Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын дәреже деңгейің тапқаны бугінде баршаға мәлім Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден - бір жолы мемлекет құрылымдағы әр түрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тай таласа және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек бұл кәсіпкерлік құрылымдарын материалдық базасы жеке меншік инвестициалар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандай болмасын мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойьіп мемлекеттік емес коммерциалдық емес құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағыттылған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы муліктерімен қаражаттары, сондай-ақ дагиытуға бөрілөтін нөсиөлөр өсөбінөн, ағымдағы заңдардың көлемінде жүзегв асырылатын шаруашылық және басқа да коадмерциалық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажет тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетімізде сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болатындықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа тиімді.

Осы жайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Ел Басының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актілердің қабылдауына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерлердің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кесіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.

Себебі бюракратиялық аппараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа да деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай - ақ салық салмақтарының кемімеуі.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: ҚР - ның азаматтар мен заңды тұлғалары, сондай - ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады, ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік - аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлік көзқарастардан бөлек келешегі бар концепцияда адамның мынандай іс - қимыл - әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай негізгі екі типке бөлінеді: бастапқы базистік еркін - ерікті қызмет және қондырма еріксіз қызмет.

Біріншісі кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жүзеге асырушу тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары меи әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат мүліктеріне негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленеген шектен шықпаулары қажет. өйткені мемлекет мүддесіне яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі мүмкін.

Кәсіпкерлік мемлекеттің зкономикасының басты элементі болып есептеледі, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшелінеді. Мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік (коммерциалық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толы жекешелендірген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкөрлік қызметке араласады.

Бұл турасында ҚР азаматтық кодексінің 10 бабында айтылған. "Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сүранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару қүқығына негізделген ынталы қызмет". Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік беру қажет. Кәсіпкер деп өз атынан және өз қаражаттары есебінен тауарлармен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жүмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті үдайы неізінде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген.Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мелекет, мемлекөт атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.

Дәл осы жерде кәсіпкерліктің қүқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді.Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақты тарап заң жүзінде тең құқықты.

Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалынатын әрекет жөнінде нормативтік -құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.

Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіл, зкономикалық негіз ретінде жеке меншік нысаны құқықтық негізгі ретінде заңдар бар.

Кәсіпкерлік қызметті жузеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай -ақ осы қызметтпен айнальюуға патент алған кезде бастап құқығы. Патент бір мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.

Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында;мердігерлік шарт және өзге де азаматтық құқықтық шарттар неізінде бір жолғы жұмыс атқаратын;көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерді немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін (коммөрциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер,(командиттік) сенім серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер, өндірістік кооперативтер жатады.

Сонымен ҚР-дағы кәсіпкерлік екіге бөлінөді деп айта аламыз.Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді.Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар құқықтық негізі болып табылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 95 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав