Читайте также:
|
|
Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шаруашылық әрекеттері актив пен пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды,сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін.Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі:шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері.Сөйтіп,олар баланстың активінде және пассивінде немесе бір уақытта актите де,пассивте де болуы мүмкін.
Сонымен,шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа (типке) бөлуге болады.(1- сызба).
Актив | Пассив | ||
Көбеюі | Азаюы | Көбеюі | Азаюы |
![]() | ![]() | ||
![]() ![]() | |||
![]() | ![]() | ||
![]() | ![]() |
Сызба 1- Баланс баптарындағы өзгерістер типтері
Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді,ал екінші осы сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді.А+Х-Х=П
Мысалы,Кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысушотынан кассаға 178 000 теңге сомасында ақша қаражаты алынады.Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды:“Есеп айырысу шоты ” және “Касса”. “Касса” шоты бойынша сома артады,ал“Есеп айырысу шоты”бойынша сома тең сомаға кемиді.
Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді де,екіншісі сол сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді.П+Х-Х=F
Мысалы,Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54 000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады.Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: “Тартылмаған табыс” азаю жағына және “Резервтік капитал” көбею жағына өзгеріске ұшырайды.
Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді.Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді.А+Х =П+Х
Мысалы,Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120 000теңге сомасына материалдар алынып,кірістелді.Очы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі “Материалдар” бабы мен баланстың пассивіндегі “Жабдықтаушылар мен мердігерлер бабы” көбейеді.Баланс валютасы да осы сомаға артады.
Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де,пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды.Баланс валютасы сол сомаға азаяды. А-Х=П-Х
Мысалы,Кәсіпорын қызметшілеріне 137 000теңге сомасында төлемақы берілді.Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің “Касса” шоты мен баланс пассивінің “Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу” щоты кемиді.Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 163 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |