Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы

Әдебиеттер:

1. Руденко Р.И. Практикум по социологии. М: 2000

2. Андрущенко В.П. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996

3. Смелзер Н. Социология.-М., 1994

4. Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, методы. Саратов, 1995

 

Жоспар:

1. Әлеуметтанулық зерттеулер. Социологиялық ақпаратты жинау әдістері.

2. Социологиялық зерттеудің бағдарламасы, оның құрылымы және құрамдас бөліктері.

3. Іріктеу жиынтығы және оның түрлері

 

1. Зерттеу пәні, онда шешілетін міндетінің күрделілігі мен масштабына қарай социологиялық зерттеудің негізгі 3 түрін бөліп көрсетеміз:

Барлаушылық (кейбір әдебиеттерде пилотажды, зондажды зерттеу) - өз мазмұнына қарай шектеулі міндеттерді шешетіндіктен нақты социологиялық талдаудың ең қарапайым түрі. Ол онша көп емес зерттелетін жиынтықтарды қамтиды. Бұл зерттеу терең және масштабты зерттеудің қосымша кезеңі түрінде қолданылады. Негізінен барлаушылық зерттеулерде алғашқы социологиялық мәліметтер жинауда аз мерзімде жүзеге асырылатын анкета және сұхбат сауалдары жүргізіледі.

Сипаттаушылық зерттеулер нақты социологиялық талдаулардың күрделі түрлерінің бірі. Өзінің мақсаты мен міндетіне қарай зерттелетін құбылыспен оның құрылымдық элементтері туралы эмпирикалық мәліметтер алады. Сипаттаушылық зерттеулер зерттеу объектісі әртүрлі сипаттары бар адамдардың үлкен қауымы болғанда қолданылады. Бұл әртүрлі мамандықтары мен категориялары, еңбек стаждары, білім деңгейлері, отбасы жағдайлары бар ірі кәсіпорын ұжымы болуы мүмкін (қала тұрғындары, аудан, облыс, аймақ).

Сипаттаушылық зерттеуде алғашқы мәліметтерді жинау оның міндеттері мен бағыттылығымен анықталады. Әртүрлі әдістердің сәйкестенуі социологиялық мәліметтердің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

Аналитикалық социологиялық зерттеу - құбылысты өте терең зерттеу мақсатын алдына қояды. Егер сипаттаушылық зерттеу барысында зерттелетін объектінің сипаттарының арасында байланыс бар екендігі зерттелсе, ал аналитикалық зерттеуде, осы байланыстың себептік сипаты бар екені анықталады. Мысалы: егер алғашқы жағдайда атқарылған еңбектің мазмұнына қанағаттану жүрсе, ал екіншісінде сол еңбек мазмұнына қанағаттанудың негізгі себептері анықталады, яғни оның өнімділік деңгейіне әсер ететін негізгі жағдай осы болып табылады. Аналитикалық зерттеуді дайындау көп уақытты, жақсы бағдарлама мен құралдарды талап етеді. Мұнда бірін-бірі толықтыра отырып, сауалдың, құжаттарды талдаудың, бақылаудың әртүрлі формалары қолданылады.

Пәннің статикада немесе динамикада қарастырылуына байланысты социологиялық зерттеулердің 2 түрі бар: нақты және қайталанатын.

Нақты зерттеулер - қандай да бір процестің немесе құбылыстың зерттелген уақыттағы жағдайы мен сандық сипаттамалары туралы мәліметтер береді. Бірақ мұндай зерттеулер бірнеше зерттеулердің нәтижесінде беріледі және қандай да бір уақыт ішінде. Бірдей бағдарламалары мен құралдары бар мұндай зерттеулер қайталанатын деп аталады. Алынатын мақсатына қарай мәліметтерді қайтадан жинау 2-3 кезеңнен өтуі мүмкін.

Кез келген нақты социологиялық зерттеу мынадай бес негізгі кезеңдерден тұрады: 1/ зерттелетін құбылыстарды анықтап, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау; 2/ зерттеу бағдарламасын жасау; 3/ мәліметтер жинау; 4/жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 5/ ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру.

Әлеуметтану әдістері – ғылыми зерттеулерді анықтайтын, негізгі танымдық тәсілдерінің жиынтығы.

Оларды келесі түрлерге бөледі:

· сапалық

· сандық

· жалпығылыми (жүйелік, құрылымды –функционалды, бихевиористік)

Эмпирикалық әлеуметтануда:

· әлеуметтанулық сұраулар

· сауалнама

· нақты (контент) талдаулар

· сұхбат

· байқау

· эксперимент әдістері қолданылады.

Әлеуметтік зерттеу пәні дегеніміз - зерттеуге қажетті құбылыстар мен үрдістердің сапалық қасиеттері. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты - әлеуметтанушының жұмыс аяқталғаннан соң алуы тиіс нақты нәтижесі. Әлеуметтік зерттеу міндеттері - зерттеудің ең басты мәселесіне жауап беру үшін талқылауға қажет мәселелер шеңбері. Әлеуметтік зерттеу объектісі дегеніміз - әлеуметтік зерттеулер бағытталған қоғамдағы құбылыстар мен үрдістер. Әлеуметтік зерттеу объектісіне - әлеуметтік байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар жатады. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы дегеніміз - бұл әлеуметтік объектінің методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздері бар ғылыми құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу мәселе мазмұнынан басталады. Әлеуметтік зерттеу әдісі - мәліметтер жинау, өңдеу және анализ жасаудың негізгі тәсілі. Әлеуметтік зерттеу техникасы - әлеуметтік ақпараттарды жинаудың қандай да бір әдісін ұсынатын арнайы әдістер, нақты танымдық операциялар жиынтығы. Әлеуметтанудағы гипотеза дегеніміз - әлеуметтік объектілер құрылымы туралы, әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми тұжырым. Пилотаждық зерттеу дегеніміз - байқап көру үшін жүргізілетін зерттеу. Бақылау, сұхбат, анкеталау әлеуметтік өлшем тәсілдеріне жатады.

Социологиялық зерттеу кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты мынадай кезеңдерден тұрады: 1)Зерттеуге дайындық кезеңі. 2)Алғашқы социологиялық мәліметтерді жинау. 3)Жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау және компьютермен өндеу. 4)Өңделген мәліметтерді талдау, (зерттеу нәтижесі бойынша есеп дайындау, қорытындылар мен нұсқаулар беру).

2. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық, әдістеме, зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады:

- методологиялық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зеттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;

- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс.

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның. Үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады.

Бағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.

Жалған проблема жасаудан аулақ болу керек. Нақты жағдайды көрсете алмайтын немесе бұрын шешімін тапқан мәселелерді жалған проблема деп атайды. Мұндай қателіктерге жол бермеу үшін зерттеушінің ғылыми ой - өрісі кең, өмірден түйгендер терең әрі мазмұнды болуы керек.

Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.

4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.

5. Зерттеу жоспарлары.

6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.

Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.

Социологиялық зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер социологиялық зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.

Социологиялық зерттеулердің міндеттері нәтижесінде социолог әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.

Социологиялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты социологиялық зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.

Мынадай мысал келтірейік: қайсы бір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін социологтарды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде социологтардың әрекеттері келесідей. Олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, социологтар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда социологиялық зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті социологиялық зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.

Социологтар оқу орнындағы оқу процесінің құрылымын, соның ішінде - студенттер үлгерімін көтеру жолдары мен төмендеуінің себептерін анықтауға көмектесетін көптеген социологиялық, педагогикалық және өзге де әдебиеттерді зерттеуге кіріседі. Оқу орнындағы студенттердің үлгерім табиғатын анықтауға көмектесетін бүкіл ғылыми білім осы зерттеуде пәндік саланы білдіреді. Негізгі бөлігінің үлгерімі төмен осы оқу орны студенттері аталмыш зерттеудің объектісі болып табылады.

Жақыннан қарағанда “үлгерім” ұғымының өзі себептік-салдарлық байланыстардың аса көп бөлігінен тұратын күрделі процесс екені белгілі болады. Оларға мыналар жатқызылуы мүмкін: студенттердің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы, әр түрлі пәндердің оқытылу стилі мен әдісі, кітапханада кітап қорының және оқу залдарында жеткілікті орындардың болуы, сабақ кестесі, тіпті қысқы және жазғы уақыттарында оқу орны ғимаратындағы бір қалыпты төмен немесе жоғары температуралық режимі де студенттер ықыластылығының, ауыршандылығының себебі болуы мүмкін. Олардың барлығы да студенттердің үлгерім деңгейінің жоғарлауына немесе төмендеуіне әсер етуі мүмкін.

Өз кезегінде, осы себептер тобының әрқайсысы қосымша айқындауды қажет етеді. Мысалы, студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығы ол мамандықтың беделінің (көпшіліктің пікірінше ол мамандықтың қажеттілігінің) төмендеуіне, аталмыш мамандық бойынша мамандардың тым көп болуына, болашақ мамандар жұмыс істейтін кәсіпорындардың жабылуына және т.б. байланысты болады. Оқу орнында пәндерді оқыту әдісі мен стилі жөніндегі мәселе, өз кезегінде көптеген теориялық және эмпирикалық сәттерге бөлінеді. Социологтарға осының барлығын анықтап, аталмыш зерттеуде қолданылатын анықтамалардың нұсқаларын өз үшін айқындауға тура келеді. Осындай теориялық-методологиялық дайындықтың аяқталысымен социологтар осы зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдардың операциялық анықтамасын жүзеге асырады.

Іс жүзінде, осындай алдын ала анықтаудан кейін де аталмыш оқу орнында зерттеуді бастау әлі мүмкін емес. Өйткені, теориялық жағынан түсінікті ережелерді студенттерден бірден сұрауға болмайды. Мысалы, “оқыту әдісі қандай” деген сұраққа бір мағыналы жауапты қалай алуға болады? Сондықтан “оқыту әдісі” ұғымының мазмұнын оны “лекциялық-монологтық”, “лекциялық-диалогтық”, “проблемалық лекция” және т.б. сияқты құрамдас сәттеріне “бөлуге” тура келеді. Жалпы алғанда, ұғымдардың мазмұны әрбір респонденттің бір мағыналы түсінетін деңгейіне жеткен кезде, ұғымды операцииялық анықтау эмпирикалық түсініктемелеу деңгейіне жеткізілді деп айта аламыз. Сонда зерттелетін өмір сәттерінің мәні мен мазмұны социологтар түсінетіндей мағынада әркімге түсінікті болады.

Алайда оқыту әдісінің әрбір көрсетілген аспектісі тәжірибе жүзінде әр түрлі дәрежеде көрініс беруі мүмкін. Мысалы, студент мына лектор өзінің лекциясын “лекциялық-диалогтық” әдісте оқиды деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл белгі аталмыш оқытушыға “өте күшті емес”, жәй ғана “күшті” дәрежеде тән. Респондент пікіріндегі тіпті осындай кішкене өзгешілікті дәл тіркеу үшін өлшемнің дәл шамасын жасау қажет. Өлшем шамалары шамамен былайша құрылады: “өте күшті - күшті - орташа - әлсіз - өте әлсіз” - “бағалай алмаймын” немесе “өте жиі - жиі - орташа - сирек - өте сирек - бағалай алмаймын” немесе “өте жоғары - жоғары - орташа - төмен - өте төмен - бағалай алмаймын” және т.с.с.

Бұл деңгейде студенттердің оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынасының лекция сияқты ерекше формасы арқылы орын алатын оқыту әдісінің жүзеге асырылуының сапасы туралы түсінігіндегі оқу орнындағы білім беру жөніндегі габитус мазмұнының құлдырауы жүреді.

Алдын ала операциялық анықталған ұғымның мазмұны, сөйтіп өзінің барынша айқындалған өлшем шамасымен бірге эмпирикалық түсініктемелеуге ие болады. Социологиялық зертеудің болашақ құралдары (әдістері) өлшемдерінің жасалуының осы кезеңі бағдарламада өзгермеліліктің немесе өлшем шамасының (бірлігінің) орнауы деп аталады. Олар өлшенетін әлеуметтік құбылыстардың индикаторларына айналады.

3. Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

Жиынтық - оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы.

Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

Мысал: “N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады.

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 319 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав