Читайте также:
|
|
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
Айта Өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері
Ресессанс – қайта өрлеу
Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі /Николай Кузанский, Пико Делла Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б./ адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытта дүниеге әкелсе, екіншісі /Николай Макиавелли, Томас Мор, Томаз Компанелло/ адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшіншісі /Н. Коперник, Д. Бруно, Г.Галилей/ табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйене түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты. Пантейзм - (гр. Pan – бәрі және tcheos-құдай) - құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантейзм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса (мыс. Бруно және Спиноза) қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туалы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |