Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бірінші семестрлік жұмыстарды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Читайте также:
  1. Айлық балада секреторлы диарея. Аздап сусыздану бар. БАБЖ бағдарламасы бойынша қанша уақыттан кейін қайта қарау керек?
  2. Аллергиялық әсерленістердің III түрі бойынша, басымырақ дамитын
  3. Анатомия модульі бойынша тест сұрақтары
  4. Бірінші реттік.
  5. Бірінші сұрақтын мәтіні
  6. Бірінші сұрақтын мәтіні
  7. гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар
  8. Гераклдың он екінші ерлігі бойынша әлем жаралуы туралы өз ойыңыз.
  9. Дәлелді медицина» пәні бойынша қорытынды білімді және дағдыны бағалауға арналған бақылау сұрақтары

Экономикалық теория курсы бойынша 2 семестрлік жұмыс орындалады. Семестрлік тапсырмаларды берудің мерзімі семестрдің 1-2 аптасы. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімі: бірінші жұмыс – 4 апта, екінші жұмыс – 6 апта. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімін сақтау студенттерді аттестациялау мен емтиханға жіберудің шарты болып табылады.

Жұмыс жазбаша орындалады. Тақырып номерін таңдау сынақ кітапшасы номері шифрінің соңғы цифрлары бойынша жүзеге асырылады.

«Экономикалық теория негіздері» бойынша семестрлік жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

- жұмысты өз бетінше шығармашылық тұрғыдан орындау;

- тақырып сұрақтарын терең, ғылыми баяндау;

- қарастырылып отырған сұрақтардың шетелдік және отандық экономикалық тәжірибемен тығыз байланысы;

- Қазақстан экономикасындағы талданып отырған экономикалық құбылыстар мен процестердің өтуін және пайдаланудың ерекшеліктерін міндетті зерттеу;

- жұмыстың теориялық жағдайын көрсету үшін сандық және нақты материалдарды пайдалану;

- семестрлік жұмыс қарапайым, анық тілде жазылуы керек, бірақ ол кезде студент экономикалық терминологияны меңгергенін және оны еркін талдап бере алатындығын көрсете алу керек;

- жұмыс тексін толығымен оқулықтардан, оқу нұсқауларынан көшіруге, дайын оқу жұмыстарын ұсынушы интернет сайттарынан көшіріп алуға болмайды;

- экономикалық ғылым дамуының қазіргі жағдай талаптарына жауап бермейтін ескірген ережелер мен бекітулерді пайдаланудан қашу керек.

Тақырыпты таңдағаннан кейін, оны оқулықтар, сонымен қатар арнайы таңдалған қосымша әдебиеттер бойынша зерттеу қажет. Бұл алдын-ала жұмыс берілген тақырыптың мазмұны мен негізгі сұрақтарын терең талдауға және түсінуге көмектеседі.

Жұмысты жазуды бастамас бұрын ойланып жоспар құрыңыз. Жоспар – жазбаша жұмыстың логикалық негізі, тірегі. Тақырыптың құрылымы, мазмұны, бөліктерінің логикалық байланысы, ашылу тереңдігі жоспардың дұрыс құрылуына байланысты болады. Жоспар студенттің әдебиеттерді және барлық қажетті материалдарды қаншалықты терең зерттегенінің және оның ішінен ең қажеттісін дұрыс таңдағандығының маңызды көрсеткіші. Сондықтан дұрыс құрылған жоспар қандай да бір деңгейде автордың қарастырылып отырған мәселені толығымен және оның жеке бөліктерінің мазмұнын түсіну бойынша жұмысын куәландырады. Бұл жерде жоспардың сапасының жұмысты бағалауға елеулі әсер ететіндігін көруге болады. Жоспарға, сіздің көзқарасыңыз бойынша, тақырып сұрақтарының 2-3 анағұрлым маңыздылары шығарылады. Жоспарға көп сұрақтарды шығарудың қажеті жоқ, себебі бұл шектеулі жұмыс көлемі кезінде тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жоспарға экономикалық теория негіздері курсы бағдарламасында берілген сұрақтарды көшіріп жазуға жол берілмеуі керек, өйткені бұл қарастырып отырған мәселенің мазмұнын ашпауы мүмкін.

Мысалы, «Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары» тақырыбы бойынша жобалы жоспар келесідей болады:




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав