Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Паразитология пәні, міндеттері маңызы.

Читайте также:
  1. Көне мәдениетті оқытудың маңызы.
  2. Медицинская паразитология.
  3. Неркәсіптік токсикологияның міндеттері
  4. ОБЩАЯ ПАРАЗИТОЛОГИЯ
  5. Пәннің мақсаты мен міндеттері
  6. Паразитология
  7. ПАРАЗИТОЛОГИЯ И ИНВАЗИОННЫЕ БОЛЕЗНИ
  8. Паразитология лекция
  9. Паразитология лекция
  10. Паразитология лекция

Паразитология (гр. Para- жанында sitos- қоректену, logos-ілім,ғылым)- паразиттердің пайда болу жолдарын, паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасын,паразиттердің құрылысын,биологиясын,экологиясын, тіршілік циклін, таралуын, сондай-ақ адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің паразитті ауруларын,олардан арылу және паразиттік ауруларға қарсы күрес шараларын,сақтану жолдарын зерттейтін ғылым. Паразитология ғылымының жеке пән ретінде зерттеу объектісі – тек екі организм, паразит және ие арасындағы қарым-қатынастар, яғни бір организм ішінде екінші организмнің дамуында жүріп жатқан өзгерістер. Паразитологияның міндеттері әртүрлі паразиттермен практикалық күресуді жасаулың ең қажетті базасы болып табылады. Жеке паразитологияның дамуы мен оны жете түсінудегі негізгі ілімді жалпы паразитология береді. Паразитология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.Паразиттердің алуан түрін зерттей отырып, олардың құрылыс ерекшеліктеріне,даму цикліне және әртүрлі зерттеу мақсаттарына қарай паразитология бірнеше салаларға бөлінеді; протистология- паразиттік тіршілік ететін қарапайымдыларды;гельминтология-паразмттік тіршілік ететін құрттарды;карционология-паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділерді;арахноэнтомология-кенелерді және паразиттік тіршілік ететін насекомдарды зерттейді.Паразитология зерттеу объектісіне қарай медициналық паразитология (адамның паразитін зерттейді);

малдәрігерлік Паразитология (үй және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін); агрономдық паразитология не фито Паразитология (өсімдіктер паразитін) гельминтология болып бөлінеді. Паразит дегеніміз – бір организмнің екінші организмге қоныстанып, сол организмді қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдаланыатын организм. Жануралар әлеміндегіпаразиттер арқылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болған ауруларды паразитарлық немесе инвазиялық аурулары деп атайды. Паразиттер факультативті және облигатты болып бөлінеді. Мысалы: жұмыр құрттардың Aloinema туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп –өніп, тік тіршілікке көшеді, ал ішектен сыртқа түскен олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен, бұл жағдайда паразитизм тек факультативті түрде бола алады.Факультативті паразитизм өте сирек кездеседі. Облигатты немесе нағыз паразиттер табиғатта кең таралаған, олардың тіршілігі басқа организмге тікелей байланысты., тіршілік ету циклінде міндетті түрде иесінің денесіне қоныстанып, оны қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдаланады.

Тірі организм –паразиттің өмір сүруіне өте қолайлы мекен. Иесінің органимінде паразиттің аймақтануына сәйкес, оларды екі категорияға бөлуге болады; сыртқы паразиттер немесе эктопаразиттер – иесінің терісінде, желбезектерінде, басқа жабындарында мекендейтйтін, мысалы, биттер, бүргелер, масалар, шіпкейлер, кенелер, сүліктер, т..б: ішкі паразиттер немесе эндопаразиттер – иесінің клеткаларында, ұлпаларында, ішегінде, ішкі қуыстарында тіршілік ететін паразиттер, мысалы, трипоносомалар, безгек плазмодиясы, бауыр сорғышы, аскаридалар, эхинококк, бидай нематодасы, т.б. Көп жағдайда эндораразиттер өздерінің тіршілік ету циклнда екі; негізгі және аралық иені пайдаланады. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын болса, ол аралық иесі. Мысалы, бауыр сорғыш Fasciola hepatica – мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында ересек түрінде тіршілік ететін паразиттік тіршілік етеді.Олар паразиттің негізгі иеслері. Бауыр сорғыштың дернәсілдері) мирация, спорцмста, редия, церкария) ұлулардың денесінде дамиды, сондықтан ұлулар бауыр сорғыштың аралық иесі болып саналады. Көп жағдайда жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бір организмнен екінші организмге таратушылар арқылы жұғады. Әдетте мұндай тасымалдаушылар қызметі қансорғыш буынаяқты жәндліктер; кенелер,масалар, соналар, шіркейлер, биттер, бүргелер т.б атқарады. Бұндай жұқпалы ауруларды трансмиссивті аурулар немесе індетті кесел деп атайды.

 

2. Қазақстандағы паразитология ғылымының даму жағдайы, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында паразитологияның бір саласы- протозоология өркендеп дами бастады.Солардың ішінде протозоология ілімінің негізін салушылардың бірі – Л.С.Ценковский (1822-1887). Ол кірпікшелі инфузориялардың даму циклдерін сипаттап жазды және жұқпалы топалаң ауруын зерттеп, оған қарсы вакцинді ойлап шығарды. В.Я.Данилевский (1852-1939) жануарлардың қан паразиттерін зерттеп, адамның безгек ауруын қоздырушы безгек плазмодиясы екенін және безгек ауруын адамнан адамға масалар тарататынын лдәлелдеді. В.Г.Гнездилова (1898-1958) қарапайымдылардың арасындағы ішек ауруларының қоздырғыштарын алғаш рет зерттеп ашты және бір организмде әртүрлі паразиттердің өзара қарым-қатынастық заңдылықтарын анықтауға деп қойды. Протозоология мектебінің негізін қалаған В.Л.Якимов (1870-1940), қарапайымдардың туыдырған ауруларының (протозооздар) химиялық терапия әдістерін әзірледі. Протозойлық ауруларды зерттеу мақсатында көптеген экспедицияларды басқарды. Ленинград ветеринариялық институтында парзитология кафедрасын ашып, өз шәкірттерімен бірге 120-дан астам қарапайымдыларды суреттеді және 500 ғылыми еңбектер жариялады. В.Л.Якимовтың жақын үзеңгілестері мен шәкірттерінің қатарында Н.А.Колабский, С.Н.Никольский, В.Ф.Гусев, З.П.Корниенко Конева, Н.А.Золотарев, Л.С.Иванова сияқты ғалымдар бар. Бүкіл одақтың эксперименталдық ветеринария институтында протозоологиялық ғылымды А.В.Белицер және А.А.Марков басқарады, кейіннен олардың орнын Н.И.Степанова басты. Протозоология проблемалары тарапында қазақстандың ғалымдар әлем жүзінде танымал. Профессор В.А.Догель «Жалпы прогистология» атаулы бірегей монографияның авторы, Қазақстанда жабайы жануарлардың және балықтың паразиттерін зерттеуде орасан зор үлес қосты

 

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав