Читайте также:
|
|
Тақырыбы: «Биотехнологиялық өндірістегі ауыз суының микрофлорасы. Судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша санитарлық бағалау».
Суда микроорганизмдер саны өте көп болады, олар автохтонды микрофлораға жатқызылады, ал жауын шашын, ағынды сулар немесе басқа да ластағыштар арқылы түсетін сулардығы микроорганизмдерді – аллохтонды деп айтады. Судағы микроорганизмдер саны және олардың түрлік құрамы бірнеше жағдайларға байланысты (қор заттардың мөлшері, температура, аэрация, тотығу-тотықсыздану жағдайлары, рН).
Жұмыстың мақсаты: Биотехнологиялық өндірістегі ауыз суының микрофлорасын және судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша санитарлық бағалау жасау.
Тапсырма:
1. Әртүрлі су үлгілеріндегі жалпы микробтық санды анықтау.
2. Судың коли-титрін және коли-индексын анықтау.
Жұмысты жүргізу барысы:
Қоректік орталарды және материалдарды дайындау. Петри табақшаларды, пробиркалар, пипеткалар, бутылка немесе флакон.
Қоректік орталар: 0,85% NaClерітіндісі – 300 мл, ЕПА қоректік ортасы – 300 мл; глюкозасы бар қоректік орта – 300 мл; Эндо қоректік ортасы – 300 мл; концентрленген КОДА немесе Кесслер ортасы – 300 мл; нормальды КОДА немесе Кесслер ортасы.
Судың үлгілерін алу: судың санитарлы-бактериологиялық зерттеу жұмысын жүргізу үшін флакон немесе бутылкаға 500 мл үлгі алынады. Суды 10-15 см тереңдіктен аласыз.
Су үлгілері:
1. Үй жағдайындағы су;
2. Қардың суы;
3. Биотехнология кафедрасының суы;
4. Весновканың суы;
Судың микробтық саның анықтау:
Әрбір үлгіден Петри табақшаның бетіне 30 немесе 300 аспайтын колониялар өсу керек. Кесте бойынша жалпы микробтық санды анықтау үшін алынатын судың мөлшері:
Зерттелетін судың үлгісі | Судың көлемі, мл |
Биотехнология кафедрасының суы | 1 мл |
Үй жағдайындағы су | 1 мл |
Қардың суы | 0,1 мл |
Весновканың суы | 0,01 мл |
Судың белгілі мөлшерін алып Петри табақшаға тамызып, оны үстіне 45-500С температурада салқындатылған ЕПА қоректік ортасын құю керек, содан соң Петри табақшаны жақсылап араластырып 37 0С өсіру керек.
Келесі сабақта өскен колониялардың жалпы санын санау керек, судың 1 мл мөлшеріндегі микробтық саның анықтау қажет.
Кәдімгі ішетін судағы жалпы микроорганизмдер саны – 100 колониядан аспау керек; ал ластанған сулардағы жалпы микробтық саны – 500 колония немесе одан көп.
Судың коли-индекс және коли титрін анықтау. Коли-титр – ішек таяқшалы бактериялар тобының судың минимальды мөлшерінде болуы (мл). Коли – индекс - ішек таяқшалы бактериялар тобының 1 мл зерттелетін суда кездесуі. Бұл көрсеткіштерді бірнеше әдіспен анықтайды: ашу (титрациялық) әдіспен немесе мембранды фильтрлеу әдісімен.
Зерттеу үшін судың 100 мл, 10 мл, 1 мл және 0,1 мл алу керек. Берілгін судың көлемін (100 мл және 10 мл) концентрленген Кесслер немесе КОДА қоректік ортасына егу керек, қоректік ортаның түбіне мақта салу қажет. Ал судың 1 мл және 0,1 мл нормальды Кесслер немесе КОДА қоректік ортасына егу керек. Үлгілерді 24 сағат 37 0С өсіру. Егерде егілген флакондарда қышқыл және газ түзілмесе, онда теріс нәтиже береледі. Зерттеуді тоқтатуға болады.
Егерде флакондар мен пробиркаларда лайлану, қышқыл, газ түзілсе, онда тұзақпен Эндо қоректік ортасына егу жүргізіледі. Эндо қоректік ортасын 4 бөлікке бөліп, тұзақпен егу жүргізу керек. Петри табақшаларды 37 0С өсіру қажет. Егерде Эндо қоректік ортасының бетінде қызыл, қызғылт немесе жылтыр колониялар өссе, онда колонияларды алып одан Грам әдісі бойынша бояу, микроскоп арқылы қарау керек.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 177 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |