Читайте также:
|
|
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік мемлекеттің қолдауымен және қатаң бақылауымен дамып келе жатыр. Отандық кәсіпкерліктің дамуын келесідей негізгі бағыттарға бөліп қарастыруға болады.
1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуының құқықтық негізінің қалыптасуы. Бұл мақсатта Қазақстанда бірнеше республикалық және басқа да нормативті-құқықтық актілер қабылданды: Азаматтық Кодекс, сондай-ақ «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекетік қолдау туралы» және т.б. заңдар.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржымен қамтамасыз ету және қолдау жүйесінің қалыптасуы. Бұл үшін салық салу, қаржыландыру және несиелеу, сақтандыру жүйелері мен амортизация саясаты жетілдірілуде. Ең алдымен тиімді кәсіпкерлікті жеңілдіктер көмегімен ынталандыру үшін салық салуды өзгерту қажет. Салық жүйесі кәсіпкерлік пен мемлекет мүддесін ынталандырушы қызмет атқаруы тиіс.
3. Үкімет орта мерзімді несие берумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру арқылы несиелеуді жетілдіру шараларын қолдануда. Республикалық және аймақтық деңгейде кәсіпкерлік құрылымдарды қолдаудың бірлескен қорын құру ұсынылады. Бұл қордың қаржы көздері мемлекеттік бюджет қаражаттары және кәсіпкерлік құрылымдардың табысы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін бөлетін ресурстары болады.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлуі оның оң экономикалық, саяси және әлеуметтік нәтижелер беруіне байланысты. Шағын кәсіпкерлік:
1) бәсекелік ортаны қалыптастырады;
2) рынокты отандық тауарлар және қызметтермен толтыруға мүмкіндік береді;
3) халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы елімізде 143680 шағын кәсіпорын тіркелген, олардың 96218 ауыл шаруашылығында, 16288 өнеркәсіпте, 67566 саудада, 2333 қонақ үйлер мен мейрамханаларда және басқа да қызмет сфераларында әрекет етеді.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау шараларына қарамастан, оның ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін мәселелер жылдар бойы өзгерген жоқ. Қазақстан рыногында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі келтіретін мәселелердің ішінде бірінші орында салық саясаты, екінші- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші- несие саясаты, өткізу, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі, соңғы орында- мемлекеттік органдармен ара қатынас мәселесі тұр.
Мұның барлығы кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көмек көрсету қажет екендігін көрсетеді. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай отырып, Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті белсенді етудің шарттарын қысқаша атап өтуге болады:
1. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласпауы;
2. Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсету;
3. Шаруашылық субьектілері мүліктерінің қорғалуына кепілдік беру;
4. Экономикалық еркіндік және рыноктық қатынас субьектілерінің барлығына теңдей құқық беру;
5. Рынок инфрақұрылымын дамыту;
6. Шаруашылық жүргізудің бәсекелік жүйесін құру, мемлекеттің монополияға қарсы қызметін қайтақұру..
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 142 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |