Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кесте 2- Қаржылық есептіліктің концепциясы

Читайте также:
  1. B) кестесіз
  2. Lt;variant>әкімшілік занының нормаларымен көрсетілген іс - әрекеттер үшін жауаптылықтың сәйкестелінген шарасы
  3. Дж. Локктың таза тақта концепциясы
  4. Кесте 1 - Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың түрлері
  5. Кесте 1.2
  6. Кесте 3- «Алма» фирмасының 20__ жылдың айындағы шоты бойынша айналым тізімдемесі.
  7. Кесте 4- Ақша қаражаттарының есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
  8. Кесте 5- 1220, 1240, 1230 шоттар бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы
  9. кесте. Минералды заттардың көзі және олардың физиологиялық функциялары
  Арнайы сұрақтар ортасы
Кәсіпорында қаржылық есептілікті ендіру мақсаты:   Қаржылық есептің мақсаты мен міндетін анықтайды. Есептілікті пайдаланушылар инвесторлар, кредиторлар және өзгелер пайдаланушы ретінде анықталады. Пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын қаржылық есептілікті дайындау мақсатын тізбелейді.(перечислет) Бухгалтерлік есептің концепцияларының шеңберінде болашақты көрсетеді.
Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары. Қаржылық есеп берудегі ақпараттарды бағалау үшін бухгалтерлік есеп сипаттамаларын бекітеді. Сипаттамалары: Түсініктілігі, орындылық, маңыздылық, сенімділік (ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңына сай түсініктілік; орындылық; сенімділік; салыстырмалылық;).
Қаржылық есептілік элементтері. Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпараттарда классификациялау критерлік бекітеді. Қаржылық есептілік элементтері: Активтер Міндеттемелер Капитал / таза активтер Кіріс Зиян Пайда
Тану немесе өлшеу Қаржылық есеп беруді ұсынуға қажетті жағдайларды анықтау үшін критерлік бекітеді. Тану критериі Өлшеу критериі
  Бухгалтерлік есеп принциптері: — есептеу; — үздіксіздік; — түсініктілік — орындылық; — маңыздылық; — сенімділік; — шынайы ұсыну; — маңыздылықтың басым болуы; — бейтараптылығы; — мұқияттылық, ұқыптылық; — толықтылығы; — салыстырмалылығы; мерзімділігі.

 

2. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: есептеу принципі, үздіксіз қызмет ету принципі.

Кез келген ғылымның,соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципі-нің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағы-насы жағынан -бастамасы,негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттардық мәлімет-тердің қажеттілігін анықтайды.Субъектілердің қаржылық есептерінің мақсаты пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттық қажеттілігінің ерекшелігін көрсететін қаржылық есептерді талап етуге мүмкіндігі жоқ олар үшін пайдалы субъектілердің ақша қаражатының қаржылық жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық есептер субъектінің басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқарудың нәтижелерін де көрсетеді.ҚР бухгалтрлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының 5-бабында көрсетілген. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары

1. Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері болып табылады.

Есептеу принципі

Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер,шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

Үздіксіз принципі

Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

3.Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамасы. (түсініктілік,бейтараптық, тұрақтылық, толықтылық,сәйкестілік, барлап-байқаушылық және т.б.)

Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамасы

— есептеу;

— үздіксіздік;

— түсініктілік

— орындылық;

— маңыздылық;

— сенімділік;

— шынайы ұсыну;

— маңыздылықтың басым болуы;

— бейтараптылығы;

— мұқияттылық, ұқыптылық;

— толықтылығы;

— салыстырмалылығы;

мерзімділігі.

Дәріс 5. 1.Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы.

2. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері.

 

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы ж/е талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте ж/е сол жерде бастапқы тіркеу.

Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады. Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және басқалар түгенделуге тиіс.

Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды-жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың, тергеу органдарының талабы бойынша ж/е т.б. жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен ресімделеді.

Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр.

Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтацу әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарындатіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде ж/е басқа шоттың кредитінде жазылады.

Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге, әдетте айдың 1-күніне экономикалық топтастырудың әдісі.

Кәсіпорынның қорлары бухгалтерік баланста ақшалай өлшеммен екі топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін, екіншісі – олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді, яғни баланс кесте түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы актив, ал екінші жағы – пассив аталынады. Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең, өйткені оларды бір ғана мүлік көрсетіледі, бірақ бір жағынан құрамы мен орналасуы бойынша, екінші жағынан оның пайда болу көздері бойынша көрініс табады.

Бухгалтерлік есеп маңызы мен мақсатын толық орындау үшін оған көптеген талаптар қойлады:

1-ден бүкіл халық шаруашылығы бойынша есеп көрсеткіштерін есептеу тәсілі бір сче болуы шарт.

2-ден есеп жүргізу дәлелдікті және әділ шындықпен дұрыстауды талап етеді. Мүндай талапқа жауап бермеген есеп өз маңызы мен мазмұнын жоғалтады.

3-ден есеп жүргізу дәл өз уақытында, сол сәтте уақыттында орындалған есеп көрсеткіштері тексеру, талдау және шешім қабылдау жұмыстарын тездетеді.

4-ден есеп жүргізудің маңызы толық түрде жүзеге асуы. Муның өзі есеп көрсеткіштерінің барлығы дерлік қамтамасыз етілуін талап етеді. Нәтижеде дәлелді тамамдалған қорытынды жасап, басқару процестерін іске асыруға болады.

5-ден есептің тиімді ж/е үнемді іске асырылуы. Яғни есеп жұмысына жүмсалынатын шығындар барынша аз болуы қажет. Бұл талап есеп жұмысын әрі қарай жетілдірудің ж/е де оған кеңінен есеп машиналары мен осы замандағы компьютер жүйелерін енгізуді білдіреді.

6-дан есеп көрсеткіштері мен реттеуді қажет ететін жоспарлы тапсырмалар жүйесінің салыстырмалы жолдарға ыңғайлылығы.

Жоғарыда қарастырып өткен талаптарды өз уақытында тығыз байланыстырып орындаудың нәтижесінде кәсіпорындар қызметін басқару ж/е қаржы қалыптастыру бағытында аса маңызды жұмыстарды орындауға болады.

2. Қаржылық есептілік элементтері: Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

Қаржылық есептіліктің элементтері дегеніміз олардың экономикалық сипаттамасына байланысты кластарға бөлінген қаржылық бірліктерді айтамыз. Бұл элементтер кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін бағалау үшін маңызды болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей кәсіпорынның мүлкі, оның міндеттемелері мен мүлкінің құралу көзі, шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің обьектілері болып табылады. Кәсіпорындағы маңызды есеп обьектілеріне материалдық емес активтер, негізгі құралдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру мен өндірістьік шығындар, дайын өнім мен оны өткізу, қаржылық нәтижелер жатады.

 

Дәріс 6. 1. Актив, міндеттеме, капитал 2. Ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.

 

Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

Міндеттеме - дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.

Капитал - дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.

2. Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Ағымдағы активтер: ақшалар, қаржылық инвестициялар, тауарлық-материалдық қорлар және дебиторлықборыштар.

Ағымдағы активтер бұл – келесілерге салынған қаржылық ресурстар жиынтығы:

- тауарлы материалдық қорлар;

- болашақ кезең шығындары;

- ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері;

- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;

- қысқа мерзімді дебиторлық борыш.

Осылайша қысқа мерзімді активтер өндірістік және өндірістік емес сферада ұдайы айналымда болады. Өндірістік сферадағы қысқа мерзімді активтерге шикізат қорлары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдер, сондай ақ есеп айырысу активтері жатады. Олар қысқа мерзімді активтерді сатып алуға аванстар, алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, және басқа да дебиторлық борыштар жатады.

Ұзақ мерзімді активтердің мәнділігі. Айналымынан тыс активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер және ұзақ мерзімді инвестициялар.

Ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субьектінің өндірістік процессіне бірнеше рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданылуымен ерекшеленеді. Негізгі құралдар –ұзақ уақыт мерзім ішінде еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс сферасында және матералдық емес сферада пайдаланылатын материалдық активтер болып активтер болып табылады. Негізгі құралдарға келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскелері, ғимарат, құрылымдар), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентар, арнайы құралдар және басқа да негізгі құралдар.

Материалдық емес активтер түсінігіне физикалық үлгісі жоқ, ұзақ мерзімді қолдану объектісіне жататын құндық бағасы жоқ бірақ табыс әкелетін қабілеті бар объектілер жатады. Материалдық емес активтер өндірістік – шаруашылық қызметіне, белгілеуіне және қызметіне қарамастан топтарға бөлінеді: фирма құны, тауарлық белгісі, «Ноу-хау», «Авторлық құқық». Мүлік құқығына келесілер жатады: жерді қолдаеу құқығы, қайнаулар, су ресурстары және т.б. Өзге материалдық емес активтерге жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеулік өңдеулер, білікті конструкторлық өңдеулер.

Міндеттеме - бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті.

Баланстың пассив бөлігінде міндеттемелер деп аталынатын тарауымыз екі бөлімнен тұрады

1. Қысқа мерзімді міндеттемелер

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер..

Қысқа мерзімді міндеттемелер –бұл:

- ұйымның жай операциялық циклі жүру барысында жабылатын міндеттемелер;

- сату операциясы үшін ұсынылатын міндеттемер;

- баланс күшінен кейін 12 ай ішінде орындалуға жататын міндеттемелр;

- баланс күшінен кейін 12 ай ішінде жабу мерзімін ұзартуға бұлтарыссыз қызығы жоқ ұйым үшін міндеттемелер;

Кейбір қысқа мерзімді міндеттемелр мысалы, кредиторлық берешек жабдықтаушыларға, есептелген шығындар (мысалы, еңбекақы төлеу бойынша немесе басқада шығындар операциясы) қарапайым операциялық цикл шегінде қолданылатын айналым капиталының бөлігі болып табылады. Бұндай тауарлар баланс күшінен кейін 12 айдан асса, егер олар уақытында жабуға жатса, осы жағдайда міндеттемелр қысқа мерзімді болып топтастырылады. Активтер мен міндеттемелерді топтастыру үшін сондай –ақ қарапайцым операцияолық цикл қолданылады.

Қысқа мерзімді міндеттемер мысал болып қаржылық міндеттемелер, сату операциясы үшін ұсталынатын, банктік овердрафтар табылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді құрайтын қысқа мерзімді, есептелінген дивиденттер, пайдаға салықтар және басқа да кредиторлық берешектер болып табылады.

Жабу уақыты баланс күшінен кейін 12 ішінде басталмайтын ұзақ мерзімді негізінде қаржыландыруға қамтамасыздандырлған (яғни, айналым капиталының бөлігі болып табылмайтын) қаржылық міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады.

Субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:

1) субъект оны кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі барысында өтеуді болжайды;

2) субъект міндеттемені негізінен сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;

3) субъект міндеттемені есепті кезеңнің аяғынан бастап он екі ай ішінде өтеуді болжайды; немесе

4) субъектінің осы міндеттемені өтеуді есепті кезеңнен кейін кемінде 12 айға қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.

Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс.

 

2. Меншікті капиталдың құрамы мен сипаттамасы.

Меншікті капитал – бұл барлықміндеттемелер шегеріліп тастағаннан кейінгі кәсіпорын активтері. Бұл анықтама баланстың теңдеуден келіп шығады.

Актив = Капитал +Міндеттеме, нәтижесінде

Меншікті капитал = Актив - Міндеттеме.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген пайда;

Кәсіпорындар өздерінің қызымет атқару барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызыметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атауы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған

3. Табыстар мен шығыстар (залалдар) туралы есептегі қызметінің қорытындысын өлшеумен тікелей байланысты элементтері болып пайда мен шығындар табылады.

Табыстар капиталға қатысушы тұлғалардың салымымен байланысты өсуден жақсы, капиталдың өсіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың түсімінің немесе активтердің өсімінің көбеюі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Шығындар –капиталда қатысушы тұлғалардың қайта бөлуімен байланысты капиталдың төмендеуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың азаюы немесе активтердің азаюының төмендеуі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Табыс және шығыстар туралы есеп ұйым қызметінің қорытындысын өлшеу есебі білдіреді. Табыстар мен шығыстар туралы есептің негізгі элементі болып келесілер табылады:

- Табыстар капиталға қатысушы тұлғалардың салымы мен байланысты өсуден жақсы,капиталдың өсуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың түсуінің немесе активтердің өсімінің көбюі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

- Шығындар – капиталда қатысушы тұлғалардың қайта бөлінуімен байланысты капиталдың төмендеуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстар азаюы немесе активтердің азаюының төмендеуі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Табыстар мен шығыстардың барлық тараулары ағымдық кезіндегі табыстар қосылған уақыт аралығында танылады.

Бірақ, сақтық принципіне сәйкес кейбір тауарлар ағымдық кезеңдегі табыстар мен шығындардан талап етілуі мүмкін. Мысалы, қателерді түзету және тіркеу саясатындағы өзгерістерден әсер.

Сонымен қатар, табыстар мен шығыстардың кейбір тауарлары басқа тауарлары стандарттыңи талабына сәйкес табыстар мен шығыстар туралы есепте есепке аланбайдф, мысалы негізгі қорларды қайта бағалау ХҚЕС 16, шетелдің қызметтері ауыстыру кезіндегі курстық айырмашылықтар ХҚЕС 21, меншікті капиталға жатқызылатын сату үшін қолда бар итнвестиция бағасынан пайдалар\шығындар ХҚЕС39.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 235 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав