Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дж. Локктың таза тақта концепциясы

Читайте также:
  1. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз
  2. Кесте 2- Қаржылық есептіліктің концепциясы

Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүнеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта».

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) ағылшын философы, психологі, педагогі. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе»т.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оғанқосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылықалыптасқан деді. Локктың танымтеориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1. адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.

Психиканың қалай қалыптасқанын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз.Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі - күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі - сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.

Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін істің барлығы - игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.

Англияда философияда «идеалистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли және Д.Юм деген ойшылдар қалады.

43. Платон және Аристотель философиясы

Аристотель ( грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка,логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуініңфилософиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.

Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.

§ 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.

§ 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.

§ 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

1. себептілік;

2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;

3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 126 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав