Читайте также:
|
|
Әбу-Л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд (араб.: ابو الوليد محمد ابن أحمد ابن رشد, лат. Аверроэс; 1126 — 1198) — Кордова халифаты кезеңіндеИспанияда өмір сүрген ортағасырлық араб философы. Әбу-Л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд материялар мен қозғалыстардың мәңгіліктілігін және олардың жаратылмағанын (құдаймен “мәңгі бірлігін”) дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелік өмірді жоққа шығарды. Әбу-Л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Оның Аристотель шығармаларына жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек философиясымен танысуына елеулі ықпал етті.
Аверроэс ілімі (аверроизм) мұсылмандық және христиандық қасаң қағидаларды өзгертпей сақтауға тырысушылар қуғынға ұшырады. Әбу-Л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушдтың негізгі шығармалары: “Терістеулерді терістеу”, “Философия мен діннің арасындағы байланыстарға қатысты қорытынды жасайтын пікір”.[1]
Ибн Рушдтің әйелдердің жағдайы туралы ой-тұжырымдары қоғамдағы адамдардың тең дәрежелілігі туралы ұғымның дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады. Ол бұл мәселеде өз заманындағы қоғамдық құрылымды сынға алды. Ол былай деп атап өтеді:
"Біздің әлеуметтік құрылымымыз әйелдерге өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік бермейді; біздіңше ол бала тууға және оны тамақтандыруға жаралған сияқты және оның құлдық (күңдік) жағдайы ондағы қандай да бір парасатылыққа деген мүмкіндігін жойыпжіберген".
33. Номинализм, реализим, схоластика патристика ұғымдарының анықтамасы
Реализм - өзіне міндет ретінде шындықтың толық, жалғансыз бейнесін беруді алдына қойған әдебиеттегі және өнердегі бағыт. Реализм - өмір шындығы деп түсіндіру ежелгі мәдениет дәстүрлері бір және бірнеше тарихи дәуірлерден өтеді. Реализм термині және оны толық түсіну 19 ғ. пайда болған.
Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.
Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдіңлогикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы.[1] Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 304 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |