Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. Геннің жіктелуі.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

Молекулалық биологиядан коллоквиум жауаптары

Генетикалық материалдың жалпы қасиеттері. Генетикалық аппараттың ұйымдасу деңгейлері.

Клетканың тұқым қуалау материалы хромсома б.т. Хро-ң негізгі қызметі тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтан-ұрапаққа беру.

Хромосома терминін ғылымға 1888 жылы Валь Дейер енгізген. Хромосома саны мен құрылысының өзгеруі адамда тұқым қуалайтын хромосомалық ауруларға алып келеді. Хромосомалық ауруларға диагноз қою ауру адамның кариотипін зерттегенге негізделген. Хромосомның хим. құрамы 35-40% ДНҚ-дан, 60-65% гистонды және гистонды емес белоктардан тұрады. Гистонды белоктың 5 түрі бар: Н1, Н2А, Н2В, Н34. Гистонды емес белоктарға құрылымдық, реттеуші, фермент молекулалары жатады. Хромосома құрылысы 2 хроматидтен тұрады. Хромосоманың маңызды бөлігі оның центромерасы. Центромера хромосонаы иіндерге бөледі. Хромосоманың ұштары теломера деп аталады. Центромераның орналасуына байланысты хромосоманы 4 морфологиялық типке бөледі:

1) Метацентрлік – иіндерінің ұзындығы тең;

2) Субметацентрлік – тең иінді емес, бір иіні екіншісіне қарағанда ұзын;

3) Акроцентрлік – центромера хромосоманың бір жақ шетіне жақын орналасқан;

4) Телоцентрлік – бір иінді хромосомалар, адам кариотипінде болмайды.

Кез-келген организм түрінде оның өзіне ғана тән белгілі және тұрақты хромосома саны болады. Мысалы, адамда 46, сиырда 60, маймылда 48, қойда 54. Барлық тірі организмде хромосома саны жұп, яғни пішіні, көлеміне сай, екіден бірігіп гомологтық жұп құрайды. Мысалы, адамда 23 жұп.

Хромосоманың ережесі:

1. Хромосома санының тұрақтылығы

2. Хромосоманың жұптық ережесі

3. Хромосоманың жеке даралық ережесі

4. Хромосоманың үздіксіздік ережесі

 

1956 жылға дейін адам хромосомасының саны 48 деп есептелген. Тек 1956 жылы швед цитологтары Тио және Леван адам эмбрионының өкпе фибриопласттарын цитологиялық зерттеу нәтижесінде адам хромосомасынң саны 46 екенін дәлелдеді. Дене клеткасында хром-р жұп күйінде болады. Оны диплоидтық жиынтық д.а.(2n) Ал жыныс клеткасында әр жұпта бір-бір хром-дан болады, оны гаплоидты жиынтық деп (n) атайды

Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. Геннің жіктелуі.

Ген түсінігін генетика ғылымына 1909 жылы Иогансен енгізген. Т.Морганның 1926 жылы теориясы бойынша ген дегеніміз – бір белгінің жарыққа шығуына жауап беретін ары қарай бөлшектенбейтін хромосома бөлігі. Ген тұқым қуалау материалының, мутацияның, рекомбинацияның бірлігі. Қазіргі теория бойынша ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты белоктың 1-ші реттік құрылымы жайлы информация жазылған ДНҚ молекуласының кесіндісі. Гендер хромосома бойында орналасып, өз қызметін бір-біріне тәуелсіз, жеке атқарады. Ген нуклеотидтерден тұрады; нуклеотидтер саны, орналасу тәртібі әр геннің ерекшелігін сипаттайды. Әрбір геннің өзіне тән мөлшері, нуклеотидтер саны, молекулалық массасы бар.

Геннің қызметі:

1. Тұқым қуалау информациясын сақтайды

2. Геннің екі еселенуі

3. Белоктың биосинтезін басқаруы

4. ДНҚ репарациясы – ДНҚ синтезіндегі бұзылыстардың қалпына келуі.

Геннің қасиеттері:

1. Геннің дискреттілігі

2. Геннің арнайылылығы

3. Геннің плейотроптылығы

4. Ген әсерінің өлшемділігі

5. Геннің бірнеше әртүрлі формада кездесуі




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 230 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав