Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

X – дәріс. Саяси әлеуметтану

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  8. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  9. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

Жоспар:

 

1. «Саяси жүйе» ұғымы

2. Саяси әлеуметтену және саяси мәдениет.

3. Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде.

 

Әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. А., 2005

2. Политология. Учебное пособие. Под. Редакцией А. Нысанбаева. А.,1998

3. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004.

 

Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. «Жүйе» ұғымы XX ғасырдың 20-шы жылдары алғаш еңгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді.

«Саяси жүйе» категорияның шығуы Т. Парсонстың қоғамның жүйелік талдау теориясының дамуымен байланысты. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деген.

XX ғ. 50 ж. Американың саясаттанушысы Давид Истон саяси жүйе теориясын еңгізген. Содан кейін оны Г. Алмонд, К. Дойч еңбектерінде дамытты.

Саяси жүйе – қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтынинституттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.

Саяси жүйенің құрылымы:

1. институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдарды жатқызады;

2. нормативті, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады.

3. коммуникативті, қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиді;

4. мәдени, саясаттың ішкі эмоцианалды жақтарын қарастырады.

5. функционалды, әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

Саяси жүйе жұмыс жасап, дамуы оның «кіруі» мен «шығу» принциптеріне байланысты.

«Кіріске» жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктері. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол «шығыс» деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағыда басқалары. Саяси жүйе басқа қоғамның жүйелерінен айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйенің қызметтері:

1. белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнатады.

2. қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. саяси қатынас субъектілерінің қызығушылықтарын көрсетуі.

4. экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.

5. қоғамның бірігуі.

6. саяси әлеуметтену (индивидтің саяси санасы).

7. саяси биліктің легитимациясы.

Саяси жүйе әр түрлі критериялар бойынша жіктеледі.

Р. Аронның пікірінше қоғамның түріне қарай саяси жүйе дәстүрлі, модернистік, демократиялық және тоталитарлық түрлерге бөлінеді.

Марксизм қоғамдық – экономикалық формацияға қарай саяси жүйе құлдық, феодалдық, буржуазиялық және пролетарлық (социалистік) түрлерге бөледі.

Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөлген: либералдық демократия, коммунистік жүйе, дәстүрлі, авторитарлық (дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған с. ж.), авторитарлық – консервативтік (онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады).

Г. Алмонд саяси мәдениеттің, рөлдік құрылымына қарай с. ж. 4 жікке бөледі:

1. ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениет біріңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, ұқыптылық, саяси либерализмге негізделген.

2. құрылықтық-еуропалық саяси жүйе құндылықтар жүйесі, идеалдары әлеуметтік топқа (этносқа, тапқа) ұқсайды. Саяси мәдениеттің фрагментарлығынан тұрақсыздық пайда болады, сондықтан батыс елдерінде үкіметтік және парламенттік дағдарыстар жиі болады.

3. индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйе жабық саяси мәдениетпен сипатталады. Адамдар глобалдық саяси мәдениетке назар аудармайды, тек қана өздерінің саяси жүйесін қолдайды (ауыл, ру). Осындай жүйелердің көпшілдігі келісімге немесе компромисске жету мүмкіндігін бермейді, осыдан зорлық - зомбылық татуласудың құралы болады.

4. тоталитарлық саяси жүйе билікпен берілген бірақ, саяси мәдениет, құндылықтар мен саяси тәртіп үлгілері ең басты роль ойнайды. Билеуші партия с. ж. барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.

2. Саяси мәдениет - қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрлердің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси әрекетті бағыттап, бақылай алады. Элементтері:

- саяси стереотип (қағида, таптаурын)...саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

- саяси сана - саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмпирикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

- саяси менталитет - ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық, сапалы, тұрақты жағдайы. Индивидтің, әлеуметтік топтың, саяси альянстың, саяси партияның, халықтың ойлау түрі.

- саяси әлеуметтену - адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу үрдісі.

Саяси әлеуметтенудің басты кезеңдері:

- саясилану

- идеологизация

- институттану

Тікелей саяси әлеуметтену - мемлекет өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың с.ә...нуін өзі қадағалайды.

Қосалқы саяси әлеуметену - мемлекет араласпайды, тұлға өз қабілеті мен тілегіне орай қоғамға бейімделіп, мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

«Саяси мәдениет» ұғымын ең алғаш қолданған немістің философы Иоганн Гердер (18 ғ.). Ал саяси ғылымның категориясы ретінде Г.Алмонд енгізген. Осы түсінік арқылы қоғамның саяси жүйе мәселесін зерттеуге болады. 1963 жылы Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында саяси мәдениеттің жіктелуі көрсетілген.

1. патриархалдық – азаматтардың саяси өмірге қызықпаушылымен сипатталады;

2. азаматтық - адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп араласпайды;

3. қоғамшыл тұрпатындағы - азаматтар саясатқа белсене араласады.

Қызметтері:

- интеграциялық, алуан түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, қоғамдастықтардың бірігуі, қоғамның тұрақтылығын сақтайды және оның дамытады;

- коммуникативті, саяси тіл, белгілер, нормалар, құндылықтар, мінез-құлықтың стериотип арқылы саяси субъектілерінің бір-бірін түсінуі, өз-ара қарым қатынастарды білдіреді;

- регулятивті - саяси ой және жалпы саяси мінез-құлық нормалары арқылы алуан түрлі саяси қатынас субъектілердің іс-әрекеттерін реттейді;

- саяси әлеуметтену.

3. «Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:

· аристократиялық котерийлер (үйірмелер)

· саяси клубтар

· көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалы: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялақ, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялақ, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламентттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетіледі.

Қоғамда партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.

Саяси партиялардың негізгі қызметтері:

· жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;

· басқа партиямен бәсекелестікте болу;

· белсенді мүшелерін саяси элитаға еңгізу;

· мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;

· қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

 

 

Тест сұрақтары:

 

1. Саяси әлеуметтануы пәнінің обектісі

А) Саясат

В) Мемлекет

С) Азаматтық қоғам

Д) Әлеуметтік институттар

Е) Әлеуметтік қатынастар

2. Саяси мәдениеттің мазмұнын меңгеру барысында азаматты қалыптастыру, адамды саяси өмірге белсенді қатысуға дайындау:

А) саяси әлеуметтену

В) саяси құбылыс

С) саяси үдеріс

Д) саяси партия

Е) саяси ұйым

3. Мемлекетте билікке ие болуға немесе билікті жүзеге асыруға қатысатын идеологиялық тұтастығы бар, ерікті одақ:

А) саяси партия

В) саяси құбылыс

С) саяси үдеріс

Д) саяси ұйым

Е) саяси қатынас

4. Саясат социологиясы нені зертейді?

А) Халық пен саяси биліктің өзара қарым - қатынасына қатысты мәселелерді

В) Экономиканың және халықтың өмір деңгейіне қатысты мәселелерді

С) Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тарихын

Д) Саяси өмірдің тарихын, мемлекетті басқарудың түрі мен мазмұнын

Е) Саяси мәдениет, халықтың белсенділігіне қатысты мәселелерді

5. Бұл қоғамды басқаша «ақпараттық қоғам» деп атайды. Ол қай қоғам

А) Постиндустриалды

В) Дәстүрлі

С) Индустриалды

Д) Индустриалдыққа дейінгі

Е) Капиталистік

6.Қоғамдық пікірді зерттеу қандай әдіс арқылы жүргізіледі?

А) сауалнама

В) құжаттарды сұрыптау

С) жанама бақылау

D) эксперимент

Е) тікелей бақылау

7. Президенттік республика деп...

А. Конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрін айтамыз

В. Конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылысты айтамыз

С. Мемлекетті халық басқаратын мемлекеттік құрылыс

Д. Мемлекетті белгілі бір саяси партияның басқаруын атаймыз

Е. Мемлекетті монарх басқаратын республиканы айтамыз

8. Ұлт дегенiмiз не?

A) Территорияның тұтастығымен, тiлiмен, экономикалық өмiрiмен, салт-дәстүрiмен, ортақ психологиялық қасиеттерiмен байланысқан адамдар жиынтығы

B) Ортақ тiл ұлттың басты белгiсi болып табылады

C) Бiр территорияда тұратын адамдардың жиынтығы

D) Кәсiби мүдделерiмен және дағдыларымен бiрiккен адамдар

E) Өндiрiс құралдарына қатысына қарай бiр-бiрiмен ерекшеленетiн адамдардың топтары

9. Этностың негiзгi құрамдас элементтерiн көрсетiңiз:

А) Тайпа, ұлыс, ұлт

В) Таптар, жiктер, топтар

С) Страта, нәсiл, ұжым

Д)Отбасы, мемлекет, партия

E) Қоғамдық қозғалыстар, кәсiподақ, шығармашылық одақ

10..Жұмыскерлердің белсенділігін доғарып, шешімді жалғыз қабылдайтын және орындауды тыңғылықты бақылайтын басқарудың қатқыл әдісі:

А) авторитарлық

В) анархиялық

С) либералдық

Д) демократиялық

Е) тең қатарлы

11. Жұмыскерлердің белсенділігін қолдап, мәселелерді бірге талдап, шешімді бірлесіп қабылдап, орындауын жалпы бақылауға алатын басқарудың жұмсақ әдісі:

А)демократиялық

В) анархиялық

С) либералдық

Д) авторитарлық

Е) тең қатарлы

12. Әлеуметтік институттың ресми белгілерін таңдаңыз:

А) ту, әнұран, заң

В) адамның еңбекке, оқуға, демалуға құқы

С) жұмыскерлердің тәртібі, мәдениеті

Д) құндылықтар, табыс, еркіндік

Е) үлгілер, мәртебелер

13. Элита теориясын жетiлдiрген

A) В.Парето

B) М.Вебер

C) О.Конт

D) Э.Дюркгейм

E) З.Фрейд

14. Қауіпсіздік және тәртіп қажеттілігі қай әлеуметтік институтқа тән

А) Саяси

B) Жанұя

C) Экономикалық

D)Білім

E) Дін

15. Қандай стратификациялық жүйе ашық жүйе болып табылады?:

А) Таптық

B) Сословиелiк

C) Касталық

D)Құлдық

E) Топтық




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 322 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Основными элементами финансов предприятий и корпораций явл-ся капитал, доходы, денежные фонды.| Темы для углубленного изучения

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.024 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав