Читайте также:
|
|
1.Л-лизин эсцинат. Қабынуға қарсы,антимикропты,анальгетикалық топ препараттарымен қажет жағдайда бірге тағайындауға болады.Аминогликозидтермен бірге тағайындауға болмайды,ол соңғысының нефротоксикалық әсерін жоғарылатады.Антикоагулянттармен бірге тағайындағанда протромбиндік уақытты төмендету керек және бақылап тұру керек.Цефалоспориндер тобымен бірге тағайындаса эсциннің плазма белоктарымен байланысы төмендейді,ал ол қанда бос эсциннің концентрациясы көбейіп жанама әсерлері жоғарылайды.
2. Милдронат. Милдронатты мыналармен бірге қолданғанда: антиангинальді препараттардың әсерін,сонымен қатар гипотензивті препараттардың,жүрек гликозидтерінің әсерлерін күшейтеді.
Нитроглицеринмен, нифедипинмен, альфа-адреноблокаторлармен, антигипертензивті препараттармен және перифериялық вазодилататорлармен бірге қолданғанда әлсіз тахикардия, артериальной гипотензия болуы мүмкін.
3. Левомак. Сілтілі ортадағы ерітіндімен және гепарин ерітіндісімен левомак ерітіндісін бірге тағайындауға болмайды,Тырыспалық синдромды түсіретін препараттармен бірге тағайындауға болмайды.
Пробенецид, циклоспорин және циметидинді левомакпен бірге тағайындағанда оның жартылай шығу уақытын жоғарылатады.Витамин К антагонистерімен бірге тағайындаған кезде қанның ұю көрсеткіштерін динамикада бақылап тұру керек.
4.Амбробене. Амоксициллиннің,цефуроксимнің,эритромициннің,доксициллиннің бронхиальды секреттен өтуін жоғарылатады. pH-6.3-тен жоғары дәрілік ерітінділермен бір шприцте қолдануға болмайды.
5.Эуфиллин. Қышқылды ерітінділермен сәйкес келмейді.Глюкозамен,ксантиннен тұратын өнімдермен,тікелей емес антикоагулянттармен және теофиллин,пурин өнімдерімен бірге тағайындауға болмайды.Эфедринмен бірге тағайындаса жанама әсері күшейе иүседі.Пропранолол жүрек жиырылуына және бронхтардың тонусына әсерін төмендетеді.
Спазмолитиктермен бірге тағайындауға болады.Кальций хлоридімен,алкалоид тұздарымен,дибазолмен фармацевтикалық сәйкес келмейді.Эуфиллин шумақтық филтрацияның жоғарылауы және түтікшелік реабсорбцияның төмендеуі арқылы диуритиктердің әсерін потенциялайды. Эуфиллинді тербуталин және сальбутамолмен бірге тағайындағанда бронходиляторлық әсері күшейеді. Эуфиллинді бета-блокатормен бірге тағайындаса бронхоспазм шақыруы мүмкін.
Никотин эуфиллиннің метаболизмін және оның шығарылуын күшейтеді.
6.Дигоксин. электролиттік баланс бұзылысын шақыратын препараттармен
(диуретиктермен, глюкокортикостероидтармен, инсулинмен, β-адреномиметиктермен, амфотерицин В-мен) бірге ағайындаса аритмия даму қаупін жоғарылатады және дигоксиннің басқа да токсикалық әсері жоғарылайды. Сондықтан Дигоксинді к/т –ға кальций тұзымен бірге тағайындауға болмайды.
Белсендірілген көмірмен бірге тағайындаса дигоксиннің биожетімділігі төмендейді.Ал кең спектрлі антибиотиктермен бірге тағайындаса биожетімділігі жоғарылайды.β-адреноблокаторлар және верапамил теріс хронотропты әсерін күшейтеді,ионотропты әсер күшін төмендетеді.
При одновременном применении с дигоксином ниже указанных лекарственных средств возможно их взаимодействие, вследствие которого уменьшается лечебное действие или проявляется побочное или токсическое действие Дигоксина: Минералокортикоидтармен, глюкокортикостероидтармен,, амфотерицин В мен, карбоангидраза ингибиторымен, адренокортикотропты гормонмен (АКТГ), диуретикалық препараттармен, буметадин, этакрин қышқылы, фуросемид, индапамид, маннитол және тиазид өнімдерімен, натрий фосфатпен бірге тағайындаса дигоксиннің емдік әсері төмендеп,оның токсикалық әсері жоғарылайды.
Эдрофоний (антихолинэстеразды өнім) парасимпатикалық нерв жүйесінің тонусын жоғарылатады,сондықтан дигоксинмен бірге тағайындау айқын брадикардияны шақыруы мүмкін.Эритромицин Дигоксиннің ішекте сіңуін жоғарылатады.Дигоксин гепариннің антикоагулянтты әсерін төмендетеді,сондықтан гепариннің дозасын жоғарылату керек бірге қолданған жағдайда.Индометацин Дигоксиннің бөлінуін төмендетеді,сондықтан оның токсикалық әсері күшейеді.
7.Преднизолон. Преднизолонды жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда жүрек ритмінің бұзылыстары туу қаупі бар және гликозидтердің токсикалық әсері жоғарылайды.Барбитураттар, тырысуға қарсы препараттар(фенитоин, карбамазепин), рифампицин, глутетимид ГКС метаболизмін жоғарылатады. (микросомальды ферменттердің индукциясы арқылы),олардың әсер етуін төмендетеді.Парацетамолмен бірге қабылдаса гипернатриемияға алып келеді,нәтижесінде перифериялық ісінулер,кальцийдің шығуының жоғарылауы,гипокальциемия және остеопороз даму қаупі бар,сонымен қатар гепатотоксикалық реакция дамуы мүмкін.
Құрамында эстрогені бар пероральды контрацептивтермен бірге тағайындаса глобулиннің қандағы концентрациясын жоғарылатады, преднизолонның T1/2 ұзарады. Холиноблокаторлармен (атропин) бірге тағайындаса көз ішілік қысым жоғарылауы мүмкін.Антикоагулянтармен (индадион, гепарин), стрептокиназамен, урокиназамен бірге тағайындаса АІЖ жара және қан кету мүмкін.Калий ұстаушы диуретиктермен бірге берсе гипокалиемия дамуы мүмкін..
Ацетилсалицил қышқылы және басқа да ҚҚСП, этанол преднизолонның әсерін төмендетіп АІЖ жара және қан кетулерге алып келуі мүмкін.
8.Бетасерк. in vivo әдісімен басқа дәрілермен өзара қатынасы зерттелмеген.
Бетагистин гистамин аналогі болып табылады, бетагистинмен с Н1-гистамин рецепторларының блокаторларымен бір –бірінің эффективтілігіне әсер етеді.Науқас дәрігерге қабылдап жүрген дәрілері туралы хабарлау керек.
9.Диротон. Калийсақтаушы диуретиктермен (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттымен бірге тағайындаса гиперкалиемия дамиды,әсіресе бүйрек зақымы бар науқастарда.бета-адреноблокаторлармен бірге тағайындаса гипотензивті әсері жоғарылайды.Метилдопамен бірге тағайындаса гемолиз дамуы мүмкін. Бүйрек бұзылысы бар науқастарға диротонды сақтықпен қолдану қажет.ГКС мен де әсері солай.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 193 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |