Читайте также:
|
|
Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
М020800 – АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ
БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
АРНАЛҒАН ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2014
МАЗМҰНЫ
Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері
6М020800- Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған емтихан сұрақтары олардың аталған ғылым салаларындағы жалпы білім деңгейі мен дайындығын анықтауға арналған. Бұл мамандық археология және этнология салалары бойынша жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауға негізделген.
Міндеттері:
• археологиялық және этнологиялық зерттеулердің теория-әдістемелік негіздерін білу;
• кешенді саралау және ғылыми әдебиет және тарихи деректерді қолдану әдістерін меңгеру;
• қолда бар материалды қарастыру үшін алынған теориялық білімді қолдана білу;
• ғылыми мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-аналитикалық қабілеттілікті жүзеге асыра білу;
• зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды саралай және жүйелеу білу;
• археологиялық және этнологиялық әдістерді материалды жинау мен өңдеуде қолдану;
• отандық және шетелдік археология және этнология ғылымы саласындағы білімді еркін меңгеру.
Түсу емтиханының формасы – жазбаша, емтихан сұрақтары бойынша өзінің жауаптарын жауап парағына жазып, емтихан комиссиясына жауап парағы арнайы код арқылы келеді. Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары арқылы қарастырылады.
Магистратураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап
Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат).
Тапсырушылар білуі керек: археология және этнология ғылымдарының іргелі мәселелерін, аталмыш тақырып бойынша әдіснамалық негіздерді, этнос теориясының этникалық зерттеулеріндегі теориялық аспектілерді, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенезі мәселелерін.
Сонымен қатар оларда отандық және шетелдік антропология ғылымы алдында тұрған негізгі мәселелер жайлы нақты түсініктер, археологиядағы негізгі өзекті бағыттар жайлы, археологиялық зерттеулердің теориялық аспектілері мен әдіснамасы жайында, археологилық ізденістердің ережелері жөнінде, маңызды археологиялық ашулар мен қазақтардың мәдени-шаруашылық түрлері және қазақ халқының заттық және рухани мәдениетіндегі зерттеулердегі мәселелері туралы нақты көзқарастары болу керек.
Емтихан тақырыптарының атауы
Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан ерекшеленеді.
азақ халқының материалдық мәдениеті» пәні
1. Мәселенің дереккөздері мен тарихнамасы. Археологиялық материалдар. Көне және ортағасырлық тұрғын үйлердің, қоныстардың, қалалардың көркем суреттерден, ыдыстардан, барельефтерден және т.б. заттардан көрініс табуы. Революцияға дейінгі тарихи-этнографиялық әдебиет. Шет елдік, кеңестік және қазақстандық тарихшы, археолог, этнолог, архитекторлардың зерттеулері. Музей коллекциялары мен мұрағат мәліметтері. Революцияға дейінгі суретшілердің еңбектері.
2. Қола және ерте темір дәуірлеріндегі тұрғын үйлер мен қоныстар. Шығысында Минусинскіден батысында Оралға дейінгі андрон археологиялық мәдениеті тайпаларының обалары, қоныстары және тұрғын үйлері. Жер кепелер, жер бетіндегі тікбұрышты тұрғын үйлер, Солтүстік Қазақстандағы көне қалалардың (Арқайым) негізін салушы қоныстар. Сырдарьяның төменгі ағысындағы Тегіскен мазарлары. Сақтар мен совроматтардың қоныстары мен тұрғын үйлері. Жаңадарьядағы Бәбіш-Молла, Шірік-Рабад қалалары мен отырықшы қоныстары. Тянь-Шань таулы аудандарындағы, Шу даласындағы үйсіндердің қоныстары мен тұрғын үйлері. Қаңлылардың Ақтөбе, Шаушұқым, Жаман-Тоғай, Төребай-Тұмсық қоныстары.
3. Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ – ХІІІ ғғ.). Көшпелі және отырықшы тайпалардың, халықтардың өзара қатынастары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның далалары мен қалалары. Қала мәдениетінің қалыптасуының автохондық және соғдылық үлгілері. Арыстан-Баб мешітінің, Қожа Ахмет Яссауи мазарының құрылысы. Жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыс ісінде: кірпіш дайындаумен, қаптау материалдарымен, байланысты құрылыс әдістерінің жаңартылуы.
4. Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның елді мекендері, тұрғын үйлері мен қалалары (1734-1917 жж.). Кіші, орташа және ірі қалалар. Қалалар уездердің, облыстардың және генерал- губернаторлықтардың орталығы ретінде. Қалалардың жоспарлары мен архитектурасы. Отырықшы қоныстар мен тұрғын үйлер. Тұрғын үйлер, үйдің жеке бөліктерінің қызметі. Құрылыс материалдары мен техникасы. Елді мекендер мен жылжымалы түрлері, уақытша және мезгілдік. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен байланысты қоныстар мен киіз үйлер. Киіз үйдің ішкі жабдықтары. Киіз үй бөліктерінің даярлануы. Тұрғын үй құрылысымен және оған көшіп, кіру салтымен байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар.
5. Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз дамуы жылдарындағы елді мекендері, тұрғын үйлері мен қалалары. Ауылдар мен селолардың архитектуралық – жоспарлануы мен орналасуына революцияның, 1920-30 жж. ұжымдастырудың және 1950 ж. тың игерудің әсері. Ауыл тұрғын үйлерінің көлемдері мен жоспарлары. Құрылыс материалдары мен құрылыс әдістері. Архитектуралық безендіру. Интерьер (бөлменің ішкі көрінісі). Үй-жайлардың құрылысы. Тұрғын үйдегі жалпы және жеке жабдықтар. Кіші, орташа ірі қалалар. Облыс орталықтары, Солтүстік және оңтүстік астана (Астана мен Алматы). Қалаларды салу және жоспарлаудың ерекшеліктері. Қала шаруашылығы. Қалалықтардың тұрғын үйлері. Қала типтес кенттер, ауылдар мен селолар.
6. Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың киім үлгілері мен әшекей бұйымдары. Киімді, бас киімді дайындаудың көне материалдары, үй жануарларының жүндері, терісі. Петроглифтардағы, тасқа салынған суреттердегі тас ғасыры, неолит және қола дәуірлерінің киімдерінің фрагменттері (үзінділері) бейнеленген суреттер, сюжеттер мен композициялар.Орта ғасырлар және Қазақ хандығы дәуіріндегі әшекейлер мен киімдер кешені. Түрік дәуіріндегі тасқа салынған бейнелердегі, мүсін ескерткіштеріндегі, тас балбалдардағы киімдердің композициясы. Сырттан әкелінген маталардың, шыт бұйымдарының таралуы.
7. ХІХ-ХХ ғ. басындағы дәстүрлі киім-кешек және әшекейлер кешені. Этникалық, экономикалық және табиғат жағдайларына байланысты көне әдет-ғұрыптардың қазақтардың ұлттық киімінен көрініс табуы. Қарапайым халық арасында үйде қолдан жасалған киімдермен (теріден, жүннен) қоса, шыт маталардан жасалған фабрика өнімдерінің: шыт, бөз, мақтадан тоқылатын кездеменің, сонымен қатар ортаазиялық қолөнер бұйымдарының таралуы.
8. Дәстүрлі тағамдану жүйесінің экологиялық жүйемен және шаруашылық түрімен байланысы. Тамақтану жүйесінің құрылымы: өсімдік және мал өнімдерінің басым түсуі. Балық өнімдерін пайдалану. Қазақтардың дәстүрлі тағамдануындағы үй құсы етінің болмауы. Сүт тағамдары. Өсімдік тағамдары. Тамақтану: режим, этикет. Қазақтардың тамақтану жүйесінің өзгеруі. Тамақтануға байланысты ырымдар мен әдеп-ғұрыптар.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |