Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. IIІ.Дәрілік препараттардың клиника-фармакологиялық сипаттамасы.
  5. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  6. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  7. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  8. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  9. OP 1211 Жалпы психология
  10. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.

Ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителиден дамиды.Олар қатерсіз және қатерлі болып екі топқа бөлінеді. Қатерсіз ісіктер. Эпителиден пайда болатын, арнайы даму орны жоқ қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.Папиллома (латынша papilla- бүртік) жалпақ және өтпеллі эпителиден өсіп шығатын ісік. Ол теріде,ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде,ми қарыншаларының ішінде өседі.Аденома- безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін ісік.Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметрден, ондаған сантиметрлерге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі ұлпаларға ұқсас құрылымдар түзеді.Онығ түрлері: 1) трабекулалы аденома ісік жасушаларының бір-біріне жақын жатқан таяқша тәрізді құрылымдар түзуімен сипатталады;2) түтікті (тубулярлы) аденомада эпителий жасушалары бір-бірімен бірігіп түтікшелер түзеді;3) ацинарлы аденома қуыстары біраз кең безді құрылымдардан тұрады; 4) бүртікті аденомалар кең қуыстарда эпителийдің бүртіктер түзіп өсіп кетуімен және бұл қуыстарда көп мөлшерде сұйықтық жиналып қалуымен сипатталады.Қатерлі ісіктер. Эпителиден туындайтын қатерді ісікті карцинома деп атайды. Карцинома адамдағы қатерлі ісіктің түрі, ол түйін түрінде, не жайыла өскен, ақшыл реңдегі ісік, қатты, кейде жұмсақ болады. Әрбір ағзаның карциномасы өзіне тән морфологиялфқ көріністерге ие.Осы принцип бойынша карциноманың мына түрлерін ажыратады: 1) эпителийішілік карцинома; 2) жалпақ жасушалы;3) безді;4) шырышты;5) солидті;6) майда жасушалы;7) фиброзды;8) медуллярлы карцинома. Эпителийішілік карцинома эпителий қабатының ішінде өсетін карцинома, көпке дейін айналасындағы ұлпаларға бойлап кірмейді. Микроскоппен қарағанда жасуша атипизмін, көптеген митоздарды көреміз. Жалпақ жасушалы (эпидермалық) карцинома терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығады. Бұл карцинома безді мүшелер эпителийінен,мысалы, бронхтарда, асқазанда метаплазия жолымен де өсіп шығуы мүмкін. Жалпақ жасушалы карциноманың екі түрі ажыратылады: түлеуші және түлемейтін карцинома. Безді карцинома (аденокарцинома) ең жетілген арцинома қатарына жатады. Ол безді ағзалардың шырышты қабааттарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығады. Ісік жасушалары ацинустық, сорғыштық, тубулярлық құрылымдар түзе алады. Шырышты (колоидты) карцинома ісік жасушаларының көп мөлшерде шырышты сұйықтық бөліп шығаруымен сипатталады.Ісік ұстап көргенде іркілдеп тұрады, микроскоппен қарағанда шырышпен толған қуыстар ішінде карцинома жасушалары көрінеді. Солидті карцинома аса тез өсетін ісіктер қатарына жатып, микроскоппен қарағанда бір-біріне тұтаса жатқан, аралары дәнекер ұлпамен бөлінген эпителий жасушаларынан түзілген. Майдажасушалы карцинома жетілмеген карциномалар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі. Ісік жасушалары майда, ядролары гиперхромды боялған лимфоцит тәрізді домалақ немесе сопақша ядрошықтары көрінбейді, ешқандай құрылымдар түзбейді. Фиброзды карцинома сүт бездерінде, асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метазтаз беретін карцинома. Медулярлы карцином а ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік. Микроскоппен қарағанда ісікте стромаға қарағанда, паренхима басым болады. Аралас карцинома бір ағзада екі түрлі карциноманың қатар дамуы.

Патологияға ұшыраған митоз түрлнерін атаңыз.Ядродағы өзгерістерге ең алдымен митозға байланысты патология кіреді. Митоздың бірнеше сатылардан тұратын мәлім; 1) прфаза, 2) метафаза, 3) анафаза, 4) телофаза, 5) интерфазаОнан басқа жасуша ядросы амитоз жолымен де көбейеді. Митоздың және эндомитоздың деген түрі бар.Бұл кезде хромосомалар саны ядро қабықшалар бұзылмай-ақ бірнеше есе артады.Ядро ішінде бір немесе бірнеше ядрошықтар болады. Белокты көп түзуші жасушалардың ядрошықтары ірі және саны көп болады. Ядролар патологиясының бір түрінде ядролық қоспалар кіреді. Оларға; ядродағы цитоплазмалық нағыз және вирустарға байланысты қоспалар жатады. Нағыз ядролық қоспалар деп цитоплазманың бір бөлігінің ядро ішіне кіріп қалуын атайды, әдетте бұл құблыс митоздық бұзылыстармен байланысты. Вирустарға байланысты қоспалар вирустардың ядро ішінде көбейіп колония түзуіне немесе вирустар әсерінде ядро белоктарында өзгеруі нәтижесінде, кейде цитоплазмада өніп жатқан вирустарға реакция есебінде пайда болады. Әдетте біз ядроны кезеңінде көрерміз осы кезеңнен кейін митоз басталады. И. А. Алов (1972) бойынша митоз патологиясының негізгі түрлеріне мыналар кіреді; 1.Хромосомалардың зақымдануы Жасушалардың профаза кідіріп қалуы; хромосомалардың спирализация және деспиризация үдерісінің бұзылуы; хромосомалардың бөлшектеніп кетуі; анафаза кезеңінде хромосомалар арасындағы көпірлердің пайда болуы. 2.Митоздық аппараттың зақымдануына; митоздың метафазада кідіріп қалуы; хромосомалардың метафазада бытырап кетуі кетуі; үш топты метафаза қуысты метафаза көпполюсті асиметриялық митоздар; бір орталықты митоздар кіреді. 3.Цитотомияның бұзылуы мерзімімен бұрын болатын цитомия цитомияның болмауы.

 

48.Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктеріне жалпы сипаттама беріңіз? Орталық нерв жүйесінің құрылысы өте күрделі, сондықтан оның құрамындағы барлық элементтер ісік көзі бола алады. Орталық нерв жүйесінің жасушаларынан ісік өте сирек өседі, негізгі ісік көзі – нейроэктодерма. Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері: 1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Экспансивтік өсу тек кейбір ми қарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоидпапиллома) үшін ғана тән. 2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді. 3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді. 4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық элементтерден дамитын дизонтогенездік ісіктер тобына жатады. Орталық нерв жүйесінің ісіктері: нейроэктодермалық және ми қабықтарының ісіктері деп екіге бөлінеді. Нейроэктодермалық ісіктер астроциттық ісіктер. Оның өзі қатерсіз астроцитома ересектерге қарағанда жас балаларда көбірек кездеседі. Ол мишықта, ми бағанында және 3-ші қарыншада жайылмалы н/е түйін түріндеөседі. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан құралған қатты ісік, жасушалары аз. Гемистоцитарлыастроцитомада глия талшықтары мен ірі астроциттер біркелкі орналасқан. Анапластикалық астроцитома жасушалар полиморфизмімен және митоздар санының көптігімен сипатталады. Ми қабықтарының ісіктері: менингиомалар н/е арахноидэндотелиомалар деп аталады. Ісік көлденеңі 5-6 см-ге жететін қатты түйін түрінде өсіп, мидың қатты қабығынан н/е жұмсақ қабықтарын астарлап жатқан арахноидэндотелий жасушаларынан өнеді. Менингиомалар орталық нерв жүйесінде глия ісіктерінен кейінгі ең көп ұшырайтын ісіктер. Гистологиялық көріністеріне қарап менингиоманың төменгі негізгі түрлерін ажыратамыз: а)менинготелиалдық менингиома- бұл ісік эндотелиге ұқсас майда, цитоплазмасы ашық түсті, ядросы сопақша, хроматині өте әлсіз боялған жасушалардан тұрады. Ә) қат – қабат құрылымды менингиома-бұл жерде жасушалар кесілген пияздың қабаттары сияқты бір-бірінен айнала орналасқан. Б) ангиоматоздық менингиома-құрамында қан тамырлары көп болады. В) фиброздық менингиома- жасушалар фибробласт элементтеріндей әр түрлі бағытта орналасқан будалар түзеді. Шеткі нерв жүйесінің ісіктері оның қабығын түзуші Шванн жасушаларынан өседі. Оларға: нервилеммома(шваннома), нейрофиброма, нейрофиброматоз, қатерлі шваннома н/е нейрогендік саркома жатады. Шваннома нерв қабықтарынан өсетін, жақсы шекараланған кейде капсуласы бар, жұмсақ, созылмалы сұрғылт-сары түсті ісік. Нейрофиброма-нерв талшықтарынан және дәнекер тіннен тұратын ісік. Нейрофиброматоз-нерв жүйесінің тума ақауларына жатады, ол шеткі н/е үлкен нервтерінен көптеген нейрофиброманың өсіп кетуімен сипатталады. Қатерлі шваннома – ісіктің қатерсіз түрінен жасуша атипизмімен, көпядролы симпластардыңпайда болуымен, ісік қан тамырларының гиалинозымен ерекшеленеді.

49)Пролиферативті қабынудың түрлеріне мысал келтіріңіз? Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады. Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді. Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән. Пролиферативтік үдеріске жегілікті қан тамырлары да белсенді араласып, оның ішкі(эндотелий) және сыртқы (адвентиция) қабаттарындағы жасушалар да көбейе бастайды. Түрлері: аралық(интерстициалдық), гранулематоздық және полиптер мен өткір ұшты кандиломалар құраушы қабыну түрлеріне бөлінеді. 1) Аралық қабыну ағзалар тініне әр түрлі жасушалардың сіңіп қалуымен сипатталады.Аралық қабыну жедел немесе созылмалы түрде өтеді.Созылмалы түрде қабыну ошағында гистоцит, моноцит, макрофаг, фибробласт және плазмалық жасушаларды көруге болады. Аралық қабыну талшықты дәнекер тіннің көбеюіне яғни склероз үдерісінің дамуына әкеп соқтырады. Мысалы, пневмосклероз және т.б. Жіті деструктивті панкреатиттің 3 –ші күнінде шошқа өкпесінде жағымсыз динамикалық өзгерістер пайда бола бастады. Интерстициальді қабыну оның айқын көрінісі. Ателектазов, дистелектазов және жіті эмфиземаның ошақтары байқалады. В половине полей зрения встречаются инфильтраты нейтрофилами и лимфоцитами стенок альвеол. 2)Гранулематоздық қабыну. Бір топ созылмалы инфекциялар (туберкулез, мерез, алапес, склерома, маңка) қабыну ошақтарында гранулемалардың түзілуімен, некроз пайда болуымен және осы жерде олардың нақты қоздырушыларының табылуымен ерекшеленеді. Мыс: Туберкулезге тән қабыну- туберкулезді қоздырушы микробактериялардың вируленттігіне, оның химиялық құрамы және антигендік қасиеттеріне, макроорганизм реактивтілігіне байланысты әр түрлі морфологиялық көрініске ие болады. Дегенмен де, туберкулезге тән морфологиялық белгілер, қабынудың үшінші продуктивті өзгерістер фазасында көрінеді. Туберкулезге тән гранулемалардың ортасында ірімшікке ұқсаған (казеозды) некроз, оны айнала эпителиоидтық жасушалар шоғыры, оның сыртында лимфоциттер мен макрофактардан тұратын үймек орналасқан. Эпителиоидты жасушала мен лимфоциттердің арасында, туберкулезге өте тән, Пирогов-Лангханс алып жасушалары орналасқан. Гранулема құрамындағы эпителиоидтық және макрофаг жасушалары гематогендік моноциттерден пайда болып, фагоцитоз үдерісіне қатысады. Эпителиоидтық жасшалар кейде бір-біімен бірігіп, көп ядролы алып жасушаларды құрайды. Ал лимфоциттер болса, жасушалық иммунитетке қатысы бар, тимусқа тәуелді жасушалар қатарына жатады. 3) Гранулемалық қабыну созылмалы қабынудың арнайы түрі болып көбейген жасушалардың шекараланған кеңістікте жиналып қалумен ерекшеленеді. Сол клеткалар жиынтығын гранулема (түйін) деп атайды. Гранулеманың ұабыну ошағында фагуцитоз арқылы жойылмайтын, бірақ белсенді зақымдаушы агенттің болуына байланысты. Гранулема құрамындағы макрофагтар қызметі сол зақымдаушы агентті жоюға немесе шекаралауға бағытталғанн. Мысалы, ревматизмге тән Ашофф – Талалаев гранулемасы қабыну ошағындағы фибриноидты некрозға реакция есебінде дамиды. Сол жеріндегі некроздық тіндер, иммундық кешендердің қалдықтар фагацитоз нәтижесінде жойылады. Қабыну ошағындағы макрофагтар өзінен ісік некрозы факторын және ИЛІ бөліп шығарады, олар Т- және В- лимфоциттерді белсендіреді, сөйтіп жасушалық иммунитетке тән өзгерістер қалыптасады. Некроз ошағы жойылған соң фибробластар пайда болып гранулеманың орнында склероз қалыптасады. 4) Полиптер мен қткір кондиллома түзетін пролиферативті қабыну: Қабынудың бұл түрі шырышты қабқтарда, призмалық эпителидің көп қабатты эпителиге өтетін жерінде кездеседі. Созылмалы қабынуға байланысты эпителий астындағы дәнекер тіндермен бірге өсіп, сабаққа асылып тұрған н/е сорғыш тәрізді құрылымдарды түзеді. Олардың стромасында лимфоциттерден, плазмалық жасушалардан, макрофагтардан тұратын сіңбелер табылады. Полиптер мұрында, мұрынның қосымша қуыстарында жиі кезддеседі.олиптердің құрылымы бойынша фиброзы, аденоматозды, ангиоматозды деп бөлінеді. Анустың жыныс ағзаларының айналасында мерез, соз инфекцияларына байланысты папиломаға ұқсас бүртіктер, құрылымда- кондилломалар, пайда болады. Бұлардың ең жиі кездесетін түрі-өткір ұшты кандилломалардың себебі папилломиксовируста екендігі анықталды. Соныен продуктивті қабыну нәтижесінде ағзаларда склероздық, тіпті циррозздық өзгерістер дамып, олардың қызметін бұзады.

50)Некроздың клиникалық морфологиялық көрінісі Некроз-(грекше nekros-өлген) деп,тірі организмде жасушаныңмтіннің немесе ағщаның бір бөлігінің бүтіндей өлкін айтады.Демеск некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім.Некроз бұл қалыпты жағдайда болып тұратын құбылыс.Тері эпидермисі,асқазан ішек шырышты қабатының жасушалары,қан элементтері т,б.Некроз дегеніміз толығымен зақымдалған жасушаның тер әсерінде ыдырау немесе жасуша ағуызының денатурациясы басым болса-коагуляциялық некроз дамиды.Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады.Егер осы кезеңде зақымдаущы себептер жойылса,жасуша өзін әуелгі қалпына келе алады,сол үшін бқл үдерістердің морфогенезін мұқият зерттеу және түсіне білу қажет.Қазіргі кезде нейкроз дамуының мына сатыларын ажыратады:1)Нейкроз алды кезеңі(паранекроз)-бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық,бірақ қайтымды өзгерістер кіреді;2)өлу алды кезеңінде (некробиоз)жасушада қайтымсыз өзгерістер пайда болады.3)Өлу кезеңі(некроз,некрофанероз)жасуша тіршілігінің жойылуымен сипатталады4)Өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз,аутолтиз)осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап,организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралануы кіреді.Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінің де,патологияға байланысты өлуінің де механизмдері бір деуге болады.Өлген тіндер,ағзалар әдетте ақшыл сары немсе қоңыр қара түрге кіреді.Некроздың клиникалық морфологиялық түрлеріне инфаркт,гангриена,секвестр және жатын жаралар кіреді. Инфаркт д еп бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты өлуін атайды.Демек инкфаркт қан тамырлық некроз.Инфарктың пайда болуына:әдетте қан тамырларының тромбозы,эмболясы немесе спазмы себеп болады.Кейде инфаркт,ағып келген қан мөлшерінің ағза қызметін қамтамасыз ете алмауынан дамиды.Осыған байланысты инфаркты церкуляторлық некроз деп атайды.Инфарктан кейінгі өзгерістер:Инфаркт пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өтісімен ақ,демаркациялық қабыну үдерісі басталады.Бұл жерде қан тамырлары кеңейіп,айналасына лейкоциттер шыға бастайды.Лейкоциттерден бөлініп шығатын протеолиздік ферменттер некрозға шалдыққан тіндіыдыратады.Ыдырау өнімдерін макрофак жасушалары жұтып алады,ошлар кейінірек лимфа тамыорлары арақылы тасылып кетеді 7-10 күннен кейін инфаркт болған жерде дәнекер тін түзіліп,ол некрозға шалдыққан жердің орнын толық басады.Жүрек инфарктының нәтидесінде кардиосклероз,кейінірек созылмалы аневризма,өкпе инфарктысынан кейін пневмосклероз үдерістері өрістейді.Егер инфаркт ағзалар қабыга жақын орналасқан болса ол жерде реактивтік қабыну үдерісі дамиды.Ішек инфаркты гангренаға өтіп тынады. Гангрена Некроздың бір түрі.Оның пайда болуы,өлген тінге қоршаған ортаныңәсер етуіне байланысты.Сол себепті гангрена сыртқыт ортамен тікелей қатынасы бар ағзаларға(өкпеде,ішекте,теріде)ғана болады.Теріде көбінесе гангренаның құрғақ түрі кездеседі:Өлген тері ауа әсерімен құрғап қатаяды,түсі қараяды. Секвестр негізінен сүйек тіні үшін тән болып,некрозданған сүйек сорылып кетпейді,айналасында іріңді қабыну өрістейді,дәнекер тінінен түзілген қорап байда болады.Секвестр соның ішінде бос жатады,немесе осы аймақта жыланкөз арқылы ірің бөлініп шығып тұрады.Көбінесе секвестрды операция жасап алып тастайды.Некроз нәтижесінде көптеген өзгерістер дамиды.Майда некроз ошақтары бүтіндей сорылып кетіп,орнына өзі тектес тін пайда болады.Мысалы;Терідегі,шырышты қабықтардағы өлген жасушалар толығамен қайта қалпына келеді Егер некроз ошақтары үлкен болса оның айналасында демаркациялық аймақ пайда болады.Бұл жерде қан тамырлары кеңейіп,олардың айналасында макрофактар гестиоциттер,әсіресе лейкоциттер жиналып қалады.Лейкоциттердің гидролиздеуші ферменттері әсерәнде некрозға ұшыраған тін ыдырай бастайды,:Кейінірек некроз аймағы толығымен жойылып дәнекер тінмен алмасады,немесе некроз айналасында қалта пайда болады.Бұл үдерісті инкапсуляция дейді.Өлген жердің бөлініп түсуі(гангренаға қшыраған аяқ бармақтары)мутиляция деп аталады.МАй тіні некрозданған аймақта ферменттің ыдырау нәтижесінде май қышқылдары түзіледі.Олар жергілікті тінді тітіркендіріп сол жерде лейпогранулема түзіледі.

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 96 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав