Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдарлары

Читайте также:
  1. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi
  2. Бап. Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау және оның салдарлары
  3. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  4. Бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
  5. Бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi
  6. Бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
  7. Бап. Оңалту рәсiмi кезінде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару
  8. Бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
  9. Бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiктерi

Осы Заңның 82-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайларда:
1) осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар сақталады;
2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.

Тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ

Бап. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі

1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Мыналар:
1) соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы;
2) өткізілмеген мүліктің болуы;
3) банкроттықты басқарушының борышкер мен оның кредиторларының мүдделеріне қарсы әдейі немесе жалған банкроттық белгілері, өзге де құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органдарына жүгінуі;
4) қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі;
5) уәкілетті орган анықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.

Бап. Банкроттық рәсіміне қатысушылар

Мыналар:
1) банкроттық туралы істі қарайтын сот;
2) уәкілетті орган;
3) банкрот;
4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі, қатысушылар (құрылтайшылар);
5) кредитор;
6) уақытша және банкроттықты басқарушылар;
7) басқа да мүдделі адамдар банкроттық рәсіміне қатысушылар болып табылады.

Бап. Соттың банкроттық рәсіміндегі өкiлеттiктерi

Банкроттық рәсімінде соттың мынадай өкiлеттiктерi болады:
1) банкроттық рәсімін қозғайды, ұзартады және тоқтатады;
2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының палатасына және борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық әділет органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) банкрот жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
4) уақытша басқарушыны тағайындайды және шеттетеді;
5) банкроттық рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав