Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н ЗАҢЫ – ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ. ШЕКТІ ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Читайте также:
  1. Андай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?A) әлеуметтік стратификация теориясыALMAT
  2. Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары
  3. Вебер ұсынған мемлекеттік басқару теориясында келесі ұғым орын алады C) бюрократия
  4. Д. тауарга деген сураныс колемы усыныс колемынен коп болуы кажет
  5. Е. Ерекше тауар капиталын сату жане сатып алу
  6. ЖІҢІШКЕ(АШ)ІШЕКТІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛЫСЫ
  7. З.Фрейд теориясы
  8. Капиталдың түріне негізгі және айнымалы болып бөлінуіне тән:A) Өндірістік.B) Тауарлы.C) Акционерлік меншік.
  9. Мұрын аралығының бөліктерін атаңыз:сүйектік,шеміршектік,жарғақты

Экономика – бұл өте күрделі организм, оның қызмет етуін тауар құны туралы еңбекке (марксизм) немесе шекті пайдалылыққа негізделген (маржинализм) экономикалық тұжырымдамалар арқылы толық сипаттап беру мүмкін емес.

Экономикалық теорияда құнды зерттеу барысында екі әдістемелік көзқарас қолданылады: функционалдық және каузалдық (яғни, себеп-салдарлық). Бұл екі көзқарас құн категориясын зерттеудің қазіргі маржиналистік және маркстік әдістерін сипаттайды. Ал тауар құнының негізгі тұжырымдамалары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. аралығында қарастырылған.

А. Смит тауар құнын жалақы, пайда және жер рентасының сомасына балаған. Д. Рикардо және Д.Р. Мак-Куллох оны өндіріс шығындарымен анықтаған, Ж.Б.Сэй – заттардың пайдалылығымен, Д.Лодердель – ұсыныс және сұраныспен анықтаған. К.Маркс және Ф.Энгельс олардың түйіндемелерін қарастыра отырып, құн деген қоғамдық абстрактілік еңбек шығынының заттық нысаны және ол өндіріс шығындарының пайдалылыққа қатынасын көрсетеді деп көрсеткен.

Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық кажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен, құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесі өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар- ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға- құн заңының, көрінісі. Құн- баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны. Баға – құнның ақшалай көрінісі.

Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өңдірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуде, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыруда маңызы зор.

Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдык еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде пайда болды. Бұл тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі- жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок та болмас еді.

Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар - еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей, тауардың екі түрлі қасиеті бар: 1) адамның белгілі бір қажеттілігін өтеу қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбасталу қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны - тұтынылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.

Тауар өндірушінің өзі үшін өндірген өнімінің пайдалы қасиеті- оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу қасиеті. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі бір үлесте айырбасталу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас құны - бір тауардың тұтыну құндарының басқа тауарлардың тұтыну құндары на айырбасталуының сандық қатынасы.

Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынына қоғамдық қажеттілік сипат береді.

Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша әрбір адамның игілікті субъективті бағалауы оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал тауарлардың объективті бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады.

Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясы біржақты, сондықтан бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру жеткіліксіз екендігін көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылық теориясын өндіріс шығындары теориясымен байланыстырып, ұсыныс пен сұраныс теориясына біріктірді.

У

2

2 4 6 8

 

1-сурет. Шекті пайдалылық қисығы

Ізденіс сұрақтары:

1. Құнның еңбектік теориясының мәнін ашыңыз.

2. Құн категориясына экономистердің берген қандай анықтамаларын білесіз?

3. Шекті пайдалылық теориясының кезеңдері қандай?

4. Құнның түзілу процесі қалай жүзеге асады?

5. Тауар бағасы қалай анықталады?

6. Тауар құнын анықтайтын қандай факторлар?

7. Шекті пайдалылық теориясының қандай қағидалары бар?

 

Тест тапсырмалары:

1. Æà»àäàí æàñàë¹àí º½í äåãåí:

A) äàéûí ¼íiì º½íû

B) ¼íiì ¼íäiðóãå êåòêåí áàðëûº øû¹ûíäàð

C) æ½ìûñ ê¾øiíi» ò½òûíûëóûíàí æàñàëàòûí º½í á¼ëiãi

D) æàëäàìà æ½ìûñøû¹à ºàæåòòi ¼íiì º½íû

E) áàðëûº æàóàï îðûíäû

2. ²½ííû» ¼ñó ïðîöåñiíi» ì¸íi:

A) àéíàëûñòà¹û àºøàíû» ¼ñói

B) àðòûº áà¹à¹à ñàòóäàí ò¾ñåòií ¼ñiì, ïàéäà

C) ò¾ñêåí òàáûñòàí øû¹ûíäàðäû øåãåðó º½áûëûñû

D) òàóàð ¼íäiðóãå æ½ìñàë¹àí øû¹ûíäàðäàí àðòûº ºîñûìøà º½í ò¾çiëó ïðîöåñi

E) æà»à òåõíîëîãèÿëàð

3. Òàóà𠺽íûí À. Ìàðøàëë íåìåí àíûºòàéäû:

A) ²î¹àìäûº ºàæåòòi å»áåê øû¹ûíäàðû.

B) ѽðàíûñ ïåí ½ñûíûñ.

C) ´çiíäiê º½í.

D) Æàëàºû.

E) Ïàéûç.

4. Àéûðáàñ º½íûí Ä. Ðèêàðäî ºàëàé àíûºòàäû:

A) ²½íäûëûº.

B) Ò½òûíó º½íû.

C) Òàáè¹è ôàêòîð.

D) ²î¹àìäûº å»áåê ¼íiìäiëiãiìåí.

E) Å»áåêòi»æåêå äàðà øû¹ûíäàðûìåí.

Sup2;½ííû» å»áåêòiê òåîðèÿñûí íåãiçií æàñà¹àí ýêîíîìèñòåð.

A) À. Ñìèò, Ä. Ðèêàðäî.

B) Ê. Ìàðêñ, Ô. Ýíãåëüñ.

C) À. Ìàðøàëë, Äæ. Ì. Êåéíñ.

D) Ï. Ñàìóýëüñîí, Ì. Ôðèäìåí.

E) Ê. Ìåíãåð, Ì. Òîäàðî

СӨЖ тақырыптары:

1. Госсеннің 1-ші және 2-ші заңдары.

2. А. Маршаллдың баға тұжырымдамасы.

3. Баға рыноктың негізгі элементі ретінде.

4. Неоклассикалық экономикалық талдаудың ерекшеліктері.

5. Шекті пайдалылық теориясының кемшіліктері.

6. Пайдалылықты өлшеудің кардиналистік бағыты.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 57 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав