Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  9. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

Әдебиеттер:

1. Тощенко Ж.Т. Социология –М.1998

2. Фролов С.С Основы социологии – М,.1997

3. Тимошинов В. Культурология. А., 2001

4. Габитов Т. Культурология. А., 2002

 

Жоспар:

1. Мәдениетті әлеуметтанулық талдау.

2. Мәдениеттің мәні, элементтері

3. Мәдениеттің түрлері мен формалары

4. Мәдениет және әлеуметтену.

 

1. “Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады. Мәдениет терминінің алғашқы түсінігі аграрлық саламен байланысты болса ортағасырларда бұл терминнің астарында «маданиат» араб тілінде «қала», неміс тілінде «kujtur» өркениет ұғымдары түсіндіріле бастады. Жаңа заман дәуірінен бастап бұл термин адамға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі таңда мәдениетті «екінші табиғат» деп түсінеміз. Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты. Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады. Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.

Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Әлеуметтануда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтижелері мен процестеріне көзқарасы тұрғысынан қарастырылады

2. Мәдениеттің алғашқы элементі – тіл. Тіл - адам тәжірибесін сақтаудың, жеткізілудің объективті формасы. Тіл нақтылы мәндермен үйлестірілетін белгілер мен символдардың жүйесі болып табылады. Тіл – аса маңызды қарым-қатынас құралы.

Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық - танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл барлық адамдардың жетуге тырысатын мақсаттары. әрбір қоғам өз құндылықтарын өзі таңдайды. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы.

Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:

1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);

2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықтық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбексүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);

3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).

Әлеуметтануда құндылықтар, ең алдымен, адамның мінез-құлқы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады.

Мәдениеттің келесі элементі норалар мен ережелер. Нормалар мен ережелер құндылықтардың сақшысы. Қазіргі таңда адам, оның өмірі ең жоғарғы құндылық болса онда ҚР конституциясының бірінші бабында адамның өмірі, құқықтар мен бостандықтарына ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы жайлы жазылғаны оған кепіл бола алады. Мәдениеттің келесі элементі – салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр - бұл мұраттар мен құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша немесе ауызша түрде тасымалдау, жеткізу, қолдау және сақтау процесі. Салт-дәстүр адам мәдениетінің барлық салаларын қамтиды. Салт-дәстүрсіз адамзат тарихында ешқандай мәдениет өмір сүре алмайтынымен қоса, онсыз кез келген адамдар қауымдастығының өмір сүруін көз алдымызға елестету мүмкін емес, ал салт-дәстүр - бұл мәдениет және өркениет қоғамы онсыз өмір сүре алмайтын жалпы рухани негіз. Бір сөзбен айтқанда, салт-дәстүр - жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы.

3 Мәдениетті екі түрге бөлеміз: Материалдық және рухани.

Материалдық мәдениет бұл адамдардың материалдық өндiрiсiнiң қызметiнiң нәтижелерi оған өндiрiс түрғын үй тұрмыстық құралдар мен заттар киiм көлiк байланыс құралдары дене тәрбиесi және т.б. жатады.

Материалдық мәдениетке еңбекпен материалдық өндiрiс мәдениттерi, тұрмыс мәдениетi, тұрғылықты мекен жайдың ауыл, қала, мәдениеттерi адамның өзiнiң сыр сымбатына қарым-қатынас мәдениетi жатады.

Рухани мәдениет – философия, құқық, этика, эстетика, ғылым, әдебиет, мифология, дiни сенiмдерде яғни адамдардың рухани дүниесiн қамтитын сананы қарастыратын таным, адамгершiлiк, тәрбие, беру және бiлiм алуды қамтиды. Рухани мәдениет ол көп қабатты болып келедi де философиялық, адамгершiлiктiк, көркемдiк, құқықтық, педагогикалық дiни танымдық және интеллектуалдық мәдениеттердi қамтиды.

Мәдениеттің формалары. 19 ғасырдың басында батыс өркениетінде дамыған мәдениеттің жетістіктері (классикалық әдебиет, өнер, музыка) жоғарғы тап өкілдерінің үлесіне тиесілі болды. Ал аңыз ертегілер, батырлық жырлар яғни, ауыз әдебиеті кедейлердің үлесіне тиді. Осыған байланысты сол уақытқа мәдениетті жоғарғы және төменгі деп бөлу тән болды. Ал кейін ҒТР көмегімен бұқаралық ақпарат құралдары дамыды. Бұқаралық ақпарат құралдары жоғарғы және төменгі мәдениет арасындағы бұзылмастай болған шекараны бұзды. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан ақпараттарын барлық халық пайдалана алғандықтан енді мәдениеттің үшінші формасы бұқаралық мәдениет дамыды. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан ақпараттары әр алуан болғандықтан әрбір адамның талап, мүдде, қызығушылықтарын қанағаттандыратын және қоғамда мәдениеттің жаңа формаларының туындауына мүмкіндік беретін. Қоғамда басшылық етуші мәдениеттің құндылықтарына қайшы келмейтін бірақ өзіндік ерекше мәдени нормалар мен құндылықтарға ие топтар пайда бола бастады. Оны субъмәдениет деп атймыз. Мысалы, жастар субъмәдениеті (рокерлер, байкерлер, т.б.). Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің кешендерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен ерекшеленетін автономды тұтастай білім.

Әлеуметтануда субмәдениеттің пайда болуы қоғамдық субмәдени және мәдени қажеттіліктеріне жағымды жауап ретінде (кәсіби мәдениет) және қоғамда үстемдік етуші мәдениет пен әлеуметтік құрылымдарға жағымсыз әсер ретінде (деликвентті субмәдениет, яғни қоғамның қылмыстық топтар мәдениеті) қарастырылады. Ұлттық, дінаралық, кәсіби субмәдениеттерді, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, т.б. субмәдениетін атап көрсетуге болады. Субмәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы жасы үлкен-кішілі топтар, әлеуметтік топтар, ірі бейресми бірлестіктер болып табылады. Субмәдениет түсінігі әлеуметтік топтар қатарын мамандандыру, урбанизациялау әсерінен болатын мәдениеттің бірігу мен жіктеу процестерін және мәдени салт-дәстүрден ұзап кетуге әкелетін әлеуметтік икемділіктің күшею процестерін зерттеп-білуге көмектеседі.

Ал қоғамдағы басшылық етуші мәдениеттің құндылықтарына қарсы келетін нормалары мен құндылытары бар топтардың мәдениетін контрмәдениет деп атаймыз (мысалы, скинхедтер, хиппилер, т.б.).

4. Мәдениет қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады, ол ең алдымен адамзат тәжірибесін сақтаудан және жеткізуден құралады. Бұл рөл бірнеше қызметтер арқылы іске асырылады:

1) мәдениеттің білім беру тәрбиелік қызметі. Жеке адам әлеуметтенуінің арқасында тұлға, қоғам мүшесі, адам болып қалыптасады, яғни барлық адамзаттың және өзінің әлеуметтік тобының, өзінің халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, нормаларын, құндылықтарын, рәміздерін, тілдерін, білімдерін игереді. Тұлғаның мәдени деңгейі оның әлеуметтенуінен - мәдени мұраға араласуынан, сонымен қатар жеке-дара қажеттіліктерінің даму дәрежесінен көрінеді. Тұлғаның мәдениеті әдетте дамыған шығармашылық қабілеттерімен, эрудициясымен, өнер туындысын түсінуімен, ана тілі мен шет тілін жетік меңгеруімен, ұқыптылықпен, сыпайылықпен, жоғары өнегелілікпен ұштастырылады;

2) мәдениеттің интегративтік және дезинтегративтік қызметі. Э.Дюркгейм өз зерттеулерінде осы қызметке ерекше көңіл бөледі. Э.Дюркгейм бойынша, мәдениетті игеру адамдарда – қандай да бір қауымдастық мүшелерінде, қауымдық сезімін, бір ұлтқа, халыққа, дінге, топқа жату сезімін қалыптастырады. Осылайша мәдениет адамдарды шоғырландырады, қауымдастықтың тұтастығын қамтамасыз етіп, біріктіреді интегративтік қызметін атқарады. Осы үлкен қоғамдастықтар мен қауымдастықтар ішінде мәдени жанжалдар пайда болуы мүмкін. Осылайша мәдениет дезинтеграциялану қызметін атқарады;

3) мәдениеттің реттеуші қызметі. Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен мінез-құлық үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бөлшегіне айналады. Олар адамдардың мінез-құлықтарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, күнделікті тіршіліктегі мінез-құлқын реттейді, өйткені ол тыйым салу мен ережелер жүйесін қамтиды. Бұл тыйым салу мен ережелерді бұзу қоғамдастықтармен бекітілген және институционалды мәжбүрлеудің әр түрлі нысаны мен қоғамдық пікір күштерінен қолдау алатын қандай да бір санкциялардың әрекет етуіне алып келеді.

Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынастар жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енудің нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады.

Демек, адам адам болып тумайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен отбасында тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.

Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бөлшегіне айналады. Олар адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, күнделікті тіршіліктегі жүріс-тұрысын реттейді, өйткені ол тиым салу мен ережелер жүйесін қамтиды. Бұл тиым салу мен ережелерді бұзу қоғамдастықтармен бекітілген және институционалды мәжбүрлеудің әр түрлі формасы мен қоғамдық пікір күштерінен қолдау алатын қандай да бір санкциялардың әрекет етуіне алып келеді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 523 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав