Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқытушылар туралы деректер

Читайте также:
  1. Айлық балада тұмаумен ауруының 4 күні мазасыздану, трагусты басқанда ауру сезімі болды. Қандай асқыну туралы ойлау керек?
  2. Атлеты прошлого - натуралы или "химики"?
  3. Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. Геннің жіктелуі.
  4. Геракл туралы мифтер циклын тарқатып жазыңыз.
  5. Гераклдың он екінші ерлігі бойынша әлем жаралуы туралы өз ойыңыз.
  6. Ибн Рушдтың философиясындағы қос ақиқат туралы ілімі
  7. Иесінің мүлік туралы көзкарасымен байланысты қағидалар
  8. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
  9. Паразит, паразитизм туралы ұғым.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИЗУЛДЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ

 

Силлабус

Пән: Онкология маммологиямен (Х)

Пәннің коды: ОМ-6 (7) 341

Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі 180

Оқыту курсы мен семестрі 7 курс 13 семестр

 

Ақтөбе, 2013 ж.

Пән силлабусы (интерндердің жұмыстық бағдарламасы) онкология және визуалдық диганостика кафедрасымен Медициналық білім және ғылымының инновациялық технологиялар орталығы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 5 тамыз 2011 ж. №604 бекітілген «051301 Жалпы медицина» мамандығы үшін, «Хирургия» бағытындағы интернатурға арналған мемлекеттік білім стандартына сай жасалған типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалды

Автор: онкология және визуалдық диганостика кафедрасының доценті м.а. м.ғ.к., Қойшыбаев Ә.К.

 

Кафедра отырысында талқыланды________________20__.

Хаттама № ________

Кафедра жетекшісі___________________ м.ғ.к., доцент Қибатаев Қ.М.

 


Оқытушылар туралы деректер

1. Қойшыбаев Әріп Көбекұлы, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының онкология курсына жауапты, жоғары санатты онколог, педагогикалық өтілі – 7 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 100, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – асқазан, өңеш обырларын, сүйек ісіктерін, бас мойын ісіктерін емдеуде инновациялық технологияларды қолдану.

2. Дүйсембеков Сағанай Төлеуханұлы, мед. ғыл. канд., мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының доцент м.а., жоғары санатты онколог, педагогикалық өтілі – 3 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 40, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – асқазан, өңеш, ұйқыбездің обырларын емдеуде инновациялық технологияларды қолдану.

3. Бегунов Валерий Владимирович, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті, бірінші санатты онколог, педагогикалық өтілі – 6 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 40, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – колоректалдық обырды кешенді емдеудің сұрақтарымен айналысады.

4. Сымбатов Темірхан Қарақойшыұлы, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті, жоғары санатты онколог, педагогикалық өтілі – 3 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 40, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – асқазан, өңеш обырларын, сүйек ісіктерін емдеуде инновациялық технологияларды қолдану.

5. Сәтенова Жанна Қажмұхановна, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті, бірінші санатты онколог-гинеколог, педагогикалық өтілі – 4 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 40, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – әйел жыныс ағзаларының қатерлі ісіктерін кешенді емдеу.

6. Кереева Нұргүл Мейірімқызы, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті, бірінші санатты онколог-гинеколог, педагогикалық өтілі – 1 жыл. Жарияланған ғылыми жұмыстары – 40, өнертапқыштық - 1. Басымдықты ғылыми бағыттары – сүтбездердің обырын кешенді емдеу, түбегейлі мастэктомиядан кейін сүтбездерді пластикалау.

7. Старченко Юрий Аанатольевич, мед. ғыл. канд., онкология және визуальдық диагностика кафедрасының ассистенті, бірінші санатты онколог, 30-дан астам еңбегі жарияланған, басымдықты бағыттары қатерлі ісіктердің химиотерапиясы, құрама және кешенді емі.

Жанасу ақпараттары: кафедраның орналасқан жері (мекен-жайы, корпусы, аудиториясы), телефондары, электронный адрес. Марат Оспанов атындағы БҚММУ Медицина Орталығы, Жанаконыс ауылы, 8. 7 қабат, 8(7132) 53-42-12.

Пәннің саясаты:

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оны жүргізу формаларын және оқу кестесінің сапасын оқу бөлімімен және деканатпен бірге жетілдіріп отырады;

- интерндерді оқу-әдістемелік құжаттамалардың барлық формаларымен қамтамасыз етеді;

- клинкалық базамен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды және тәжірибе сабақтарын тақырыптық науқастармен қамтамасыз етеді;

- Қызметкерлер мен интерндердің ҒЗЖ жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;

- Қосымша білім қызметтерін алу үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратпен қамтамасыз ету:

- интерндерге анықтамалықтар, тәжірибе сабақтарына, ИӨЖ-ына арналған әдістемелік нұсқауларды электрондық тасымалдаушыларда курсте немесе кітапханада беру;

- курстың ақпараттар стендтерінде сабақ, консультация кестелерін және басқа да ақпараттарды бейнелеу;

- интерндерге рейтинг бағалары туралы дер кезінде ақпарат беріп отыру. А удиториялық сабақатарға қойылатын талаптар:

- аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіледі.

Кафедраның оқушыларға қоятын талаптары:

- тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;

- тәжірибе сабақтары қатаң кесте бойынша жүргізіледі;

- киім үлгісі: халат, хирургиялық костюм, телпек, бетперде, ауыстыратын аяқ

киім (әрбір сабаққа); операциялық блокқа келгенде – бахилалар;

- студенттік емхана дәрігерінің рұқсаты бар санитарлық кітапша;

- еңбек тәртібін қатаң сақтау;

- айып санкциялары оқу процесін ұйымдастыру ережесіне сәйкес салынады;

- ғылыми-тәжірибелік конфернецияларға қатысқаны үшін қосымша бонустар беріледі.

1. Кіріспе. Онкология мен маммология денсаулық сақтау ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл саладағы компетенциялар жоғарғы медициналық оқу орнын бірітген түлектер үшін міндетті болып саналады. Санатты дәрігер адамның әртүрлі өмір кезеңдеріндегі қатерлі, қатерсіз ісіктерін және ісікалдылық дерттерін білуі тиіс. Сонымен қатар, санатты дәрігер емдік-диагностикалық шараларды жүргізе білумен қатар, профилактикалық шараларды да жүзеге асыра білуі тиіс. Санатты дәрігер адамда кездесетін қатерсіз, қатерлі ісіктердің және ісікалдылық дерттердің диагностикасының және емінің принциптерін білуі тиіс.

2. Пәннің мақсаты: онкологиялық ауруларды диагностикалау, саралау диагностикасы және емдеу шаралары кезінде соңғы жетістіктерді пайдалана отырып теориялық білімдерін жетілдіру және тәжірибелік дайындықты жақсарту арқылы клиникалық жүйеде өз бетінше дәрігерлік жұмысты атқара алатын хирург дәрігер маманды дайындау.

3. Пәннің міндеттері:

1. Коммуникативтік дағдыларын, білімін кеңейту және оны медициналық этика және деонтология саласында қолдана білу;

2. Онкологиялық дерттерге шалдыққан науқастарды тексеру және емдеу бойынша білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру;

3. Онколоогиялық дерттерде саралау диагностикасын жүргізуде білімін жетілдіру;

4. Қатерлі ісіктерге шалдыққан науқастарды емдеуде заманауи инновациялық әдістерді тереңдетіп оқыту;

5. Онкологиялық дерттеру бойынша білімін кеңейту, тәжірибелік дағдыларды игеру;

6. Интерндерді ағымдағы онкологиядағы дәрігерлік медициналық және тіркеу құжаттарын жүргізуді үйрету;

7. Курация жасалынатын науқастар арасында жүргізілетін санитарлық-ағарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарына қатысу. Мемлекеттік скринингтік бағдарламалармен таныстыру.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав