Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

 

Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға қарағанда басым көпшілігі екені белгілі. Кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдар құқықтық нысандарының белгіленуі арқылы белгілі бір заңды тұлғаға айналады. Ұйымның құқықтық жағдайы кәсіпкерлік аясындағы экономикалық функцияны жүзеге асыруына заңды жағдай туғызады. Ең бастысы ұйымның азаматтық құқық субъектісі болуы қажет, ал азаматтық құқық субъектілікке тек заңды тұлға ғана ие болады.

Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның мына төмендегідей ұғымы берілген "меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтыр мен міндеттемелерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп табылады ".

Осыған орай әрбір заңды тұлғаның өзіне тән дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін заңда өзгеше айтылмаса жарғы не құрылтай шартымен жарғысы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалар өз қызметтеріне байланысты коммерциялы және коммерциялы емес болып бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін коммерциялық ұйым, не мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін- коммерциялық емес ұйым заңды тұлға бола алады. Ал осы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік және өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға мекеме қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысыандарда құрыла алады. Осы ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналысады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстан аумағындағы коммерциялық заңды тұлғалардың құрылу құқықтық нысандары мына бағытта дамыған: мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері және өндірістік кооперативтер. Отанымыздағы кәсіпкерлік женіндегі заңдардың дамуы 1990 жылғы 11 желтоқсаннан басталған болатын. Осы уақыттың ішінде қабылданған басқа да заңдарга сәйкес кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық нысандары көзделген болатын:

> Қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар және олар құратын бірлестіктер;

> Шаруашылықтар және өзге де қоғамдар мен серіктестіктер;

> Қорлар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар өзге де қоғамдық ұйымдар;

> Жекеменшік кәсіпкерлік ұйымдар;

Енді осы жоғары да аталған кәсіпкерлік нысандарын мұқият қарастырамыз. Кәсіпорындардың әр-түрлі меншік түрінде құрылатны белгілі және бұл жағдайлар меншік туралы және кәсіпорындар туралы Заңдарда көзделген болатын.

Бұлардан басқа мемелекеттік меншікке негізделген мынадай кәсіпорындарды құру көзделген болатын:

1. Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының жалпы мемлекеттік мәселелерін шешу мақсатында құрылатын мемлекеттік республикалық кәсіпорындар;

2.Тиісті аумақтың тұрғылықты халқының әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін құрылатын коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар;

Негізінде осы аталған кәсіпкерлік нысандары еліміздегі орта және шағын кәсіпкеліктің өсіп дамуына байланысты басқаша түрлерде де құрылулары мүмкін.

Кезінде құрылған шағын кәсіпорындар кәсіпорындар деп танылған болатын, Бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қателік болып табылғаны белгілі. Сондықтан шағын кәсіпорындардың барлығы азаматтық кодексімен көзделген коммерциялық ұйымдардың бірі ретінде қайтадан тіркеуден өткен болатын.

"Шаруашылық серіктестері және акционерлік қоғамдары туралы " заңға сәйкес шаруашылық серіктестіктердің мына келесідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған еді. Олар:

1. Толық серіктестіктер;

2. Сенім серіктестігі:

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

5. Акционөрлік қоғам түрінде құрылуға тиісті серіктестік;

Енді осы кәсіпорындардың ұйымдарының әрбір түрлеріне азаматтық заңдарға сүйене отырып сипаттама береміз. Бірінші қарастыратынымыз мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде жеке бөліп ашып көрсететініміз шаруашылық жүргізу құқығына негізделген шаруашылық кәсіпорындар.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қысқаша сипаттамасы:

1. Мемлекеттік көсіпорьіндар құқығына негізделген жөне шаруашылық жүргізу құқығына негізделіп екіге бөлінеді;

2. МемлекеттІк кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арсында бөлуге болмайды;

3. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық аталымында оның мүлкі көрсетілуі тиіс;

4. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлекетгік органның шешімі бойынша құрылады;

5. Мемлекеттік кәсіпорын органы уәкілдік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады;

6. Мемлекеттік кәсіпорынды тарату және қайта құру оның құрылтайшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады;

Енді шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынға сипаттама береміз.Кәсіпорыннның атқаратын қызметтерінің құқықтық жағдайлары ҚР азаматтық кодексінде ҚР Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы "Заң күші бар жарлығында және т.б. нормативті актілерде көрініс тапқан болатын.

Мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты кәсіпорындар республикалық және комумналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді.

Республикалық меншіктегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізімін ҚР үкіметі бекітеді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды әкімдер бекітеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі бағыты қоғам және мемлекет мұқтаждықтарымеи айқындалған әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешу болып табылады. Осыған орай мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметтерін:

Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілік материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге және қоғам мүддесін қорғауға;

> өндірістің жеке бизнеспен қамтылмаған немесе айтарлықтай қамтылмаған аялары мен салаларында тауар өндіруге;

> мемлекет монополиясына жататын немесе мемлекеттік функциялар болып табылатын аяларда қызметтерін жүзеге асыруға бағыттайды;

Мемлекеттік кәсіпорындар жалпы бірдей тәртіп бойынша юстиция органдарына тіркеледі. Кәсіпорындардың бірден-бір құрылтайшы құжаттары құрылтайшы бекіткен жарғы болып саналады. Жарғыда кәсіпорын атқаратын қызметтің бағыты мен мақсаты көрсетілуге тиісті.

Мемлекеттік кәсіпорындар тек мына аяларда құрылып, қызмет атқара алады:

1. банктік, сақтандыру жене т.б. қаржылық қызметтері;

2. қару -жарақ, оқ -дәрі, қорғаныс құралдары, әскери техникаларды және олардың жабдықтарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, өткізу және жою;

3. уранға және олардан жасалатын материалдар мен заттарға байланысты кейбір жұмыстардың түрлері, сондай-ақ белгілі бір жағдайда құрамында радиоактивті заттар бар өнімдерді жасап шығару және өткізу;

4. медикаменттерді, дәрілік құралдарды және еңбек препараттарын медициналық жабдықтар мен саймандарды жасау және өткізу;

5. мемлекеттің монополиясына жататын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асырудың арнайы тәртібі белгіленген аялардағы қызмет;

6. тікелей мемлекеттік бақаруды қажет ететін энергиямен, сумен жене жылумен жабықтау, магистральді көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы, сондай-ақ басқа да өмірге қажетті жүйелер.

Азаматтық заңдарға сәйкес жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестіктер деп аталады

Шаруашылық серіктестіктері кәсіпкерліктің кеңінен тараған нысанына жатады. Осы нысан шеңберінде қандай да болмасын кәсіпкерлік коммерциялық қызметті жүзеге асыруға болады. Мысалы, өндірістік, сауда делдалдық, несиелік-қаржылық, сақтандыру және т.б. Осы қызметтер шаруашылық серіктестік аумағында жүзеге асырылса 1995 жылғы 2 мамырдың ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестері туралы " Заң күші бар жарғысымен реттеледі.

Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам- нысандарында құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын міндетті түрде нотариатта куәландыруға тиісті. Құрылтайшылардың салымдар есебінен құрылған сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестіктерінің әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы, серіктестіктің жарғылық қорына олар салатын салым мелшер құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; Серіктестіктің жарғылық қорына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер және заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін, Шаруашылық серіктестігінің жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуы қажет. Айта кететін бір жайт, осы шаруашылық серіктестік нысандарының ішіндегі кәсіпкерлер ұнататын түрлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, толық серіктестік және акциоенерлік қоғамдар болып есетелінеді.Ал ең аз қолданатыи нысандары сенім серіктестіктері және қосымша жауапкершілігі бәр серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының нысандарына, мәртебелеріне, сандарына тоқталып, қысқаша сипаттап өтейік, Нысаны бойынша толық серіктестік тек жеке тұлғалардан тұрады және олардың саны екі адамнан кем болмауы керек.

Сенім серіктестігі толық серіктестікерден және салық салушылардан тұрады. Сан жағынын екі адамнан кем болмауы керек және олар міндетті түрде бір толық серіктен және бір салым салушылардан тұруы керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрамы заңды және жеке тұлғалардан тұрады, қатысушылар саны бір адамнан отыз адамға дейін болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің де қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Қатысушьшар бір адамнан отыз адамға дейін болуы мүмкін. Жабық акционерлік қоғам нысандары шаруашылық серіктестігінің қатысушылары жеке және заңды тұлғалар болып белгіленеді және заң сан мелшері бірден елуге дейін жеткізіледі.Акционерлік қоғамнан басқа шаруашылық серіктестігінің акциялар шығаруға құқығы жоқ. Ашық акционерлік қоғамдар да жеке және заңды тұлғалардан тұрады, сондай-ақ олардың санына шек қойылмайды. Осы қатысушылардың заң жүзінде белгіленген өздеріне тән құқықтары мен міндеттері бар.

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав