Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылыми теория: анықтамасы, дәрежесі, типология мағынасы, мәнін ашыңыз.

Читайте также:
  1. II. Типология уроков
  2. II. Типология уроков
  3. Агрессивное поведение и его типология
  4. Административная культура и ее типология
  5. Билет 19.Типология обществ
  6. Билет 7. Понятие и типология коммуникационного взаимодействия (коммуникативных актов). Примеры.
  7. Важнейшие параметры характеристики слова. Типология лингвистических словарей.
  8. Власть как регулятор управленческой деятельности. Типология власти.
  9. Возможна и другая типология социологического исследования.
  10. Вопрос 11 Сущность и типология государства.Основные изменения в современном понимании сущности государства.

Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалык, жағынан классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар программалар мен парадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық және формальдық жақтарын да ескеру қажет.

Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тұжырымдамалардан түрады.

Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады. Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:

1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді қолдану қолайлырақ болады.

2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

Ғылыми теориялардың мәні және пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зерттеушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.

Бірінші түрге жататындар — сипаттамалық теориялар. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бұл теориялар аксиомалар түрінде беріледі. Үшінші түрге жататындар — дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі. Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері — олардың пайда болуы — ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 187 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав