Читайте также:
|
|
Пәні бойынша лабораториялық сабақтарға методикалық нұсқаулар
Лабораториялық жұмыс № 1 - 2.
Мәселелік оқытудың әдісі бойынша жоба. Тақырыбы: «Әртүрлі залалсыздандыру тәртібтерінің микроорганизмдердің жойылуына тигізетін әсері. Физикалық және химиялық әдістердің зазалсыздандыру тәртібінің тиімділігін зерттеу».
Мақсаты: студенттерді зертханада және практикада қолданылатын залалсыздандыру тәсілдерімен таныстыру және олардың микроорганизмдердің жойылуына тигізетін әсері.
Залалсыздандыру – объектілерді микроағзалардан толық тазарту. Бұл тәсіл микробиологиялық практикада кең қолданылады. Залалсыздандырудың бірнеше тәсілдері белгілі. Көп жағдайда қыздыру арқылы залалсыздандыру қолданылады.
Фламбирлеу – тек қолданар алдында ілмектерді, инелерді, шпательдерді, ұсақ металл заттарды (қайшыларды, жабын шыныларды) от жалынында қыздыруға болады.
Құрғақ ауамен залалсыздандыру – оны көбіне құрғақ материалдарды, ыдыстарды өңдеуге қолданылады. 2 сағат бойы 170 - 200˚С электр кептіргіш шкафта іске асырады. 170˚С жоғары температуралар мақталы тығындар, қаағаздар жарамсыз болып қалады. Залалсыздандыру алдында ыдыстарды мақталы тығынмен жабады, қағазбен орайды. Залалсыздандырған ыдыстарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін шкафты салқындағаннан кейін ашады. Не ыстық және салқын ауаныңғ кездесуінен шыны ыдыстар жарылуы мүмкін.
Ағымдағы бумен залалсыздандыру – ағымдағы бумен құрғақ бумен залалсыздандыруға шыдамайтын заттарды, коректік орталарды өңдейді. Бұндай залалсыздандыру Кох қайнатқышында іске асырылады.Оны 3 күн бойы 30 минут ұзақтығымен жасайды.
Қысым астында қаныққан бумен залалсыздандыру – тұрақты споралардың қырылуына алып келетін залалсыздандырудың жылдам және сенімді тәсілі болып табылады. Бұл тәсілмен ыдыстарды және коректік орталарды залалсыздандырады. Қысым астында қаныққан бумен залалсыздандыру автоклавта жүзеге асады.
Биотехнологиялық өндірісте және олардың жекеленген кезеңдерде биотехнологиялық өнім алу кезінде асептикалық жағдайларды талап етеді. Асептикалық жағдай деп контаминаттардың түсуіне кедергі жасайтын шараларды айтады. «Контаминат» деген термин деп бөгде микрофлораны немесе ластағыш микроорганизмдерді айтады.
Жұмысты жүргізу барысы:
Лабораториялық жұмыс бірнеше кезеңде орындалады. Бірінші сабақта студенттер зерттелетін объектілерді әртүрлі термиялық жағдайларда, әсер ету дозалары және химиялық өңделген жолдармен залаласыздандырады.
Зерттеу объектісі ретінде бірнеше микроорганизмдер суспензиясы алынады: бактериялар, ашытқылар, микомицеттердің споралары.
Микроорганизмдердің суспензиялары термо, ультракүлгін сәулелері және сірке қышқылының әсерімен өңделеді.
Микроорганизмдердің жоюлуына температураның әсерін қарау үшін:
1. 3 пробиркаға 10 мл суспензияны пробиркаға құю керек;
2. 10 мин 100 0С қыздырады, содан соң 1 тамшы тамыз қоректік орта бетіне егесіз, Петри табақшаның бетін шпательмен жаймалайсыз;
3. 10 мл суспензияны пробиркаға құйып, 15 мин 120 0С қыздыру керек, содан соң 1 тамшы тамыз қоректік орта бетіне егесіз, Петри табақшаның бетін шпательмен жаймалайсыз;
4. 10 мл суспензияны пробиркаға құйып, 25 мин 150 0С қыздыру керек, содан соң 1 тамшы тамыз қоректік орта бетіне егесіз, Петри табақшаның бетін шпательмен жаймалайсыз;
5. Петри табақшаларды 3 тәулікке 37 °С өсіреді.
Ескерту: алғашқы суспензиядағы микроорганизмдердің жалпы санын анықтау керек. Ол үшін реттік сұйылтулар жасау керек, 103 дәрежесін қоректік орта бетіне егу керек.
Сәулелену дозасының әсерін тексеру үшін алғашқы микроорганизмдер суспензиясын залалсызданған пипеткамен алып Петри табақшаның бетіне тамызып, Петри табақшаның бетіне шпательмен жаймалайды егісіз. Петри табақшаларды бактерицидтік лампаның астына 10 мин қоясыздар. Келесі Петри табақшаларды тағы 10 мин ұстап тұру керек. Келесі Петри табақшаларды тағы 10 мин ұстап түру керек. Содан соң Петри табақшаларды термостатқа қоясыздар.
Органикалық қышқылдардың микроорганизмдерге әсерін тексеру үшін алғашқы суспензияларды дайындап, оының үстіне сірке қышқылын қосасыздар. Сірке қышқылын қосу келесе таблица көрсетілген (таблица 1).
1. Реагентты қосу сызбасы:
Пробирканың нөмері | ||||
Суспензияның мөлшері, мл | ||||
Сірке қышқылының мөлшері, мл | 0,01 | 0,02 | 0,03 | 0,04 |
Сірке қышқылын қосқан соң пробиркаларды шайқайды, 15 мин қояды. Содан соң әрбір пробиркадан 1 тамшы алып Петри табақшаның бетіне егеді. Петри табақшаның бетіне шпательмен жаймалайсыз. Петри табақшаларды термостатқа қою керек, 300С.
Лабораториялық жұмыс бойынша есеп беру:
1. Лабораториялық жұмыстың аты.
2. Жұмыстың мақсаты.
3. «Асептикалық жағдайлар», «залалсыздандыру», «пастеризация» деген термин нені білдіреді.
4. Асептикалық жағдайларды жүргізудың сызба нұсқасын келтіру.
Бақылау сұрақтары:
1. Асептика дегеніміз не.
2. Қоршаған ортаның қандай факторлары бактерицидтік әсер етеді.
3. Жоғарғы температураның, химиялық қосылыстардың микроорганизмдердің жоюлуына әсер етуінің себептері неде.
4. Пастеризацияның залалсыздандырудан ерекшелігі неде?
5. Асептикалық жағдайларды қамтамасыз ету үшін қандай химиялық қосылыстарды пайдаланады?
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 137 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
|