Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанда инвазионды ауруларға қарсы шараларды жүзеге асыру жоспарларын сипатта.

Читайте также:
  1. Азақстанда этнология мектебінің қалыптасуы және дамуы.
  2. Андай витамин құрқұлақ ауруына қарсы қолданылмайды?

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» базасында «Құтырманың алдын-алу» және «Инвазионды аурулар» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинарға алдын-алу, эпидеммияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралар сұрақтары бойынша қатысты ұйымдар (ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Республикалықветеринарлық зертхана, ГУ «Астанақаласының ауыл шаруашылығы басқармасы»ММ, Астанақаласының ІІД және т.б.).

Семинарда паразитарлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы, құтырманың алдын-алу бойынша слайдтар көрсетілді.

-Үй жануарларын егу қажеттілігі және паразитарлық аурулардың аладын-алу туралы;

-қаңғыбас бақылаусыз жаныарларды аулауға бақылауды күшейту;

-тұрғындарға сатылатын балық және ет өнімдерін зертханалық сараптамасы бойынша жұмысты жақсарту;

- қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз шикі балықты сатуға жібермеуді, сонымен қатар, жануарлардың профилактикалық дегельминтизациясын жүргізу қажеттілігі туралы халық пен жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы ұсыныстар беріліп инвазионды ауруларға қарсы шараларды жүзеге асыру туралы жоспарды алға мақсат етіп қойған болатын.

31. Қарапайымдылар қозддыратын ауруларға зертханалық диагноз қлю әдістерін сипаттаңыз. Қарапайымдылар еркін немесе паразиттік тіршілік ететін бір жасушалық эукариоттық организмдер. Адам организмінде уақытша немесе тұрақты түрде қарапайымдылардың ондаған түрлері мекендейді. Олардың кейбіреулері ішек жолында кең таралған, зиянсыз мекендейтіндер, ал біраз түрлері жедел және созылмалы аурулар қоздыратын патогенді паразиттер болып табылады. Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік облыс аймақтарында кейбір паразиттік инвазиялар тіркелген. Биологиялық сұйықтықтарда, тіндерде және науқастың әртүрлі бөлінділерінде паразиттерді іздестіру үшін нақтылы әдістерді таңдап алған дұрыс. Зертханалық талдау үшін алынатын заттары: науқастан алынған нәжістер, қан, несеп, тері жанамасы, тін кесіндісі, өт, ұлтабар, жұлын сұйықтары және т.б. Қанды зерттеу. Қанда паразиттер бар екеніне күмәнданса, әрқашанда жұқа және қалың жағынды бір мезгілде дайындалады. Жағындыларды жалпы қабылданған әдістердің біреуімен бояйды (Романовский-Гимза, Лейшман немесе Райт). Бұл кезде қарапайымдылардың ядро хроматині қызыл түске, ал цитоплазмасы көкшіл түске боялады. Қанда паразиттерді табу үшін жұқа жағындыны қанды гематологиялық зерттеуге дайындағандай етіп жасайды. Нәжісті зерттеу. Қарапайымдылардың вегетативті түрлері тіршілігінің сақталуы үшін шамалы болса да сұйықтау ортаны, қажет етеді. Сондықтан олар көбінесе сұйық, жартылай сұйық кілегейлі нәжісте, қарапайымдылар цисталанған жағдайда кездеседі. Қарапайымдылардың қозғалысы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік беретін белгінің біреуі болғандықтан, нәжісті сыртқа салысымен, әрі кеткенде 20-30 мин кешіктірмей зерттеу керек. Негативті жағынды. Препаратты заттық әйнекше бетінде дайындайды. Көзге көрінбейтін қоспалары жоқ қанды кілегейлі сұйық нәжістерді NaCl ерітіндісін қоспай-ақ зерттеуге болады. Ағаштан жасалған таяқшамен нәжістің бір тамшысын әйнекше бетіне салады да, жабынды әйнекшемен жабады. Шыны таяқшаны мүмкіндігінше қолданбау керек, өйткені кілегейлі бөлшектерін алу өте қиын. Препаратты микроскопқа қойып, алдымен кіші үлкейткішпен, сонан кейін орташа үлкейткішпен қарайды. Жарық өте күшті болмауы керек., себебі мөлдір объектілерді байқамау қалуы мүмкін. Негативті жағындыда қарапайымдардың қозғалғыш түрлері жақсы көрінеді. Диагноз қоюдың ксеналық әдісі. Бұл әдіс организмдерде паразиттер көбейетін аралық иелеріне немесе тасымалдаушы жәндіктерге жұқтыруға негізделген. Практикада диагностикалық мақсатта T.cruzi қоздырған инвазия кезіндегі төменгі деңгейдегі паразитемияны анықтау үшін триатомия қандаласын қолданады.

 

32. Патогенді құрттар туғызатын ауруларға зертханалық диагноз қою әдістерін сипаттаңыз. Жалпы патогенді құрттарға бірнеше құрттарды жатқызуға болады. Соның ішінде жұмыр құрттар жайлы айтатын болсақ яғни олардың зияны, олар қалай тіршілік етеді, даму циклі қалай: Жұмыр құрттардан - нематодоз аурулары пайда болады. Осылардың ішінде әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен аталады. Мысалы: Fasciola hepatica - бауыр сорғыштың тудыратын ауруы - фасциолез; Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides - аскаридоз; Trichinella spiralis - трихинеллез, т.б. Адам аскаридасы – бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы – 15-25 см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4 % улы калий н-е натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік т.е. байланысты, өте маңызды. Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы темп-да 28-33 С ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10– 15 күннің ішінде дамып жетіледі де, инвазиялық сатысына ауысады, яғни иесінің денесінде ары қарай дами беруге қабілетті. Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде н-е көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. Оның себебі құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар – токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз н-е мұрын қуысы арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне жол ашады ж-е өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып н-е ішектің ішінде үнемі қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді. Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар профилактикалық алдын алу шараларын бұлжытпай орындау, тұржын-жайды таза ұстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек. Себебі аскарида жұмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік тыңайтқышына түседі, сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы жұмыртқаларын жұтуымыз мүмкін. Сонымен бірге, аскариданың жұыртқаларын шыбындар, тарақандар тасуы ықтимал. Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын аузына апарып н-е жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын жұқтырады. Топырақтағы жұмыртқалар су ағысымен қзенге түседі, сол суды қайнатпай ішкен адам ауырады. Аскаридалар кең тараған паразит. Жапонияда аскаридозбен 100 % тұрғындар зақымданған, себеі ол елде адам нәжісі тыңайтқыш ретінде егіндіктерге шашылады.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 61 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав