердiң басқару органының осы Заңда көзделген мiндеттердi бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша басқару органдарының мүшелерiн ауыстыруды жүргізуге мiндеттi.
2. Оңалтуды басқарушыға кандидатураны таңдау кезінде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкін.
3. Сот ұйғарымында мыналар:
1) уәкiлеттi органға ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсыру;
2) борышкердiң құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруi туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.
4. Уәкілетті орган оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым немесе борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттету туралы ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды басқарушы етiп тағайындауға мiндеттi.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде кандидатураны оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, ол анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды не осы Заңның
12-бабының 8-тармағы 11) тармақшасының негізінде оңалтуды басқарушыны уәкілетті органда тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етiп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.
5. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам мерзiм бойы орындалмаған және (немесе) уәкiлеттi орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы сақталған борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) сот кредиторлар жиналысы уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн iшiнде басқарудан шеттетедi.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 52 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав