Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көне шығыс философиясы: Үнді және Қытай философиясы

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Ақын-жыраулар философиясы

Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі шығыс өркениеттерінің бірі- Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.

Ежелгі үнді философиясының кезеңдерін үш буынға бөліп қарауға болады. Ол кезеңдер мыналар:

1. Ведалық кезең (б.з.д. 1500-600жж).

2. Эпикалық шығармалар дәуірі (б.з.д. 6-3 ғ.ғ.)

3. Философиялық сутралар кезеңі (б.з.д. 3 ғасыр – б.з.2 ғасыры).

Ежелгі үнді философиясының даму тарихы ведалық әдебиет пен брахманизмді танып білу нәтижесінде қалыптасты. Веда текстері – діни мазмұндағы әдебиеттер. Олар б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап жазыла бастаған. Веда текстерінің жазылуының аяқталуы б.з.д. 6 ғасырға тұс келеді. Яғни бұл әдебиет арийлер кезеңінен бастап Үнді елінде алғашқы мемлекеттер пайда болғанға дейін жазылып келген. Бұл құбылыс қоғамның кастаға бөліунімен (варна) байланысты болды.

Веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды 4 жинаққа бөліп қарайды: 1.Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі 4 топқа бөлінеді:

1) Ригведалар (гимндер ілімі).

2) Сама-ведалар (жырлар, өлеңдер ілімі)

3) Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі).

4) Яджур-веда (Құрбан шалу формулалары жайындағы ілім)

ІІ. Брахмандар (веда текстеріне комментарийлер, түсініктемелер).

ІІІ. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары – сопылық жолын ұстап, елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын ұстанған адамдарға арналған тексттер.

ІV. Упанишадтар (Философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы).

Ведалық дүниетаным – ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар комплексі. Ол әрдайым дамуда болған. Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі – сансара ілімі. Үнді діни-мифологиялық сенімі бойынша адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттағы барлық заттар сияқты адам да денеден және мәңгі рухтан тұрады. Сансара ілімі бойынша дене өлген соң, рух басқа денеге көше алады. Мұндағы маңызды мәселе – мәңгілік мәселесі, мәңгі жойылмау туралы пікір. Туу және жойылу заттардың мәнін қамтымай өтеді, олардың тек сыртқы түрі өзгеріп отырады.

Ежелгі Қытай философиясы. Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.

Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.д.д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Олардың қалыптасуына мынадай негізгі алғышарттар ықпал жасады:

1. Қолайлы табиғи климат жағдайларының әсерімен орын алған мәдениеттің жоғарғы деңгейі;

2. Иероглиф негізінде жасалған жазудың қалыптасуы;

3. Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымдарындағы абыздар тобының болмауы;

4. Рухани өмірдегі бәсекелестік, сөз бостандығы, шығармашылық құбылыстарының орын алуы;

5. Қытай білімінің классикалық кітаптарының қалыптасуы.

Ежелгі қытай философиясының қайнар көздері ретінде есептелетін бұл кітаптардың тізімі төмендегідей көрініс алады:

- Ши цзин (б.д.д. ХІ-YІ ғ.ғ.) (жыр кітабы) – ежелгі халық поэзиясының жинағы;

- Шу цзин (б.д.д. 1 мыңжылдықтың басы) (Тарихи аңыздар кітабы) – ресми құжаттардың жинағы;

- Ли шу (б.д.д. ІY- І ғ.ғ.) (Дәстүрлер кітабы) – діни және саяси рәсім, салттарды жүргізу ережелерінің жинағы;

- Чунь цю (б.д.д. YІІ- ІY ғ.ғ.) (Көктем және күз кітабы) – Лу мемлекетінің хроникасы (жылнамалар);

- И цзин (б.д.д. ХІІ- YІ ғ.ғ.) (Өзгерістер кітабы)

Философиялық тұрғыдан қарағанда “Өзгерістер кітабы” аталмыш кітаптардың ішінде ең маңызды болып табылады. Ол екі негізгі бөлшектерден тұрады: 1) каноникалық текстерден және 2) сол текстерге берілген түсініктемелерден.

Каноникалық текстерді 64 гексаграммалар құрайды. Әр гексаграмма шындықтың, қоршаған ортаның, болмыстың белгілі бір күйін суреттейді. Гексаграмма бірінің астына бірі орналасқан 6 сызықшалардан құрастырылады. Өз кезегінде гексаграммалар триграммалардан пайда болады. Алғашқыда “Өзгерістер кітабы” бал ашу кітабы болғандықтан триграммалар былай қалыптасқан: белгілі бір адамға үш рет теңгені (монетаны) тастауға мүмкіндік беріледі; егерде монета оң (“орел”) бетімен түссе, онда “—” белгі, яғни үздіксіз сызықша, “ян” белгісі қойылады, монета (теңге) теріс бетімен (“решка”) бетімен болғанда “– –” белгі, үзік сызық “инь” белгісі сызылған. Сөйтіп, көрсетілген белгілер өзара комбинацияға түсіп 8 триграммаларды береді. Адамда кездесетін түрлі құбылыстарды және заттарды осы триграммалардың үйлесімімен немесе олардың бірімен белгілеуге болады.

Аталмыш 8 триграммалардан құралған 64 гексаграммаларды мантика және философия тұрғыларынан қарасытыруға болады: мантика болжау өнері ретінде ақыл-кеңестер, ұсыныстар арқылы көрініс тауып, ашық, анық түрде орын алады, ал философия жасырын турде берілгендіктен, өз мәнін ашуды талап етеді. “И цзин” кітабындағы философияны инь мен ян туралы ілім сипаттайды. Ежелгі Қытай мифологиясында әлемнің екі негізгі бастамаларын (рухтарын) білдіретін инь мен ян ұлы шығарма беттерінде ұғымдық түрге ие болады.

“Инь” сөзінің мағынасы таудың, жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, “ян” сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 288 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав